ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


кут//кат  сөзінің негізінде  қалыптасқан деп есептейміз. Олай болса,  «қотан» сөзі



Pdf көрінісі
бет35/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

кут//кат 
сөзінің негізінде 
қалыптасқан деп есептейміз. Олай болса, 
«қотан»
сөзі
 
«тал»
сөзімен бірігіп, «д
өңгелене, 
топталып өскен тал
» ұғымын беріп тұр. 
Қотантал
топонимін Шығыс Қазақстандағы 
Қотанқарағай
атауымен салыстыру да оларды семантикалық ортақ модель деп қарауға негіз 
береді. 
Нарын'>Нарын
 -
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысындағы үлкен құм мен өзен. 
Нарын
сөзі - қазақ даласына кең тараған атау. Бұл атау тек қазақ даласына ғана кең тарап қоймаған, 
сондай-ақ 
Нарын
атты өзен Қырғызстанда, Тува республикасында, Чита облысында 
Нарынқопа, Нарынқұдық 
атаулары Наманған облысы мен Калмыкияда кездеседі. Бұл 
топонимнің моңғол тілінен енгендігін айта отырып, ғалымдар оның этимологиясы төңірегінде 
бір пікірге келе бермейді. «Моңғолша-қазақша сөздікте» 
«наран» 
- күн, күнгей
ұғымын береді 
десе (55, 118), Э.Мурзаев оны моңғолдың 
«нарийн»
- жіңішке, нәзік
сөзінен шыққан деп 
түсіндіреді (52, 390-391). Шынында да, 
Нарын 
сөзінің беретін мағынасы көп: 1) жіңішке, нәзік; 
2) жинақты, ұқыпты; 3) шебер, қу, айлакер; 4) сараң, қатты. Бұлардың арасында 
Нарын
 
топониміне жақын келетіні - біріншісі, өйткені Нарын құмының көлемі Қарақұм, 
Қызылқұмдарға қарағанда кішкене, шағын және сусыған нәзік құм. Нарын сөзі 
күн, күнгей 
мағынасын береді деген пікірден гөрі 
аумақ, көлем
өлшемін білдіретін моңғолдың «
нарийн»
сөзінен шыққан деген жорамал дұрыс. 
Сайқын 

Орал қаласының оңтүстік-батысындағы көл атауы және Орда ауданының 
орталығы. Ә.Әбдірахманов бұл топонимді қалмақтың 
«сәәхн»
(әдемі) деген сөзінен шыққан 
деп есептейді (61, 27). Шынында да, жан-жағын құм қоршаған шөлдегі көл де, сайын далаға 
көлбей сұлаған Нарын құмының бұйраттары да әдемі көрінетіні рас. Бұл сөздің бірнеше түркі 
тілдерінде кездесуі оның моңғол тілінен енген сөз екендігін көрсетеді. Біздің ойымызша, бұл 
сөз де моңғол тілінен енген. Моңғол тілінде де 
сайқы 
сөзі бар. Мысалы, Сібірдегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет