аңхай мен
қазіргі қазақ тілінде фразеологиялық тіркес түрінде сақталған «
аңқа - аңқасы кебу » дегендегі
аңқа «
аң -
ауыз қуысы, саңылау, өңеш, жұтатын тесік» мағынасындағы түбірден
шыққандығын көреміз. Ал сөз соңындағы -
ға В. Котвичтің зерттеуінде,
кішірейту, еркелету мағынасын беретін -
ған, -кен, -ған, -ген жұрнақтарымен тығыз байланысты да,
-ты зат есімнен
қатыстық сын есім тудырушы қосымша деп көрсетілген
(60, 105).
Осыған орай, екінші пікірді де келтіре кетуді жөн көрдік. Б.Базылханның сөздігінде
«анга» - қуаң жер, жаңбыр сирек жауатын жер мағынасын білдіреді. Олай болса,
«аңқасы кебу» мен
«қуаң жер» сөздері синонимдес болып келеді.
Аңқаты топонимі - ХІІ ғасырға дейін,
түркі даласына Шыңғыс әскері келгенге дейін қалыптасқан атау. «Итак, мы переправились
через реку Йаганды именно таким способом. После этого таким же образом переправились
через реку Джам (Бұл Жем өзенғ - ¬.Е.). Затем перешли через реки Джахыш, Узил, Эрдэн,
Варыш, потом
Анхаты, Вабна - большие реки» деп жазды А.ибн-Фадлан өзінің күнделік-жол
жазбасында (30, 27). Демек, осы деректерге сүйене отырып,
Анқаты атауы көне дәуірлерде,
түркі-моңғол тілдері туыстастығы кезеңінде қалыптасқан деп топшылаймыз.
Қарғалы - Жәнібек ауданындағы өзен. Қазақстан, Батыс Моңғолия, Сібір, Тува,
Солтүстік Европаға кең тараған атау. Е.Қойшыбаев бұл атаудың тарихи-семантикалық негізін
«сандықтас» ұғымымен байланыстырады:
қарғалы-тастар мол үйілген жер (28, 162). Алайда,
Э.М.Мурзаев бұл терминнің қазіргі кезеңде бастапқы мағынасынан ауытқып,
тайыз және табаны тасты өзен мәнін беретінін айтады (52, 260). Бұл атау түркі-моңғол тілдеріне ортақ
топонимдер қатарына кіреді деп есептейміз. Бұл топонимнің моңғолдық негізін сол тілдегі
«