Эфир майларының өсімдік организміндегі физиологиялық қызметі
- Дәрілерді жағымсыз иісі мен дәмін дұрыстайтын заттар ретінде раушангүл және анис, жалбыз майы қолданылады.
- Суық тигенде теріні тітіркендіріп қыздыруға қолданылады.
- Қақырық түсіретін дәрілер ретінде қарағай, эвкалипт майлары қолданылады.
- Суық тигенде ингаляциялар ретінде эвкалипт майы қолданылады.
- Ішек түйілгенде және кепкенде – фенхель, жалбыз майлары мен кориандр, түймедақтар қолданылады.
- Арша және аскөк – диуретиктер ретінде, қолданылады.
- Фенолды эфир майлары (қалампыр майы) антисептик ретінде.
- Құрамында камфора бар эфир майлары жүрек бұлшық етін қоздырады, тынысты және қан айналуды күштейді.
- Эфир майы бар көптеген өсімдіктер аминореяда, дисминореяда, түсік түсіру үшін қолданылады.
- Әтірлер, сабындарды жұпарлау үшін.
- Тамақ өнеркәсібінде ликер алу үшін, наубайханаларда анис, кориандр дәндерін нанға қосады.
- Органикалық синтезде камфора, терпингдрат, цинеолды синтездегенде қолданады.
- Смолалар фармацевтикалық практикада желімделетін пластирьларды өндіргенде қолданылады. Кейбір смолалық қышқылдардың тұздары жақсы эмульгаторлар болып келеді. Смолалардың бірқатарының арнайы емдік қасиеттері де бар: іш айдайтын, тыныштандыратын т.б.
Эфир майларының қолданылу жолдары.
Құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдік шикізаты жіктеледі.
1. Құрамында ациклдық монотерпендер бар өсімдіктер.
2. Моноциклдық монотерпендер бар өсімдіктер.
3. Бициклдық монотерпендері бар өсімдіктер.
4. Сесквитерпендері бар өсімдіктер.
5. Ароматтық қосылыстары бар өсімдіктер.
Құрамында ациклдық монотерпендер бар өсімдіктер мен шикізаттары
ҚҰЛМАҚ БҮРЛЕРІ- STROBULI LUPULI Кәдімгі құлмақ - Humulus lupulus L. Туттар тұқымдасы– Cannabaceae Құлмақ – көп жылдық шөптес өсімдік. Кіндік тамырынан горизонтальды өркендер тарайды, олар түйіндерінде тамырланады, және олардан вертикальды өркендер дамиды. Сабақтарының ұзындығы 6 м дейін, төрт қырлы, күршек тәріздес тікеншелері бар. Төменгі жапырақтары супротивті, ұзын сағақты, домалақ, 3-5 терең саусақ күлтелі, шеттері ара тістес; жоғары қарай жапырақтары қарапайымдалған. Аталық гүлдері аспалы сыпыртқыда, аналықтары қолтықты қысқа масақта. Жемісі – жаңғақша. Пісіп жетілгеннен кейін масақтан жұмыртқа тәріздес бүр дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |