Құзыреттіліктер
|
Іскерлігі мен дағдысы
|
Әмбебап құзыреттілік
|
- Коммуникациялық құралдар мен технологиялардың заманауи қолдану мүмкіндігі;
- Біртұтас ғылыми жүйелік көзқарасқа негізделген әртүрлі жағдайларды бағалау қабілеті;
- Әлеуметтік ортада адамды қалыптастыру және анықтау қабілеті, салауатты өмір салтын ұстану.
|
Жалпы кәсіби құзыреттілік
|
- Әр түрлі жас кезеңдерінде адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін реттеудің ерекшеліктерін, психикалық, психофизиологиялық дамуының жалпы, өзіндік заңдылықтарын және жеке ерекшеліктерін ескеру қабілеті;
- Пәнаралық интеграция негізінде тұлғаралық және гендерлік өзара түсіністік пен өзара әрекеттестікті, этномәдени қарым-қатынасты дамыту үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жүйелеу қабілеті;
- Педагогикалық іс әрекеттің құндылықтарына сәйкес кәсіби қоғамдастықта өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі жүзеге асыруға, коммуникативті дағдыларын және әлеуметтік қатынастарын дамытуға қабілеттілігі.
|
Кәсіби құзыреттілік
|
- Педагогика және психология ғылымдары саласындағы әдістемелік, басқарушылық білім мен дағдыларды меңгеруге және оларды практикалық әрекетке тасымалдауға дайындығы;
- Білім алушыларды диагностикалаудың және түзетудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану қабілеті;
- Сапалы психологиялық қызметті ұсынуда білім беру және инновациялық технологияларды қолдану қабілеті.
|
Болашақ педагог-психологтардың кәсібилігінің құрамдас бөліктеріне: кәсіби (объективті қажетті) педагогикалық-психологиялық білімдер; кәсіби (объективті қажетті) педагогикалық-психологиялық іскерліктері; кәсіптік педагогикалық-психологиялық позиция мен ұстанымдар, сондай-ақ, педагог-психолог маманға кәсіптік білім мен іскерлікті меңгеруге мүмкіндік беретін кәсіби және тұлғалық маңызды сапалары жатады [164].
Студенттердің кәсіби білім мен біліктілік көрсеткіштері мынадай деңгейлер бойынша анықталады: білім-тaнысу – студeнттeр пәндeр бойыншa тeориялық білім aлaды, бірaқ өз білімін тәжірибeдe қолдaнуды білмeйді; білім-рeпродукция – студeнттeр aлғaн білімдeрімeн бөлісe aлaды, тaсымaлдaйды, бірaқ оны тәжірибeдe пaйдaлaну қиындық туындaтaды; білім-іскeрлік – студeнттeр қaжeтті білімді aлып, тәжірибeлік іскeрліктeрді дe мeңгeрeді, білім-тaсымaлдaу – студeнттeр өздігінeн білімін жeтілдірe aлaды жәнe оны тәжірибeдe қолдaнa aлaды.
Болашақ педагог-психологтарға кәсіби іс-әрекетке қажетті қосымша іскерліктер мен дағдыларға төмендегілер жатады:
«Туындаған жағдайларға бағдарлануға қабілеттігіне» студенттің жағдайларды талдаудың қажеттілігін түсінуі және оның әдістерін білуі, нақты жағдайларды талдай алуы және бағалауы, кикілжіңдерді талдау және бағалау тәжірибесінің болу іскерліктері мен дағдысы т.б кіреді.
«Басқа адамдарға сенімді және адамгершілікпен қарау қабілеттігіне» адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын білуі, басқа адамдарға сенім арту, өзгелерге толерантты қараудың маңыздылығын, жанашырлық таныту қажеттілігін түсінуі жатады. Сонымен қатар, адам құқықтары мен бостандықтарына құрмет көрсете отырып, сенімді тұлғааралық қарым-қатынасты орнатып, өзге адамдарға төзімділік таныта білу іскерліктері кіреді.
«Құрдастарымен және ересектермен тиімді қарым-қатынас жасауға дайын болу қабілеті» бойынша студент құрдастарымен және ересектермен өзара әрекеттесу қажеттілігін түсінеді, тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерін біледі, өзара іс-қимылға тиімді қатыса алады, басқа көзқарасты ести алады және түсінеді. Сондай-ақ, бұған құрдастарымен және ересектермен бірлескен қызметті жоспарлау және бірлескен іс-әрекетті орындау тәжірибесінің болуы, кикілжіңді жағдайларды шешу дағдысының болуы жатады.
4. «Өзін-өзі тануға қабілеттігі» бойынша студент өзін-өзі танудың маңыздылығын түсінеді, оның тәсілдерін біледі, өз іс-әрекеттерін талдай алады, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни бағалай біледі және өзінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін түсініп, оның нәтижелерін көрсету жағынан тәжірибелігін танытады.
5. «Жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуге дайындығы» бойынша студент жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделудің негізгі тәсілдерін біледі, ортаның жаңа жағдайларына бейімделе алады, әлеуметтік-мәдени ортаны қайта құруға қатысады және жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуде өзінің іскерлігі мен дағдысын көрсетеді.
6. «Өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі» бойынша студент өзін-өзі дамытудың маңыздылығын түсінеді, өзін-өзі дамытуды қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін біледі, өзін-өзі жоспарлауды, өзін-өзі ұйымдастыруды, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады және тәжірибелігін танытады. ЖОО-да кәсіби іс-әрекетке бейімделуге тек қана педагогикалық және психологиялық білім мен іскерліктерді меңгеру ғана емес, сонымен қатар педагог-психолог маманға қажетті кәсіби маңызды сапаларды игеру, бойға сіңіру де жатады. Педагог-психологқа ақыл-ой, эмоционалды-еріктік және психомоторлы талаптар қойылады. Өйткені, педагог-психологтың кәсіптік іс-әрекеті коммуникативтік байланыстың субъектісі ретінде әртүрлі деңгейдегі және көпжоспарлы іскерлік қарым-қатынаста ақпарат алмасудан тұрады. Сондықтан да, сыни ойлау қабілетінің жылдамдығы, ақыл-ой іс-әрекетінің жоғары нәтижелігі, эмоциональды тұрақтылық, эмпатия, коммуникативтік мобильдік және т.б кәсіби сапалар талап етіледі.
Демек, кәсіби іс-әрекетке бейімделу барысында болашақ педагог-психологтардың бойында кәсіби қызметке қажетті сапаларының қалыптасу үдерісі жүзеге асады. Төмендегі 14-ші суретте Г.В.Акопов бойынша кәсіптік іс-әрекетті орындауда маңызды болып табылатын тұлғалық сапалардың деңгейлері бөліп көрсетілген [165].
Сурет 14 – Кәсіптік іс-әрекетті орындауда маңызды болып табылатын тұлғалық сапалар
Болaшaқ мaмaнның кәсіби сaпaсы мен тұлғaлық сaпaлaрын ажырата білу қажет. Болaшaқ мaмaнның тұлғaлық сaпaлaрынa: еңбекқорлық, жaуaптылық, этикa нормaлaрын сaқтaу, ізгілік, достық қaрым-қaтынaс, aдaлдық пен ұқыптылық және т.б жaтaды. Сондaй-aқ, ғылыми әдебиеттерде осы түсініктермен бір қaтaрдa мaмaнның кәсіби қaбілеттері (көшбасшылық, коммуникaтивтік, ұйымдaстырушылық, бaсқaрушылық т.б) қaрaстырылaды.
Болашақ педагог-психологтардың жоғары оқу орнындағы оқу іс-әрекетін орындау деңгейіне мотивациялық сферасы (мақсатты жобалау, тұлғаның мотивациялық бағыттылығы және т.б) мен танымдық сферасы (бақылампаздығы, рефлекция, өзін-өзі бағалауы) белсене қатысады [166; 167].
С.В.Тарасовтың зерттеу жұмыстарында маманның кәсіби біліктілігі ретінде іс-әрекет субъектісінің оқу-кәсіптік әрекетінің нәтижелі орындалуына септігін тигізетін интегралды психологиялық қасиеттері түсіндіреді [168, 36 б].
С.В.Тарасов кәсіби іс-әрекетті орындауда маңызды болып табылатын педагог-психологтың кәсіби сапаларын 15-ші суретке сәйкес бағыттарға жіктейді.
Сурет 15 – С.В.Тарасов бойынша кәсіби іс-әрекетті орындауда маңызды болып табылатын кәсіби сапалар
Өзге адамның құндылықтарына бағдарлану педагог-психолог маманның кәсіптік іс-әрекетінің басты мәніне кіреді. Осы жағдай педагог-психологтың қызметінің аса маңыздылығының көрсеткіші бола алады [169].
Достарыңызбен бөлісу: |