2.Фосфопротеиндердегі простетикалық топ- фосфор қышқылының қалдықтары. Ол полипептидтік тізбектегі серинге немесе треонинге жалғасады. Фосфопротеиндерге сүттегі казеин , жұмыртқа сары уызындағы виталлин , балық уылдырығындағы ихтулин және бірқатар ферменттер жатады.
3.Гликопротеиндер - құрамында қанттар ( Д манноза, Д галактоза, Д глюкоза,гексозамигдер, сиал қышқылы және басқалары) бар күрделі белоктар. Жануарлардың, адамның, өсімдіктің ұлпаларында және микроорганизмдерде көп кездеседі. Гликопротеиндерге сілеией муциндері, тіреу ұлпалары( шеміршек, сүйек) мукоидтары жатады. Олар буындарды майлайды , клетка мембранасы құрылымының қалыптасуына , иммунологиялық реакцияларға қатысады, эритроциттердің беткі жағында орналасады, қан тобын анықтайды.
Гликопротеиндер құрамында 1-80% дейін қанттар болады. Көмірсулар белоктар бөлікке О - гликозидтік байланыс арқылы серин, треонин, қалдықтарымен жалғасқан , ал коллаген молекуласында - гидроксил - лизинның -ОН тобымен немесе N-гликозид байланыс арқылы аспарагиннің амид азотымен байланысқан.
Гликопротеиндердің белоктық бөлігі клетка мембранасында болады, ал көмірсу бөліктері мембранадан шығып тұрады. Қанттардың ослай орналасуы гликопротеиндердің ерекшелігін түзейді - клеткаларының бір - бірін тануы, иммун жүйесінің бөтег клеткаларды айыра білеуі, ұлпалардың сыйыспайтындығы , қанның топқа бөлінуі.
Гликопротеиндердің, гликолипидтердің осындай биологиялық ерекшелігі құрамындағы көмірсулармен байланысты.
Эритроциттер бетінде орналасқан белоктар ішінде жақсы зерттелген гликофорин . Оның молекуласында 130амин қышқыл қалдықтарынан құралған бір полипептидтік тізбек бар, М 30000 , көмірсу саны 60%, олар 16 олигосахаридтер бірлігінен тұрады. ГликоФориннің гидрофильді бөлігінде қанттар көп, сол бөлігінде қан топтарын анықтайтын жәнне ауру беретін вирустарды анықтайтын антигенді детерминанттар орналасқан.
Детерминантты қанттар болып О (ОН) қан тобына L - фуукоза, А тобына , N - ацетилгалактозамин , В тобына D- галактоза есептеледі.
Адам эритроцитінің мембранасындағы негізі гликопротеинде серин мен треонин қалдығына қанттар жалғасады.
Муциндер - көп қанття гликоаротеиндер , мукопротеиндер деп атайды. Сілекейде , клеткааралық сұйықтықтардя , ішекте, шеміршекте, бронхта, сүйекте , теріде болады.
Буындарда майлар ретінде өте маңызды қызметт атқарады. Ауыз қуысы , тыныс алу жолы, тағам жүретін жолының шырышты қабығы муциндермен жабылған. Муциндер созылмалы , жабысқақ белок.
4.Липопротеиндер- белоктар мер лицидтердег тұртатын комплекс. Клетка мембранасынығ құрылымына кіреді. Липопротеиндер бос күйінде қан плазмасында жәнн лимфада кездеседі және ол липидьерді , кейбір гормондарды бір орыннан екінші орынға ауыстырып апара алады. Элоктрофорездік қозғалғыштығы бойынша алфа-липопротеиндерге және ветта - липопротеиндерге бөлінеді. Липопротеиндерді ультрацентрифугалау жолымен бөліп алады. Бұл кезде олар қалқып бетке шығады. Липопротеиндер өзерінің тяғыздығына байланысты 4-класка бөлінеді.
хиломикрондар класының құрамы липидтерге ең бай болады. Бұлардың өздері белоктан 2% , триацилглицеролдар 90% , фосфолипидтеден , холестерлдан тұрады.
тығыздығы өте төмен липопротеиндер класф, құрамы 10% белоктан, 90% липидтен тұрадя. Олар негізі триацилглицеролды мен фосфолипидтер.
тығызлығы төмен липопротеиндер класы , құрамы 22% белоктан және 78% липидтердер тұрады, олардың негізгі холестерол эфирлері мен фосфолипидтер.
тығыздяғы жоғары липопротеиндер класы, құрамы 50% белоктан, 50% липидтен тұрады, олардың негізі фосфолипидьер мен холестерол эфирлері.
Липопротеиндер құрамына кіретін белоктар бөлігі ( аполипротсиндер) негізінде әр түрлі 9 белоктан құралады.
5.Хромопротеиндер ( гр chroma - түс , бояу және протеиндер деген екі сөзінен тұрадя) - боялған күрделі белоктар . Простетикалық тобы боялған зат және жарық сіңіргіщ белгілі бір спектрі бар. Хромопротеиндерге гемоглобин , миоглобин, цитохромдар, пероксиздаза, каталаза, флавиндік ферменттеи жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |