Құрастырған: аға оқытушы Исмаилов И


Алгебра элементтерін оқытуда пайдаланылатын жаттығулар жүйесі



бет27/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#87731
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
әдіс. нұсқау Математика негіздері (Исмаилов)

Алгебра элементтерін оқытуда пайдаланылатын жаттығулар жүйесі

Оқушылардың практикалық тәжірибесі іскерлік және машықтарымен жиналады. Оқушыларға берілген есептердің әр түрлі болуы үлкен мағынаға ие. Бір түрдегі есептерді шешуді ұдайы қайталау механикалық мағына береді. Бұл әртүрлі жағдайда білімдерді қолдану және пікірлеуді дамытуға жәрдем бермейді.


Арифметикалық есептерді шешумен байланысты түрлі - түрлі тапсырмалар бар болып, олар оқушылардан пікірлеу қуатын, игерілген теориялық білімдерді түрлі практикалық жағдайларда қолдана алуды, өздігінен пікірлеуді талап етеді.
Оқушылардың практикалық тәжірибесі іскерлік және машықтарымен жиналады.
Осыған орай, белгілі ережеде берілген жаттығулар жүйесін орындағаннан кейін қажетті іскерліктер мен дағдылар қалыптасқаннан кейін, ол жаттығуларды орындау барысында қолданылған алгоритмді тиянақтап, оны бір жүйеге келтіріп жазып шығу керек. Мұндай жұмыс белгілі бір типтегі есептерді шығару алгоритмдерін бір жүйеге келтіріп, оны келешекте қолдану үшін еске қалдыруға және де оқушылардың есептеулерді орындау мен логикалық ойлау сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді.
Арифметикалық есептерді шешумен байланысты түрлі - түрлі тапсырмалар бар болып, олар оқушылардан пікірлеу қуатын, игерілген теориялық білімдерді түрлі практикалық жағдайларда қолдана алуды, өздігінен пікірлеуді талап етеді.
Математика сабағында көбінесе әрекеттің жалғасуын белгілейтін ережеден пайдаланылады. Мұндай ереже әдетте алгоритмдік жол – жорық деп аталады және белгілі бір естелік түрінде оқушыларға беріледі. Мәтінді арифметикалық мәселе, теңдеу, төрт арифметикалық амалдарды орындау үшін естелік мектеп практикасында кең таралған.
Мектеп тәлімінің негізгі мақсаты – мұғалім тарапынан берілген мағлұматтарды игеру және оларды саналы түрде қолдану ғана емес, сондай - ақ мектеп түлектерінің өз білімдерін өздігінен басқару үшін жеткілікті дәрежеде дайын екендіктерін білу де өте қажет.
Белгілі болғандай барлық жаңа мәселе есептер негізінен, бұрын игерілген білім, тәжірибе және іскерлік арқылы шешіледі. Сондықтан да жаңа материалды үйренуден бұрын жаңа білімдерді түсіну үшін оқушылар жадында білім және іскерліктерді қайта жаңғырту керек. Осы мақсатпен мұғалім дайындау жаттығуларын таңдап алады. Ол мұндай жаттығулар тізіміндегі әрбір жағдайды талдап, білім алу барысында ұйымдастырады және оқушыларды соған бағыттайды.
Төменде тапсырмалар түрлерінің үлгілерінен мысалдар келтірілген:
Өрнектің мәнін табыңдар:
1) 2a+3a+71, мұндағы a=9; 2) 29b-16b-151, мұндағы b=12.
1. Тиімді тәсілмен есептеңдер:
l) 46+a+24+a; 2) 96*7+4*7;
2. Өрнектердің мәндерін есептемей-ақ салыстырыңдар:

  1. 86-12*5 және 86-12*3; 2) 184 : 46+15 және 782 : 46+15;

3. Теңдеуді шешіңдер:
l) 6m+m-35=21; 4) (х+57): 7=12;
2) 17n+14n-145=134; 5) (161-y): 16=9;
Есепті шығару өрнегін құрастырып, мәнін табыңдар (137, 138).
4. Хайуанаттар паркіндегі бір пілге күніне а кг картоп, одан 7 килограмы кем сәбіз беріледі. Піл бір күнде неше килограмм картоп және сәбіз жейді? Мұндағы, a=24 кг.
5. Сағат жөндейтін шеберханада т қабырға сағаты, одан 2 есе көп қоңыраулы сағат, 3 есе көп қол сағат жөндеуде жатыр. Сағат жөндейтін шеберханада барлығы неше сағат жөндеуде жатыр? Мұндағы, m=4.
Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар (139-141).
6. Волейбол ойнауға бірнеше қыз және 6 ұл бала шықты. Олар 2 командаға тең бөлінгенде командалардың әрқайсысында 9 ойыншыдан болды. Волейбол ойнауға неше қыз қатысты?
А. 9 қыз; В. 12 қыз; С. 10 қыз; D. 15 қыз.
7. А және В қалаларының арасы 160 км. А қаласынан шыққан поезд 2 сағат жүрген сон B қаласынан 30 км қашықтықта болды. Поездың жылдамдығын табыңдар.
10. Тік бұрышты параллелепипед тәріздес бактың көлемі 810 дм3, оның биіктігі 9 дм. Бактың табанының ауданын табыңдар.
11. х-ті теңдік тура болатындай санмен ауыстырыңдар:

  1. 12 км 35 м=х м; 4) 18 ц 25 кг=х кг;

  1. 4 км 172 м=х м; 5) 2 сағ 10 мин=х мин;

  1. 8 т 230 кг=х кг; 6) 45 мин=х сек.

12. Өрнекті ықшамдаңдар:
1) 12-a-5-2; 3) 9(х+6); 5) 8(х+6)-28;
2) 4b-25-7; 4) 5(2х+7); 6) 7(2х+3)-10х;
13. Өрнектің мәнін табыңдар:

  1. 45х+26х+17х-78х, мұндағы х=16;

  1. 118х-56х-35х-27х, мұндағы х=101;

14. Өскемен және Семей қалаларының арасы 272 км. Бір уақытта Өскеменнен жеңіл машина, Семейден автобус шығып, олар бір-біріне карама-қарсы жүріп, 2 сағаттан сон кездесті. Жеңіл машинаның жылдамдығы 80 км/сағ. Автобустың жылдамдығын табыңдар. А. 50 км/сағ; В. 55 км/сағ; С. 56 км/сағ; D. 60 км/сағ.
15. Қайық 7 км/сағ меншікті жылдамдықпен өзен ағысымен 2 сағат жүзіп, 18 км қашықтыққа барды. Өзен ағысының жылдамдығы сағатына неше километр?
16. Бақта катар орналасқан 8 алма ағаштарының ең шеткі екі алма ағашының арасы 42 м. Алма ағаштары бір-бірінен неше метр қашыктықта орналасқан?
17. Сағат 14-те аялдамадан 60 км/сағ жылдамдықпен автобус шықты. 1 сағат өткен сон оның соңынан 90 км/сағ жылдамдықпен жеңіл машина шықты. Жеңіл машина автобусты сағат нешеде қуып жетеді?
18. Саяхатқа шыққан мектеп оқушылары ұзындығы 80 м колоннамен сап түзеп келеді. Колоннадағы балалар v м/мин жылдамдықпен жүріп келеді. Айгүл колоннаның соңынан колонна басындағы досына жету үшін 100 м/мин жылдамдықпен жүгірді. Айгүл неше минутта колонна басындағы досына жетеді? Мұндағы v =60.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет