Химиялық құрамы. Эфир майлары, С дәрумені, дубильді заттар, шайырлар, минералды тұздар, фитонцидтер.
Химиялық құрамы. Эфир майлары, С дәрумені, дубильді заттар, шайырлар, минералды тұздар, фитонцидтер.
Дәрілік заттары. Қайнатпа, "Пинабин" жақпа майы.
Қолданылуы. Жара, ойық жара, іріңдердің жазылуы үшін шырша смоласын еріген шошқа майымен жақпа май түрінде қолданады.
Қайнатпа және тұнба түрінде бүрлерді тыныс алу жолдары ауруларын және бронхты демікпені емдеу үшін ингаляция түрінде пайдаланады.
Шыршадан эфир майын айдап алады және майды шабдалы майында ерітеді. "Пинабин" атты бұндай ерітінді тамшы түрінде бүйрек шаншуында және бүйрек тас ауруларында спазмалық және бактериостаттық құрал ретінде қолданылады.
ҚАРАҒАЙДЫҢ БҮРШІКТЕРІ - GEMMAE (TURIONES) PINI Кәдімгі қарағай - Pinus silvestris L. Қарағайлар тұқымдасы – Pinaceae
Қылқанды өсімдік, биіктігі 35-40 м дейін жетеді, домалақ сұлбасы бар, тік бағанды, балғын түрлерінде пирамидті. Инелері жұптаса орналасқан. Бүрлері ұзартылған- жұмыртқа тәріздес, сұр. Мамырда гүлдейді. Тұқымдары екінші жылы пісіп жетіледі.
Химиялық құрамы. Қарағай бүршіктерінің құрамында эфир майлары: (0,36%) пинен, лимонен, борнеол, борнилацетат, кадинен; шайырлар, крахмал, дубильды заттар, ащы зат (пиницикрин) табылады. Қылқанында аскорбин қышқылы, каротин, В тобының дәрумендері, пантотен қышқылы (3,8-13,7 мкг/г), көбінесе қыста және ерте көктемде жинақталатын антоцианды қосылыстар, шамамен 5% дубильды заттар, алкалоидтар бар. Сағыз (кәдімгі терпентин ) құрамында 35% дейін эфир майы бар, оның құрамынан пинен, карен, дипентен және т.б. табылған. Эфир майының құрамына шайыр қышқылы кіреді. Сағызды айдау жолымен тазаланған скипидар (терпентинді май) алады. Деготь – қарағай ағашының құрғақ айдауының өнімі, ол қара – қоңыр ауыр сұйықтық, өзіне тән иісі бар. Құрамында фенол, толуол, ксилол, шайыры бар.
Сақталуы. Құрғақ, қараңғыланған, жақсы желдетілетін, салқын бөлмелерде. Жарамдылық мерзімі 2 жыл.