Рапишева Жанат Дабылқызы. «Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология» курсының оқу бағдарламасы


Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер



бет37/57
Дата24.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74451
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
Байланысты:
Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология 7M01701701

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: 1-7, 12, 15-18. Қосымша: 1-4, 7-10.
8 СОӨЖ тақырыбы: Қазақ тіліндегі терминжасам мәселесі.

Терминжасам тәсілдері. Семантикалық тәсіл. Морфологиялық тәсіл. Қысқарту. Калькалау тәсілі.



Тапсырмалар:

1-тапсырма. Белгілі бір ғылыми саласындағы терминдер мен терминдік тіркестерді қатыстыра отырып мәтін құраңыз. Мәтін арнайы тақырыпты сөз етуі және ғылыми стильдің ерекшеліктері мен талаптарына сай болуы керек.

Үлгі: Ұсынылатын терминдер мен терминдік тіркестері: Химиялық процесс, химиялық реакция, физикалық процесс, физикалық құбылыс, байланыс заңдылық, теория, тәжірибе.



Мәтін: Физикалық химия – химиялық процестер мен химиялық құбылыстардың өту заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Физикалық химия физика ғылымының негіздеріне сүйене отырып химиялық процестерді сандық жағынан сипаттайды. Химиялық реакциялардың өтуі міндетті түрде әр түрлі физикалық процестерге байланысты. Мысалы, реакция жүрген кезде жылу бөлінуі немесе сіңірілуі, электр тогінің пайда болуы, фотоэффектілердің байқалуы, т.с.с. Демек, физикалық және химиялық құбылыстардың арасында өте көп байланыстар бар. Физикалық химия осы байланыстарды зерттейді. Ол физиканың және химияның теориялық және тәжірибелік әдістерін, сонымен қатар өзіне тән әдістерді де пайдаланып химиялық реакцияларды, олармен қатар өтетін физикалық процестерді зерттейді.

Физикалық химияның негізгі мақсаты – химиялық процестердің заңдылықтарын ашу, осы процестердің өту бағытын, жылдамдықтарын зерттеу.

2-тапсырма. Үлгіге қарап отырып, медицинаға байланысты терминдер мен терминдік тіркестер беріңіз. Оларды қатыстырып мәтін құрыңыз.

3-тапсырма. Мәтіннен ғылыми стильдін негізгі белгілерін көрсетіңіз. Стиль талаптарына сай қандай ерекшеліктерді сақтау керек екендігін мысалмен дәлелдеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет