Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет40/102
Дата18.09.2023
өлшемі3,67 Mb.
#181403
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102
Байланысты:
treatise177628 3

Практикалық оқыту


«Әлеуметтендіру факторлары»жаттығуы
Микротоптарда жұмыс жасау. Әлеуметтендіру факторларын сипаттаңыз (11-сызба). Олардың тұлғаға әсерін дәлелдеңіз және мысалдар келтіріңіз.

11-сызба.Тұлғаны әлеуметтендіру факторлары


«Мектептегі дезадаптация» жаттығуы
Жоғарыдағы сызбаны қараңыз. Баланың мектепке дезадаптациясының себептерін анықтаңыз және тәуекел факторымен жұмыс жасау үшін әлеуметтік педагогтың нұсқаулықтарын жасаңыз.

12-сызба - Мектеп дезадаптациясын қалыптастыру үдерісіндегі әртүрлі


тәуекел факторларының өзара әрекет ету құрылымы (С.А. Беличева)


6-тарау.ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ
ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРМЕН ЖҰМЫСЫ

Әлеуметтік педагог балалар үйінде жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Ол тәрбиеленушілердің жеке басының психологиялық және медициналық-педагогикалық ерекшеліктері мен оның қоршаған шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерттейді. Ол тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы қызығушылықтар мен қажеттіліктерді, қиындықтар мен күрделі мәселелерді, қақтығыс жағдайларын, ауытқуларды анықтайды және оларға уақтылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.


Сондай-ақбалалар үйіндегі әлеуметтік педагогтың іс-әрекетіне келесілер жатады:

  • тәрбиеленушінің жеке ісінде ата-аналар, бауырлар мен әпке-қарындастар туралы, мүліктің, пәтердің, бағалы қағаздардың болуы және сақталуы туралы жетіспейтін құжаттар мен ақпарат жинау, Сбербанкте шоттар ашу;

  • ата-аналық құқығынан айырылған жағдайда ата-анадан алимент тағайындау және төлеу, ата-анасынан айрылғаны үшін зейнетақы төлеу, мүлікті сақтау, бұрынғы тұрғын үй орнына тіркеу құқығын сақтау бойынша сотпен, АХАЖ, халықты әлеуметтік қорғау комитетімен, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларымен, нотариустармен және т.б. өзара әрекеттестік ету;

  • тәрбиеленушілердің жеке құқығын қорғауды қамтамасыз ету: жалпы орта білім алуы, күн тәртібінде бос уақытпен қамтамасыз етуі, зиянды әсерлерді болдырмауы, төлқұжат пен тіркеуді уақтылы алуы және т.б .;

  • балаларды оқыту кезінде, мектепті бітіргенде және оқуға немесе жұмысқа қабылданған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі қарастырған жеңілдіктерменқамтамасыз ету;

  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерге оқуға немесе жұмысқа орналасуға, жайлы баспана, жатақхана бөлмелерін алуға көмек көрсету;

  • 18 жасқа толғанға дейін түлектермен байланыста болу;

  • түлектерге арнап картотека жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет