Қаржылық есептіліктің құрамы мен түрлері
Дәріс сұрақтары:
1 Қаржылық есептілік түсінігі мен мақсаты.
2 Қаржылық есептілікті пайдаланушылар.
3 Ұйымның қаржылық есептілігін қалыптастырудың тұжырымдамалық негізі.
4 Қаржылық есептілік компоненттері және элементтері.
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТҮСІНІГІ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ДЕГЕНІМІЗ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРДІҢ НЕМЕСЕ ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ, ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ МАҚСАТЫ
КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ, ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІ ЖӘНЕ АҚША АҒЫНЫ ТУРАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАЖЕТТІ АҚПАРАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ҰСЫНУ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК АҚПАРАТ КӨЗІ РЕТІНДЕ
КОМПАНИЯНЫҢ АКТИВТЕРІ, МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ, МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫ, ТАБЫСТАРЫ МЕН ШЫҒЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚШАЛАЙ АҒЫНДАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ.
Инвесторлар
Қаржылық есептілікті пайдаланушылар
Мемлекеттік органдар
жұмыскерлер
Жеткізушілер мен сатып алушылар
құрылтайшылар
Қарыз берушілер
Қаржылық есептілік мына принциптердің негізінде дайындалуы тиіс:
- есептеу әдісі.
- қызметтің үздіксіздігі.
3 – сұрақ. Ұйымның қаржылық есептілігін қалыптастырудың тұжырымдамалық негізі.
Есептеу әдісі бойынша – операцияның және өткен оқиғалардың нәтижесі:
- Олар үшін ақша қаражаттарының алыну немесе төлену сәтінде емес, операциялардың болған сәтінде мойындалады.
2.Есеп жазуларында және қаржылық есептілікке операциялар болған кезеңдегі мерзімге жатқызылады.
Қызметтің үздіксіздігі – бұл ұйымның болшақта үздіксіз яғни жойылып немесе жабылып кетпейтіндей қызмет істейтін мақсатын білдіреді.
Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары:
-түсініктілік,
-салыстырмалылық.
-орындылық,
-сенімділік.
Түсініктілік – яғни қаржылық есептіліктің ақпараттарын пайдаланушылар ұйымның шаруашылық, коммерциялық және бухгалтерлік есеп қызметтеріне қатысты біліктілігі арқылы ақпараттарды тиісті деңгейде түсіне алуы тиіс.
Салыстырмалылық – яғни қаржылық есептіліктің ақпараттарын пайдаланушылар:
1.Ұйымның қаржылық жағдайы мен нәтижесін бағалау үшін ақпараттарды өткен кезеңдермен немесе әртүрлі кезеңдермен салыстыруға мүмкіндіктері болуы тиіс.
2. Әртүрлі компаниялардың қаржылық есептіліктерінің көрсеткіштерін өз ұйымының мәліметтерімен салыстыра алу мүмкіндіктері болуы тиіс.
Орындылық – яғни пайдаланушыларға:
- Өткен, осы уақыттағы және болшақтағы жағдайларды бағалауға;
- Талдаудың нәтижесін растауға немесе түхетуге мүмкіндік беруі тиіс.
Сенімділік – яғни пайдаланушылар үшін қаржылық есептіліктің мәліметтері дұрыс, қатесіз берілуі тиіс.
Қаржылық есептілік компонент тері
№1 нысан Қаржылық жағдай туралы есеп беру
(бухгалтерлік баланс)
№2 нысан Жиынтық кіріс туралы есеп беру
№3 нысан Ақша қаражаттары туралы есеп беру
№4 нысан Капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру
Қаржылық жағдайды бағалаумен байланысты қаржылық есептіліктің элементтері:
|
Активтер - бұл өткен кезеңдердегі оқиғалардың нәтижесінде ұйыммен бақыланатын, болашақта экономикалық пайда әкеледі деп күтілетін ресурстары
|
Міндеттемелер - бұл компанияның өткен кезеңдердегі оқиғалардан туындаған, оны реттеу кезінде экономикалық пайда әкелетін ресурстардың азаюына әкелетін ағымдағы қарыздары.
|
Капитал (таза активтер) – компанияның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалатын активтегі үлесі.
|
Қызмет нәтижелерін өлшеумен тікелей байланысты қаржылық есептілік элементтері:
|
Табыстар - бұл есепті кезең ішінде активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің азаюы түрінде экономикалық пайданың өсуі, бұл меншік иелерінің салымдарына қатысы жоқ капиталдың артуына әкеледі;
|
Шығыстар - бұл есепті кезең ішінде активтердің азаюы немесе міндеттемелердің көбеюі түрінде экономикалық пайданың азаюы, бұл капиталдың азаюына әкеледі және оның меншік иелерінің арасында капиталдың бөлінуімен байланысы жоқ.
| |
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |