Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Немістердің Эльба және Балтық бойын бағындыруы



Pdf көрінісі
бет65/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Немістердің Эльба және Балтық бойын бағындыруы.
 
Эльба өзенінің арғы жағасында, Балтық теңізінің жағалауында 
батыс славяндар тұрды. ХІІ ғ. олардың жерлеріне немістер көз 
тікті. Оларды жаулап алуда саксон феодалдары белсенділік көр-
сетті. 1170 ж. 
ободриттер
жерінде Мекленбург герцогьтығы құ-
рылды. Көптеген неміс қоныстанушылары бұл аймаққа орналас-
тырылды. Орта Эльбаның бойындағы Лютичтер иеліктерінде 
Бранденбург графтығы құрылды. 1244 ж. Лютичтердің жерінде 
Берлин қаласының негізі қаланды. 
Немістердің Балтық бойына енуі ХІІғ. екінші жартысында 
басталды. Неміс көпестері Балтық теңізінің бойында өз фак-
торияларын құра бастады. Көпестерден кейін неміс дін тара-
тушылары келіп литерге, 
ІХ
курлерге және эстерге христиан ді-
нін таратты. 
1201
ж. немістер Балтық бойын отарлаудың тірегі 
Рига
қаласының негізін қалады.
Папа ІІІ Инокентий ливтердің, курлердің жерлеріне крест 
жорығын жариялайды. Бұл жерлерді жаулау үшін Ливон немесе 
Семсерлер ордені
құрылды. Оңтүстік Балтық тайпалары прус-
термен соғысып жатқан поляктар, Тевтон орденін көмекке ша-
қырады. Бұл орден ХІІІғ. Палестинадан Еуропаға көшіріледі. 
1226 ж. өзінің қызметін Висланың төменгі жағалауында жүр-
гізді. Алғашқыда бұл орденнің орталығы Хельм қаласы болып
осы жерден орден рыцарлары 1230-1284 жылдары прустарға 
қарсы соғыс жүргізді. Орденнің жаңа астанасы Мариенбург 
қаласы болып, Кенигсберг, Мемель қалаларының негізі қалан-
ды. 1237 ж. Тевтон ордені семсерлер орденімен бірікті.
 1346
ж. 
даттардан Эстонияны сатып алады. 1386 ж. поляктар мен лит-
валықтар одақ құрады. 1410 ж. Грюнвальд шайқасы болды. Бұл 
шайқаста орден күйрей жеңіледі. 1466ж. орден Польшаға тәуел-
ділігін мойындады. 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.Германияның даму ерекшеліктері қандай еді? 
2. І Фридрих Барбаросса Италияға байланысты қандай 
саясат жүргізді? 
3. ІІ Фридрих Штауфеннің саясатына тоқталыңыз. 


103 
4. Немістердің Эльба бойын жаулауы қалай жүрді? 
5. Немістер Балтық бойын қашан және қалай жаулады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет