Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 1-7, 8. Қосымша: 1-4, 7-10.
№10 СОӨЖ тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі терминденуші лексика. Жалпы қолданыстағы сөздердің, кәсіби, диалект, көнерген т.б. сөздердің терминденуі
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Жалпы қолданыстағы сөз термин қатарына өткенде өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан айрылып, мүлде жаңа ұғымды белгілеуі мүмкін. Мысалы, жалпы қолданыстағы күмбез сөзі мешіт, сарай тағы басқа құрылыстардың сәнді өрнектермен әшекейленген шаңырақ тәрізді төбесі және әдемілігімен көзге түсетін әшекейлі құрылыс деген мағынаны білдіреді. Ал геологиялық терминологиядағы күмбез термині “биіктігі жүздеген метрден мыңдаған метрге дейін жететін, көміліп қалған не қазіргі вулкан конусы” деген ұғымды білдіреді. Жалпы қолданыста қалта деп киімнің омырауына тігіліп, ұсақ-түйек зат салуға арналған бөлігін айтады. Ал биологияда қалта (бурса) термині “қимылдау кезінде сіңірдің сүйекке үйкелісін бәсеңдететін сіңір, бұлшық ет, тарамыс астында болатын кілегейлі қалтарыс, дорба” деген ұғымды білдіреді.
Жалпы қолдасынтағы күмбез, қалта сөздерінің терминденуі негізінде геология, биология терминдері жасалған. Келтірілген мысалдардағы күмбез, қалта сөздері қалай терминденген? Басқа да мысалдар келтіріп, дәлелдеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |