Ұлыбританиядағы "тәуекел тобындағы" балаларымен әлеуметтік жұмыс Ұлыбритания мектептеріндегі әлеуметтік педагогтар ата-аналар мен оқушыларға көмек көрсетеді. Отбасымен жұмыс жасауда тәрбие мүмкіндіктерін барынша пайдаланады, отбасыларға өзара қарым-қатынасты жолға қоюға, балалардың білім алуына әсер ететін басқа да мәселелерді шешуге көмектеседі.
Әлеуметтік педагогтың ерекше қамқорлығы қатыгездікке ұшыраған, отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шегетін, сондай-ақ дене бітімі, эмоциялық немесе зияткерлік дамуы артта қалғандарды анықтау болып табылады.
Әлеуметтік педагог оқудағы артта қалушылықты болдырмау үшін медицина қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынас жасайды, балаларды үйде немесе ауруханада оқытуды ұйымдастырады.
Көптеген ұйымдар мүгедек балаларға арнайы жаттығулар арқылы олар қиындықтарды жеңуге, оларға өзінде қалыптасып қойған дағдыларын қолдануға көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесудің басты міндеті - олардың тәуелсіз өмір сүруіне көмектесу.
Швециядағы әлеуметтік педагогтың "тәуекел тобындағы" балалармен жұмысы Мектепте әлеуметтік педагог "жасөспірімдер клубтарын" ұйымдастырады. Балалардың бос уақытын қамту бағдарламасын әзірлейтін аниматор-педагог рөлін атқарады. Бұл ретте бос уақытты өткізу орталығының/клубтың балалары мен педагогтары арасында өз еркімен қабылданған міндеттемелерді қатаң сақтауға кепілдік беретін шарт жасалады.
Клубтың жұмыс бағдарламасы барлық тілек білдірушілер қатыса алатын ашық жиналысты анықтайды.
Әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта әлеуметтік халыққа көмек көрсетуге пошта қызметтері қатысады. Ауыл почташылары учаске бойынша қозғала отырып, мобильді пошта бөлімшесі ретінде әрекет етеді: олар ресімдейді, қабылдайды, тікелей тұрғылықты жері бойынша жібереді.
АҚШ-тағы әлеуметтік педагогтың "тәуекел тобындағы" балалармен жұмысы Мектептің әлеуметтік жұмысында баланың бейімделу мәселелеріне басты назар аударылады. Сондай-ақ психикалық денсаулық мәселелеріне де көңіл бөлінеді.
қандай да бір проблемалары бар оқушыларға кеңес беру;
тегін немесе жартылай төленетін таңғы ас (немесе түскі ас) алуы үшін материалдық көмекке мұқтаж оқушыларды анықтау;
ата-аналармен жұмыс.
Қызмет барысында олар балалармен әртүрлі мәселелер талқыланатын жиындар жүргізеді. Талқылау тақырыбы ата-аналардың қарсылығын тудырмайтын тақырыптар болып табылады. Сондықтан ой бөлісу жиындарына арналған жаңа бағдарламаларды әзірлеу кезінде олар педагогикалық ұжыммен алдын ала талқылайды, мектеп әкімшілігінен рұқсат алады, ата-аналардың қолдауын иеленеді.
Егер бала нашар бейімделгіш келсе, диагностика қорытындысы бойынша мультидисциплинарлық бригаданың мүшелері жиналып, ата-аналарымен кездеседі. Бұл кездесуде бригада баланың арнайы білім алуға мұқтаждығы туралы өз шешімін шығарады.
Балаларға әлеуметтік көмек көрсететін арнайы мекемелер (аз қамтылған отбасылар үшін тегін) көптеген функцияларды атқарады. Оларды шартты түрде үш үлкен бөлікке бөлуге болады: балалармен жұмыс, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен жеке жұмыс, балалармен және ата-аналармен бірлескен жұмыс.
Балалармен жұмыс істеу сенім телефонының жұмыс істеуін, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды қорғау қызметін, балаларға білім алуда көмек көрсетуді, балаларды баспаналар мен жатақханаларға орналастыруды, үйге баруды, жеке және топтық кеңес беруді, дағдарыстық жағдайларда делдал болуды, әлеуметтік құралдарды жұмылдыруды және үйлестіруді, тәрбиеленушілерді бақылауды, оны қорғауды қамтиды.
Ата-аналармен жұмыс жасау үшін келесі процедуралар қарастырылған: ата-аналарға арналған кәсіптік оқытудың арнайы топтарын ұйымдастыру, жұмысқа орналасуға көмек көрсету; қалалық медициналық орталықтарда жалғызбасты аналарға қызмет көрсету; ата-аналарға үй шаруашылығында көмектесу; баланы отбасына қайтару мақсатында жеке және топтық консультациялар, ата-аналармен келіссөздердің жүргізілуі. Балалар ата-аналармен бірге әлеуметтік бейімделу бойынша тренингтерден өтеді, патронаттық отбасының жұмысын сақтауға арналған тренингтерден өтеді; баланың жаңа отбасында бейімделуі байқалады; балаларымен қайта қауышқан отбасыларға көмек көрсетіледі.