Механикалық
- 100 0 С жоғары температурада су буымен айдау әдісі. Бұл әдіс Дальтонның парциалдық қысым туралы заңына негізделген. Бұл әдіс шикізаттың құрамындағы эфир майының мөлшері көп болғанда қолданады.
2. Престеу әдісі. Цитрустардың қабығындағы эфир майларын алу үшін қолданады. Цитрустардың қабығы майдалынады да, пресс астына салынып сөлі алынады, одан эфир майы алынады.
Эфир майларды алу әдістері
3. Экстрация. Шикізатты органикалық еріткіштермен өндейді. Ондай еріткіштер ретінде хлороформ, эфир, сұйытылған пропан, бутан қолданылады. Шикізатты сірінділейді, сріндіні құйып алады да, еріткіштен айдау арқылы арылады. Сіріндіні спиртпен айдайды, өйткені спиртте эфир майлары мен басқа ұшқыш заттар ериді де, ұшпайтын заттар қалады. Спиртті құып алып, айдап, аластатады да эфир майын алады.
4. Анфлераж әдісі. Эфир майларын жиналған шикізаттан собренттердің сорып алуын негізделген. Собренттер ретінде қатты майлар, активтелген көмір және басқалар қолданылады. Бұл процесті 30-40 дана шыны рамаларды герметикалық түрде жинаған батареяларда жүргізеді. Қатты мйлармен жұмыс істегенде шынының екі жақ бетінде майлы сорбентті жағады. Шошқа және сиыр майларының қоспасы болып келген майды 3-5 мм қалындықпен жағады. Гүлдерді собренттің бетіне 3 см қалындықпен орналыстырады да 48-72 сағаттан кейін алып тастап, рамаға жаңа шикізат салады. Операцияны 30 ретке дейін сорбент эфир майларымен қаныққанша қайталайды. Эфир майларын спиртпен сірінділейді, спирттік сіріндіні мұздатады, одан тұнған қоспаларды аластатады. Одан кейін спиртті вакуумда айдайды да таза эфир майын алады.
Эфир майының мөлшерін су буымен айдау әдісімен Гинзберг аппараттарында анықтайды. Сонымен қатар:
- меншікті салмағын,
- оптикалық активтігін,
- сыну коэффициентін,
- спиртте ерігіштігін,
- қату температурасын,
- эфир майларындағы спирт, май, скипидар қоспаларын және басқа компоненттің мөлшерін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |