Құрамында терпеноиды бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Эфир майлар, құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар. Шикізатты талдау


Сақталуы. Құрғақ, қараңғыланған, жақсы желдетілетін, салқын бөлмелерде. Жарамдылық мерзімі 2 жыл



бет15/21
Дата02.12.2022
өлшемі8,41 Mb.
#160867
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Дәріс 7 фармация ФГЗЭфирмайлары

Сақталуы. Құрғақ, қараңғыланған, жақсы желдетілетін, салқын бөлмелерде. Жарамдылық мерзімі 2 жыл.

Дәрілік заттары. Қаптамадағы қарағай бүршіктері. Зәр шығаратын және жөтел жинынтықтары. Қайнатпалар.

Қолданылуы. Жоғарғы тыныс жолдарының аурулары кезіндегі жөтел құралы. Сонымен бірге әлсіз зәр және өт айдау қасиеттеріне ие. Созылмалы бронхиттерде қақырық түсіретін және дезинфекция құралы ретінде қайнатпасы беріледі.

Скипидарды миозитте, невралгияда, люмбоишиалгияда жақпа май және линимент түрінде жағу үшін жергілікті жансыздандыру құралы ретінде пайдаланады.

Сесквитерпендері бар өсімдіктер мен шикізаттар

МЫҢЖАПЫРАҚ ШӨБІ - HERBA MILLEFOLIIМЫҢЖАПЫРАҚ ГҮЛДЕРІ - FLORES MILLEFOLII Кәдімгі мыңжапырақ (ақбасжусан) - Achillea millefolium L. Күрделі гүлдер тұқымдасы – Asteraceae

Көп жылдық шөптесін өсімдік, ирелеңдеген тамыр сабақты. Сабақтары тік, биіктігі 80 см дейін, жоғары қарай ұсақ кәрзеңкелі қалқан тәріздес гүл шоғырына бұтақтанады. Кәрзеңкелері ұзындығы 5 мм дейінгі гүлдерді еске түсіреді және 5 тілше тәріздес ақ немесе қызғылт және 14-20 түтікті сарғыш-ақ гүлдерден тұрады. Жапырақтары тамыр маңды, рөзетке тәріздес, сабақтарында кезектескен, ланцентті, екі-, үш қауырсын тілімді. Жемісі – тұқымша. Маусымнан бастап жаз бойы гүлдейді, жемістері шілде-қырқүйекте пісіп жетіледі.

Жақын түрлері: азия мыңжапырағы (Achillea asiatica Serg.), қылқанды мыңжапырақ (A. setacea Waldst. et Kit.), паннонды мыңжапырақ (A. pannonica Scheele).

Химиялық құрамы. Өсімдіктің құрамында алкалоид ахиллеин (0,05%), К дәрумені, сесквитерпендер, полисахаридтер, дубильді заттар, флавоноидтар, 1% дейін эфир майы, оның құрамына азулендер (25-30%), пинен, l-борнеол, күрделі эфирлер (10-13%), l-камфора, туйон, цинеол (8-10%), құмырсқа, сірке және изовалериан қышқылдары, спирттер (20%) кіреді. Эфир майы азуленді қосылыстарға байланысты қара-көк түсті, ол жапырақтарына қарағанда гүлдерінде көбірек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет