Құрамында терпеноиды бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Эфир майлар, құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар. Шикізатты талдау



бет17/21
Дата02.12.2022
өлшемі8,41 Mb.
#160867
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дәріс 7 фармация ФГЗЭфирмайлары

Химиялық құрамы. Гүл кәрзеңкелерінің құрамында 0,2-0,8% эфир майы бар, оның құрамына хамазулен кіреді. Эфир майы бұл қара-көк түсті қоймалжың сұйықтық, суда қиын ериді. Көк түсті болуы хамазуленге байланысты. Эфир майын сақтау кезінде хамазулен ауа оттегісімен тотығады және май әуелі жасыл, одан кейін қоңыр түсті болады. Бұдан басқа эфир майының құрамында, сесквитерпендер, кадинен, фарнезен, сесквитерпенді спирт бизаболол, каприл және изовалериан қышқылдары бар. Түймедақ гүл шоғырының прохамазулен матрицин және матрикарин лактоны (жоғарғы температурада осы екі зат та хамазуленге айналады), диоксикумариндер, умбеллиферон және оның метилді эфирі герниарин, триакантин, холин, фитостерин, салицил қышқылы, аскорбин қышқылы, каротин, ащы заттар, кілегей, шырыш алынады. Жер үсті массасының құрамында (шөпте) эфир майының 0,37%, мирцен және фарнезен бар. Қолданылуы. Түймедақ тұнбаларын ауыз қуысын және баспа, тонзиллит, ларингит кезінде тамақты шаю үшін пайдаланады. Түймедақты жиі басқа да дәрілік өсімдіктермен (шай түрінде) қолданады.

«Ромазулон» препаратының құрамында 96 мл түймедақ экстрактысы және 0,3 мл түймедақтың эфир майы бар. Оны баспа және созылмалы тонзиллиттер, стоматиттер, гингивиттер, глосситтер, тіс және қызыл иек ауруларында ауыз қуысын шаю үшін қабынуға қарсы және дезинфекция құралы ретінде, жоғарғы тыныс жолдарының профилактикалық санациясында қолданады.

Түймедақ-косметикалық құрал, ол шашқа алтын түс береді, ал теріге барқыт тәрізді нәзіктік беру үшін , парфюмерияда түймедақ гүлдерін лосьон, шаш сабын суын және кремдер жасауда қолданады.


Сақталуы. Құрғақ бөлмелерде, сөрелерде, қағаз төселген фанералы жәшіктерде. Жарамдылық мерзімі 2 жылға дейін. Жарамдылық мерзімі – 1жыл.

Мүмкін қоспалары. Иіссіз түймедақ Matricaria inodora L., дәрілік түймедақтан тұғырының тұтас болуымен және анағұрлым ірі (12 мм дейін) болып келуімен ерекшелінеді. Гүлді кәрзеңкелері иіссіз. Алқап - Anthemis arvensis L. тұғыры пленка тәріздес, конусты, тақ. Кәрзеңкелері анағұрлым ірі, иіссіз. Сыртқы белгілері бойынша дәрілік түймедаққа ұқсас, бірақ та тұғыры тақ және үстіңгі жағы пленка тәріздес. Иісі жағымсыз. Осылайша, дәрілік және хош иісті түймедақтардың қоспаларынан негізгі ерекшелік белгісі болып гүл тұғыры табылады: біріншілерде оның ішкі жағы қуыс, ал қоспаларында-тұтас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет