Р. Сыздык 6-том indd


ӘДЕБИ СТАНДАРТ ЖӘНЕ НОРМАДАН



Pdf көрінісі
бет143/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

ӘДЕБИ СТАНДАРТ ЖӘНЕ НОРМАДАН 
АУЫТҚУШЫЛЫҚ 
(лексика саласында)
Сөз таңдау
Ең алдымен, «сөз таңдау» дегеннің өзін айқындап алу 
қажет. Көркем шығарма тілінде жұмсалатын сөз екі ұдай 
мәнге ие
63
. Сондықтан орындылық (функционалдық), яғни сөз-
дің, тұлғаның, синтаксистік амалдың дұрыс өз орнында жұм-
салуы және жарыспалылық (сөз тандау) – көркем тіл мәде-
ниетінің өзекті, басты проблемалары болмақ. Сөйтіп, жазу-
шы сөз таңдауда екі түрлі принцип ұстайды: бірі – жалпы тіл 
дұрыстығын, әсіресе жалпыға ортақ ұлттық әдеби тіл норма-
сын сақтау. Бұл – әрине, тек көркем дүние иесі – жазушы үшін 
ғана емес, барлық стильде жазатындар үшін де міндетті шарт. 
Екінші – көркем дүние қажеттігін өтеу, яғни дәл осы жердегі 
(сол сөйлемдегі, сол микротекстегі) айтпақ (білдірмек) ойы-
на сай келетін, бермек әсеріне дәл түсетін сөзді іздеу. Жазу-
шы үшін ең қажеті де, қиыны да – осы. Нормалылық та, одан 
ауытқушылық та осы жерде көзге түседі. Демек, сөз таңдаудың 
бір ұшы шеберлікке барып тіреледі.
Көркем шығармада сөз таңдаудың негізінде бірнеше фак-
тор жатады. Солардың бірі – көркемдік-эстетикалық мүддеден 
шығу. Ал көркемдік-эстетикалық талап сөзді образ үшін 
жұмсауды қалайды, яғни сөз арқылы образ жасау дегенмен 
астарласады. Сондықтан «сөз таңдау» проблемасы сөздің текст 
ішіндегі «қылығын» (орысша «поведение слова») қарастыруға 
мәжбүр етеді. Ал сөздің контекстік немесе ситуациялық 
қылығы сөздерді мағыналық модификацияға (құбылуға) ұшы-
ратуы мүмкін немесе контекст талабына қарай мағыналас 
сөздердің бір жерге шоғырлануын туғызуы ықтимал. Демек, 
бұлардың барлығы жазушыға сөз таңдауға ерік береді.
Сөз таңдайтын қойманың (арсеналдың) өзі де әртүрлі бола-
ды. Олар: синонимдер қатары, жарыспалы қатарлар (вариант-
тар, дублеттер т.б.), қарама-қарсы келетін әр алуан оппозиттер, 
яғни бір-біріне қарама-қарсы келетіндер: әдеби тіл – сөйлеу 
63 
Виноградов В.В. 
Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. - М., 1963. - С. 125.


276
тілі, әдеби сөз – диалектизм, төлтума сөз – кірме сөз, бейтарап 
мағыналы – экспрессивті сөз т.т.
Көркем әдебиеттегі сөздерге әр алуан стильдік жүк артыла-
ды. Ондай жүкті көтере алатындар – тандалған сөздер болмақ. 
Мысалы, Ғ. Мүсірепов «Оянған өлкеде» Игілік бидің аузына 
ырбай-тырбай
деген ауызекі тілдік қарапайым сөзді әдейі 
салады:.. «Бұл елің бір күн олай, бір күн бұлай
ырбай-тыр-
байы 
бола береді». Бұл контексте жазушыға осы сөзді тандау 
ұтымды, өйткені әңгіме – жай тұрақсыздық емес, берекесіз, 
ұсақ мақсат көздейтін тұрақсыздық жайында, ал соңғы реңкті 
ырбай-тырбай
сөзі дәл береді. Бұл мысал сөз тандаудың тек 
мағына (айтпақ идея, ой, сурет) үшін ғана емес, сол мағынаны 
айқындау үшін, үстемелеп, күшейте түсу үшін де жиі орын-
далатын акт екенін танытады. Мұндайда әсіресе синонимдер 
қатарын түзу көзге түседі. Айталық, ең шағын микротексте бір 
тұлғаны (сөзді) қайталамауға тырысу – жалпы норма. Әсіресе 
бұл жазба әдебиеттің барлық жанрында, поэзия тілінде, сондай-
ақ ауызша сөйлейтін шешендер сөздерінде (топ алдында ай-
тылатын сөздерде) кең орын алады. Бір ұғымды құбылтып, 
әртүрлі сөзбен ұсыну әрі көркемдік-әсерлілік мақсатты 
көздейді. Мысалы, Ғ.Мүсірепов бай есігінде жүрген жас жігіт 
– Жабайдың өмір бойы зеку мен ақырудан жасқанып өскен 
әкесін суреттегенде, оның мақсат-талабы, таным-білімі барын-
ша тар екенін білдіру үшін «қуанышы – ботаның 
айналасын-
да,
қайғысы – 
інгеннің маңайында» 
деген сөйлемді ұсынады. 
Мұнда автордың екі жерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет