Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


тақырып. Өзіңе – өзің қызмет ет әдеппен



бет43/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

7.1 тақырып. Өзіңе – өзің қызмет ет әдеппен
Бақша ағаштары
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. 
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады, сен жас ағашсың саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді. 
Сұрақтар:

  • Әңгіме неге бақша ағаштары деп аталады?

  • Бағу- қағу дегеніміз не?

  • Жақсы адам қандай болмақ?



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1-тапсырма. «Жақсы адам болу үшін не істей аламын?» деген сұраққа жауаптарыңды жоспар түрінде жазыңдар.
2-тапсырма. «Жақсы болу парызым» тақырыбына эссе жазыңдар.

7.2 тақырып. Тілдесу мәдениеті.
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды — қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту — Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек»2 делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» — деп тұжырымдайды.
Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында. Біз көптеген ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытындыға келдік. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, «жаңағы», «әлгі», «немене», «неғып», «мысалы» деген сияқты басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мөселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің біріболып табылады» — десе5, Ш.Беркімбаева өз мақаласында былайша тұжырымдайды: «Қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу…»
Біз осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде ала отырып, алдымен тіл мәдениеті дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында бұл мәселені көптеген ғалымдар зерттеп-қарастырғаны белгілі болды. Солардың ішінен педагогикалық сөздікте берілген мынадай анықтама көңілімізден шықты: «Оқушылардың тіл мәдениеті – оқыту үрдісі мен адамдардың тілдік қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Оған тілдің мағыналылығы, ойлылығы, байлығы, көркемдігі мен жалпытілдік нормалардың сақталуы тән»3. Ал бұл мәселені жан-жакты зерттеген Л.И.Ожегов: «Тіл мәдениеті -бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» — деп тұжырымдайды.Сонымен, тіл мәдениеті дегеніміз – оқыту үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігі.
Зерттеуіміздің келесі кезеңінде біз қазіргі оқушы жастардың тіл мәдениеті деңгейінің төмен болу себебін іздестірдік. Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: «Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды… Жастар сөйлемді әтейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды… Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар», — десе5, И. Нұғыманов: «Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері:
1.Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл), б) пән тілінің нормаларын жақсы меңгермеген мұғалімнің әсері;
2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (мектептің тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.)» — деп көрсетеді5.

Сондай-ақ М. Балақаев, Т. Қоңыратбаев, С. Қирабаев, Ш. Беркімбаева, Н. Уәлиев тағы да басқа ғалымдардың зерттеулерін


негізге ала отырып, оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының себептері деп, біз төмендегілерді сараладық:
Көркем әдебиет оқуға деген оқушылардың қызығушылығының төмендігі. Тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Көркем әдебиетті аз оқитын адамның сөздік қоры аз болады, соған орай олардың сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады;
Мәдени орталықтарға бару, ол туралы пікірлесудің өте сирек кездесетіндігі;
Ата-аналардың балаларының тіл мәдениетіне жете мән бермеушілігі;
Тілдік ортаның әсері;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет