Құрамында терпеноиды бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Эфир майлар, құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар. Шикізатты талдау
Құрамында терпеноиды бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Эфир майлар, құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар. Шикізатты талдау.
Терпеноидтар туралы түсінік, жіктелуі, құрылымы.
Терпеноидтар – көміртектік қанқасы изопреноидтық бөліктерден тұратын қосылыстар.
Изопреннің өзі еркін түрде іс жүзінде кездейспейді, өйткені оның реактивтік кабілеті өте жоғары. Алайда, изопрен алкалоидтардың, гликозидтердің, сапониндердің, А және К витаминдерінің, флаваноидтардың, кумариндердің құрамдық бөлігі ретінде көптеген өсімдіктерде кездеседі.
Терпеноидтар көптеген құрамында ЭМ, бальзамды, ЖГ, стериодты және үштерпенді сапониндер, ашы заттар, каучук, каротиноидтары бар ДӨ мен ДӨШ құрамына кіреді
Терпеноидтар көптеген құрамында ЭМ, бальзамды, ЖГ, стериодты және үштерпенді сапониндер, ашы заттар, каучук, каротиноидтары бар ДӨ мен ДӨШ құрамына кіреді
Эфир майлары
Эфир майлары – Olea aetherea – арнайы иісі бар ұшпа заттар. Су буымен айдалады. Май тәріздес сұйық консистенциясына бола оларды «майлар» деп атайды да, ұшпалығына бола – «эфир» деп атайды. «Эфир майлары» терминінің өзі XYIII ғасырда пайда болды да, дәл еместігіне қарамастан осы күнге дейін сақталып қалды.
Химиялық құрамы бойынша эфир майлары терпиноидтар мен олардың туындыларының күрделі қоспасы. Олардың туындылары: көмірсутектер, спирттер, күрделі эфирлер, альдегидтер мен кетондар, аз мөлшерде қышқылдар мен фенолдар.
Май деп аталғаны болмасы майлармен ешқандай ортақ қасиеттері болмайды. Эфир майлары қағазда майлы дақ қалдырғанмен, тез жойылып кетеді.
Эфир майларының алу әдістері
Айдау
сумен
Су буымен
Қызған бумен
Қысым астында
Экстракция
Органикалық еріткіштермен
(петролейнэфирі,
этилацетат)
b. Инертті газдармен
(аргон,ксенон)
c. сұйытылған газдармен
(көмірқышқыл газы,бутан)