Химиялық құрамы. Түймешетені гүлшоғырының құрамында эфир майы (2% дейін) бар, оған a- және b-туйон, борнеол, туйол, пинен және l-камфора кіреді. Бұдан басқа, гүл шоғырларында флавоноидты қосылыстар акацетин, лютеолин, кверцетин - 2,5% кем емес, фенолкарбонды қышқылдар, ащы заттар- танацетин, дубильді заттар (6% дейін), алкалоидтар табылған. Химиялық құрамы. Түймешетені гүлшоғырының құрамында эфир майы (2% дейін) бар, оған a- және b-туйон, борнеол, туйол, пинен және l-камфора кіреді. Бұдан басқа, гүл шоғырларында флавоноидты қосылыстар акацетин, лютеолин, кверцетин - 2,5% кем емес, фенолкарбонды қышқылдар, ащы заттар- танацетин, дубильді заттар (6% дейін), алкалоидтар табылған. Сақталуы. Құрғақ, ауасы желденетін бөлмелерде. Жарамдылық мерзімі 3 жыл. Қолданылуы. Өт жолдары және ішектердің аскаридозы, энтеробиозы, лямблиозы, ішекқұрттарға қарсы қолданады. Түймешетен препараттарын жүктілік кезде қолдануға болмайды. Танацехол" препараты. ШЫРША БҮРШІКТЕРІ- CORMUS PICEAE ШЫРША БҮРЛЕРІ - STROBULI PICEAE Кәдімгі шырша- Picea abies (L.) Karst. – Қарағайлар тұқымдасы– Pinaceae Үшкір конусты кронасымен биік ағаш (20-50 м). Қабығы қызыл – қоңыр немесе сұр, жіңішке қабыршақты; балғын бұтақтары қоңыр немесе қоңыр – сарғыш, жалаңаш немесе өте дөңес жапырақ іздерімен ептеп жамылғылы, бүршіктері жұмыртқа – конус тәріздес, үшкірленген, қоңыр. Жапырақтары (қылқан) төрт қырлы, үшкір басты, жылтыр, ақшыл немесе қара – жасыл, ұзындығы 20-25 мм, ені 1-1,5 мм, бұтақтары қалың жауып тұрады. Тозаңданатын бүрлері ұзартылған цилиндр тәрізді, ұзындығы 20-25 мм негізінде ақшыл – жасыл қабыршақтармен қоршалған. Тұқым бүрлері ілінген, әуелі қызыл, одан кейін жасыл, пісіп жетілгендері қоңырланған, ұзындығы 10-16 см, ені 3-4 см. Тұқым қабыршақтары ағаштанған, сары, кері жұмыртқа тәріздес, дөңес, шеттері тісті; жабынды қабыршақтары тұқымдылардың негізінде орналасқан, пісіп жетілген бүрлері - әлсіз байқалатын терілі пленка. Тұқымдары қара – қоңыр, өздерінен 3 есе ұзын, қанатшаларымен тозаңдану мамыр – маусымда жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |