Құрамы Ақуыздардың қызметі Ақуыздардың жіктелуі


Ақуыздардың-элементтік құрамы



бет2/5
Дата15.05.2023
өлшемі26,32 Kb.
#176722
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
шалхар баян

Ақуыздардың-элементтік құрамы
Көміртегі – 50-55% Оттегі – 21-24% Азот – 15-18% Сутегі – 6-7% Күкірт – 0,3-2,5%
Ақкуыздр молекуласының пішіні. Молекуласының пішіндеріне қарай ақуыздар фибрилярлық жəне глобулярлық және ауыспалы/фибрилярлы-глобулярлы/ болып үшке бөлінеді. Глобулярлық пішіні шар тәріздес, фибрилярлық-созылыңқы болады.Глбулярлық ақуыз зат алмасу қызметін,фибрилярлық –жиырлу,құрылымдық қызмет атқарады.Ақуыздар пішіні мен молекуласы түрлі факторлар әсерінен өзгеріске ұшырайды.-р Н.орта температурасы,иондық күштер әсерінен,еріткіш әсерінен,ерітінді концентрациясынан.
Ақуыздар коллойдты ертінділер.Суда ериді,Екі күйде болады-сұйық және қоймалжың –гел.Зат алмасу кезінде бір күйден екінші күйге ауысып отырады,жасушалар қартайғанда бұл процесс тоқтап қатты күйде қалып қояды оны синерезис деп атайды.Тіршілік барысында түрлі факторлар әсеріне коллоид ерітінді тұнбаға түсуі мүмкін –ол коагуляция деп аталады.Коагуляция қайтымды болады-егерде колойд ертінднің тек сольват қабықшасы бұзылса.Ал ақуыз тұнбасы ерітінді күйге ауысса-пептизация болады.Қайтымсыз ол кезде ақуыз денатурацияға ұшырайды./қайнағанда,күйгенде/

Белоктар тірі организмде алуан түрлі және өздеріне ғана тән қызмет атқарады , организмде жүретін барлық биологиялық қызметімен байланысты .


Ендi белок белок процестер қызметтердің aca атқаратын маңыздыларымен танысамыз . 
1. Катализдiк қызметті толып жатқан ферменттер атқарады . Олар тірі материядағы химиялык реакцияларды реттейді және тездетеді 
2. Транспорттық қызмет деп молекулалық оттегін , липидтерді , әр түрлі төменгі молекулалы органикалық заттарды , металл иондарын ауыстырып , жеткізіп беру қызметін атайды . Бұл кызметтi кан гемоглобині , бұлшық ет миоглобині атқарады . Олар молекулалы оттегін ( О2 ) , липопротеиндерді , металлопротеиндерді және басқа да белоктарды тасымалдап жеткізеді . 
3. Механикалық ( жиырылып - созылу ) қызметі . Белоктар жиырыла және созыла отырып жұмыс істейді . Мұндай қызмет атқаратын белоктарға бұлшық етте және басқа да ұлпаларда болатын актин , миозин белоктары жатады . 
4. Қорғаныс қызметі генетикалық тұрғыдан алғанда табиғаты жат белоктарды организмдерді микроб инфекцияларынан қорғайды . Мұндай белоктарға иммуноглобулин ( антидене ) , интерферон , комплемент жатады . Фибриноген және тромбин сиякты белоктар қан ұйытуға қатысады , сөйтіп қан тамырлары зақымданған жағдайда қанның көп ағуынан сақтайды . 
5. Реттегiш қызметi - жеке клеткалардағы және тұтас организмдегі зат алмасуын реттейді , онын деуіне жағдай жасайды . Мұндай белоктарға инсулин гормоны , гипофиз гормондары және басқалары жатады . 
6. Құрылымдық қызметі - клетка мембраналарының , дәнекер ұлпаның орналасуын реттейді . Мұндағы белоктардың құрамына : сүйектің және сіңірдің құрылымдық белогы коллаген ; жүннің , тұяк пен мүйіздің құрылымдық негізі болып табылатын белок - кератин ; буын байланыстары құрылымында екі өлшемдік бағытта созыла алатын эластин кіреді . 
7. Рецепторлық қызметі клетка мембранасына орналасқан әр түрлі белоктар атқарады. Ол белоктар клетка мембаранасының беткі жағында белгілі бір қосылыстармен әрекеттескеннен кейін клктканың ігіне хабар берп тұрады.
8. Қоректік қызметтi - коректік белоктар атқарады . Оған негізгі азық - түлік өнімдері болып табылатын жануарлар мен өсімдіктердегі альбумин , глобулин , казеин , глиадин , гордеин , зеин және баска коректік белоктар жатады .
9.Репрессор белоктар - ДНК құрамындағы гендердің белсенділігін реттейді , ДНК молекуласының жеке учаскелеріндегі күшейту және бәсендету ( репрессия депрессия ) процестеріне қатысады . Мұндай белоктарға хромосомдағы гистондар , қышқыл белоктар жатады . Олар хабар беруші РНҚ - ның транскрипциялануын реттейді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет