Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


Жеке тұлғаның қалыптасуының психологиялық заңдылықтары



бет41/102
Дата18.09.2023
өлшемі3,67 Mb.
#181403
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102
Байланысты:
treatise177628 3

Жеке тұлғаның қалыптасуының психологиялық заңдылықтары
Оқу-тәрбие үдерісін сәтті жүзеге асыру үшін міндетті түрде жеке тұлғаны қалыптастыру заңдылықтарын ескеру қажет:

  1. Жеке тұлға - тәрбие берудің шешуші әсерінен қалыптасады. Макаренко А.С. салауатты тәрбие алу жағдайынсыз нағыз жеке тұлғаның, немесе керісінше дұрыс тәрбие жұмысы нәтижесінде бұзылған жеке тұлғаның қалыптасқанын ешқашан кездестірмегенін баса айтты.

  2. Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы басты мәселе болып оның өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру, педагогтардың басшылығымен баланың бойында қалыптасатын жағымды адамгершілік, әлеуметтік, қоғамдық мінез-құлық тәжірибесі табылады. Бұл балалардың білім жүйесінің қалыптасуымен - табиғи, адамгершілік және идеологиялық-саяси, бірлестікте болуы керек.

  3. Мінез-құлықтың дұрыс себептерін тәжірибеде таңдау және бекіту. Белгілі бір жағдайларда тәрбиелік ықпалдың әсерінен балаларда пайда болатын оң себептер олардың тәжірибесінде бекітіліп, барлық ұқсас жағдайларға қолданылуы керек (В.А. Крутецкий, 209-215 б.).



Балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру тәсілдері

Тәрбиелеудің технологиялық тәсілі
Б алалар үйінің тәрбиеленушісі тұлғасын сәтті әлеуметтендіру үшін технологиялық тәсіл қолданған жөн.
Астарлы әңгіме.Егер сіз балық аулап, оны балаға берсеңіз, оны бүгін тамақтандырдыңыз. Егер Сіз оның қолына қармақ ұстатып, балық аулауды үйретсеңіз, онда Сіз оны өмір бойы тамақтандырдыңыз.
Халық даналығы: «Айтсаңыз - ұмытамын, көрсетсеңіз - есіме сақтаймын, қызықтырсаңыз - үйренемін», дейді. Сондықтан, технологиялық тәсілдің мақсаты - баланы іс-әрекетінің өнімін алуға және құруға үйрету. Барлығын дайын күйде бермеу. Өйткені, егер адам іс-әрекет үдерісіне белсенді араласпаса, мұның бәрі ұмытылатыны ғылыми дәлелденген. Технологиялық тізбекті көрсету педагогтың міндеті. Мысалы, тамақты қалай әзірлеу керек, үйді қалай жөндеуге болады, яғни, неден бастаймыз және қалай аяқтаймыз.
Кез-келген технологияның қасиеттері: тұжырымдамалық, жүйелілік, тиімділік, басқарушылық, алгоритмдеу, стандарттау, тәрбие материалының құрылымы, жаңыртылу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет