Химиялық құрамы. Киікотының шөптері және гүлдерінің құрамында 1,2% дейін эфир майы бар, оның құрамына хош иісті спирт, фенолдар, тимол (3,8-10,2% дейін) және карвакрол; сесквитерпендер (12,5%), бос спирттер (15% дейін), геранилацетат (5% дейін) кіреді. Майдың хош иісі бар және бактериоцитті қасиетке ие. Қолданылуы. Невроз, ұйқысыздықта, бас ауруында, жабырқаңқы көңіл күйде седативті құрал ретінде қолданылады. Өсімдіктің қан тоқтататын қасиетін қан ауруларында, жедел көмек кезінде қан тоқтатушы препараттармен бірге қолданады. Киікоты тәбет жоқ кезде, асқазан сөлінің төмен қышқылдығында, асқазан – ішек трактысының атоникалық күйінде, өт жолдарының дискинезиясында, метеоризмде, холециститте тиімді. Тер шығаратын және қақырық түсіретін құрал ретінде бронхиттерде, бронхоэктатты ауруларда,жедел респираторлы ауруларда қолданылады. Баспа, көк жөтел, созылмалы және жедел фарингиттерде және тонзиллиттерде киікоты шөбінің тұнбасын; сонымен бірге ингаляция кезінде қолданады. Пародонтоз, гингивиттер, стоматиттер кезінде киікоты тұнбасын (1:10) гемостатикалық, седативті және жансыздандыру құралы ретінде пайдалану ұсынылады. "Уролесан" препараты зәр шығару жолдарынан тастың шығуына септігін тигізеді, өт бөлінуін қарқындатады, спазматикалық әсер етеді.
Сақталуы. Құрғақ, жақсы желдетілетін бөлмелерде эфир май шикізаттарын сақтау ережелері бойынша. Жарамдылық мерзімі 3 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |