Рахимгалиева пакизат сармановна



бет23/56
Дата21.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#192716
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp

- мaмaнның кәсіби мотиві, мaқсaт-міндеттері, қaжеттілігі, қызығушылығы, тұлғaaрaлық қaрым-қaтынaсты орнaтуы, құндылық бaғдaры, өмірлік принциптері;
- жоғaры нәтижелерге кәсіби тaлaптaну, кәсіптік өзін-өзі aнықтaу және бaғaлaу, өзіндік сaнa;
- мaмaнның эмоциялық қaлпы, психикaлық күйлері, сезімдері, стресске төзімділігі;
- мaмaнның кәсіби міндеттері мен қызметтері, өз еңбегінің нәтижесіне қaнaғaттaнуы;
- кәсіби қaбілеттер, білім мен іскерлікті aрттыру, кәсіптік көтерілуге дaйын болу;
- шығaрмaшылық ойлaу, тәжірибені aрттыру, кәсіби құзыреттілікті жоғaрылaту [100].
Студенттердің оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде қалыптасуы оның ішкі және тұрақты мотивінсіз жүзеге аспайды. Педагогика және психология ғылымдарында мотивацияны және тұлғаның бағыттылығын зерделеуге арналған бірқатар тұжырымдамалар мен теориялар белгілі. Дж.Келли, Д.Макклелланд және т.б шетелдік ғалымдардың көзқарасы бойынша, мотивацияның қалыптасуына қоғамдық даму факторлары емес, туылғаннан пайда болатын түрткілер маңызды деп есептелінеді. Оқу мотивациясы белгілі бір оқу іс-әрекетіне негізделген мотивацияның ерекше түрі ретінде қарастырылады.
Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, студенттердің бойында жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивтері маңызды рөл атқарады. Студент бойындағы оқуға деген белсенділікті жетістікке жетуге деген қажеттілік анықтайды. Жетістікке жету мотиві адамды жеңістерге, жағымды іс-әрекетке деген ұмтылысын тудырса, сәтсіздіктен қашу мотиві керісінше, сәтсіздіктен, сөгіс естуден қашуға ұмтылдырады. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивтері оқу сапасына әсерін тигізіп, оқу іс-әрекетін орындауға деген студенттердің белсенділігін өзгертеді.
Ресейлік ғалымдардың зерттеулерінде мотивтер саналы қажеттілік, тұлғаның іс-әрекетімен байланысты құбылыс ретінде қарастырылып, оған әсер ететін биологиялық және әлеуметтік даму себептері талданады. Зерттеушілердің жұмыстарына сүйенсек, оқу мотивациясының қалыптасуына септігін тигізетін бірнеше маңызды факторларды атап өтуге болады. Атап айтқанда: білім беру жүйесінің жалпы сипаты; білім беру ұйымындағы педагогикалық үдерістің ұйымдастырылу деңгейі; студенттің жеке басына қатысты ерекшеліктер (жынысы, жасы, ақыл-ой даму деңгейі мен қабілеттері, өзін-өзі бағалауы, өзге қатарластарымен бірлесіп әрекет ете алуы мен қарым-қатынас құра білу іскерлігі т.б); оқытушының тұлғалық ерекшеліктері және оның білім алушыларға, педагогикалық іс-әрекетке деген қатынасы; оқу пәнінің спицификалық ерекшеліктері және т.б [174].
Жоғары оқу орнындағы кәсіби іс-әрекетке бейімдеу үдерісін әлеуметтік-психологиялық бейімдеуден бөліп жарып қарай алмаймыз. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу студенттің жеке басы мен жаңа әлеуметтік ортаның өзара тиімді әрекеттесу үдерісі. Бейімделу үдерісінің маңызды сәті тұлға мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесуі, бұл жағдайда тұлға стратегияны таңдау мен процесстің нәтижелілігіне жауап беретін бейімделудің белсенді субъектісі ретінде әрекет етеді. Яғни, студент оқу орнының жаңа ортасына бейімделуі және онда өзін ыңғайлы сезінуі тиіс.
Өзара әрекеттесудің негізгі мақсаты: тұлға мен топ арасындағы мақсаттар мен құндылықтардың адекватты арақатынасы, әлеуметтік мақұлданған мінез-құлық пен тұлға іс-әрекетінің сәйкестігі, яғни қызығушылықтар, құндылық бағдарлар, әлеуметтік-психологиялық қатынастар мен сапалардың үйлесімділігі болып табылады. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу деңгейі жеке тұлға мен жаңа әлеуметтік ортаның өзара әрекеттестігі мен оңтайлы қатынасын, жеке адам мен топтың құндылықтарын, оның әлеуметтік бекітілген мінез-құлықтарға және жеке тұлғаның ішкі құрылымына: қызығушылығына, құндылық бағдары, әлеуметтік-психологиялық ұстанымдар мен қасиеттеріне сәйкестілігін білдіреді.
ЖОО-да студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеудегі дезадаптация көріністері әртүрлі психофизиологиялық сипатта көрініс табады. Ал, кәсіби іс-әрекетке бейімдеу үдерісін әр мамандықтың жеке мысалында қарастырған жөн. Өйткені, әрбір мамандық мақсат-міндеттері, функциялары, кәсіби маманнан талап етілетін құзыреттіліктер мен кәсіби-тұлғалық сапалар жиынтығы тұрғысынан белгілі бір ерекшеліктерге ие болып табылады.
Болашақ педагог-психологтардың негізгі кәсіби функциялары мен құзыреттіліктер деңгейін талдау, сондай-ақ, дезадаптация көріністерінің психофизиологиялық ерекшеліктерін қарастыру біздерге профилактикалық іс-шаралар бағдарламасын құрудың қажеттілігін алға тартты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет