Құрастырған: аға оқытушы Өтегенова О. К



бет10/20
Дата11.01.2017
өлшемі3,96 Mb.
#7250
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

ӘРЕКЕТ


Практикалық әрекеттер

Ақыл-ой әрекеттері


Бұл танымдық іс-әрекет оқылатын пәндерді және дүние құбылыстарын жан-жақты және терең танып білуге көмектеседі.





1. Іс-әрекет - ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Әрекет________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Психологияда әрекет қалай бөлінеді? Төмендегі сызбаны пайдаланып әрі қарай толықтырып жаз.













1. Дүниетанымның құрамды бөліктері

А. білім, сенім мұрат В. әдіс, тәсіл С. сезім, түйсік Д. бастапқы, негізгі Е. мәдениет

2. Сынып жетекшісі қызметі Қазақстанда қашан енгізілді

А. 1934ж. В. 1945ж. С. 1986ж. Д. 1912ж. Е. 2008ж.

3. Білім, сенім, мұрат

А. дүниетанымның құрамды бөліктері В. сенімнің үйлесімді қасиеті

С. құбылыстар мен процес арасындағы байланыс Д. идеялардың жиынтығы

Е. тәрбие теориясы

4. Д.С.Лихачев қандай ұғымды енгізді

А. “экологиялық мәдениет” В. Эстетика С. Дидактика Д. білім беру Е. экология

5. Александр Баумгартен қандай ұғымды енгізді

А. “эстетика” В. экологиялық мәдениет С. Дидактика Д. білім беру Е. экология

6. “Қиын балаларды” жеке және топтап қайта тәрбиелеу бағдарламасын ұсынды

А. Л.Керімов В. В.Трифонов С. Ә.Жұмабаев Д. Г.А.Уманов Е. А.С.Макаренко

7. Психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, кәмілетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы жасөспірімдер

А. қиын балалар В. қайта тәрбиелеу С. өзін-өзі тәрбиелеу Д. Дамыту Е. қалыптасу

8.Өзін-өзі тәрбиелеу процесі бастау алады

А. жеткіншек шақтан В. сәбилік шақтан С. балалық шақтан Д. мектеп жасынан

Е. балдырған жастан

9. Өзіңді-өзің саналы, жоспарлы, жүйелі түрде қолға алу

А. өзін-өзі тәрбиелеу В. қайта тәрбиелеу С. білім алу Д. тәрбие Е. білік

10.Бұл жеке тұлғаның өзіне қоятын талаптар жүйесін қамтиды

А. өздігінен білім алу В. тәрбие С. Оқыту Д. Түсіндіру Е. даму

11. Өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші болып табылады

А. түрткі мен қажетсіну В. Дағды С. Жаттығу Д. қайта тәрбиелеу Е. әдет

12. Түрткі мен қажетсіну-өзін-өзі тәрбиелеудің ... болып табылады

А. қозғаушы күші В. Қажетсіну С. Түрткі Д. Талап Е. дағды

13. Өзін-өзі сендіру, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі сынау

А. өзін-өзі тәрбиелеу жолдары В. әңгімелеу С. Түсіндіру Д. қайта тәрбиелеу

14. Оқушының өзін-өзі қалай ұстайтыны немесе олай істемеу керектігі туралы өзін сендіреді

А. өзін-өзі сендіру В. өзін-өзі бақылау С. өзін-өзі сынау Д. өзін-өзі талдау Е. білім беру

15.Бастауыш сынып оқушыларының әсемдікті сезіне білуі

А. экологиялық мәдениет В. эстетикалық мәдениет С. еңбек тәрбиесі Д. дене тәрбиесі



Е. құқықтық тәрбие



Сабақ тақырыбы: Тәрбие теориясы. Тәрбиенің теориялық негіздері.

Сабақтың жоспары:

  1. Тәрбие – педагогикалық ұғым.

  2. Тәрбие мазмұны.

Теориялық мәліметтер:

Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты-заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар-философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. ҰПлатонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы-ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.

Я.А.Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие(. Джон Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптасыру.

“Өз істерін ақылмен және байыппен жүргізетін адам”. Ж.Ж.Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының бағыт-ұстанымынан айныған емес.

Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесімді болуының биігінен көрінуі қажеттілігіне тоқталса, ал И.Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптасытруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртәптә сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А.Дистерверг “мейірімкке өз ынтасымен қызмет”ету деп анықтаған.

Ерте заманнан бері тәрбие мақсаты жайлы пікір жалғасып келеді. К.Д,Ушинский жазғандай :”Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сіздің дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші “бақыт” дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық”-деп те түсінеді.

Осыған орай сұрақ туады, балаға әрқашан бақытты болу пайдалы ма, бұл әлеуметтік мәселелерді шешуде дәрменсіздікке, қайратсыздыққа әкелмей ме? Сөз тек осы күнгі тәрбие мәселесі жөнінде емес: педагогтар жастардың бүгіні мен болашағын ескере отырып, өмірдің күрделі де қиын мәселесін шешуге дайындауға ынталану деп ұққан жөн.

Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моралдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл позиция-тәрбиенің негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.

Ресейде, социал-демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көзқарастарын әлемге ұсынды. ХІХғ.40-жылдарында В.Г.Белинский крепностойлық право мен патшалық саясатқа қарсы күрескерді тәрбиелеу деп жазды. А.И.Герцен тәрбие мақсаты-қоғамдағы әділетсіздікпен күресетін еркін ойлы, адамгершілігі мол, қайраткер, жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау деп санады. “Біз ақыл-ойдың дамуына таныммен қатар адамгершілік тәрбиенің міндеті анағұрлым маңызды”-деп К.Д.Ушинский жазды.

Сол себепті, бүгінгі тәрбиенің мақсатын әлеуметтендіру мәселелерімен бірлікте қарастыру өзекті мәселелердің бірі екеніне ерекше мән берген орынды.



Тәрбие мақсаты-ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындайды.

Тәрбие мақсаты-бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қолжеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты-педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиенің мақсаты нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі (И.П.Подласый).

Тәрбие мақсаты жалпы және жекеленіп келеді. Жалпы тәрбиенің мақсаты, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделі екендігін көрсетеді. Мақсаттылыққа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.

Мәдениет деңгейі, тәрбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты –тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді. Қоғамның тәрбие мақсатын өз бетінше ойдан шығаруына болмайды.

Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның объективті даму заңдылығына сүйену қажет.

Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс күші және өндіріс түрі қатынасының даму деңгейімен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен анықталып отырады.

Негізгі мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушылардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар ткралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін бөліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қалыптасытрумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақыл-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты (Э.Фромм).



Бақылау сұрақтары:

1. Тәрбие мақсатының мәнін ашу.

2. Тәрбие мақсатының әдіснамалық қалыптасу негізіне сипаттама беру.

Студенттердің үй тапсырмасы :

  1. Жалпы және жеке тәрбие мақсаттарының өзара байланыс схемасын құру



7-апта 2,0 балл




Document

1. Эстетикалық түсінік, баға, талқы, қажеттік, таңдау және қабілетті дамыту

А. дене тәрбиесі В. тәрбиенің басты міндеті С. еңбек мәдениеті

Д. эстетикалық мәдениет Е. экологиялық мәдениет

2.Эстетика сөзі қай тілден енген

А. Қазақ В. Қытай С. Грек Д. өзбек



3. Эстетика сөзінің мағынасы

А. Зейін В. тәрбие С. Білім Д. ақыл,ес Е. сезім, түйсік

4. Көркемөнерде, өмірде әсемдікті шамасынша қатысуға қабілеттері мен мүмкіндіктерін тәрбиелеу

А. еңбек тәрбиесі В. эстетикалық тәрбие С. дене тәрбиесі Д. ақыл-ой тәрбиесі

5. Бұйыру, нұсқау, ақыл-кеңес беру, қадағалау амалдары арқылы тура немесе жанама түрде атқарылады

А. өтініш В. тікелей талап С. жанама талап Д. талап қою Е. тапсырма

6. Жаттығу барысында қалыптасады

А. Дағды В. Түрткі С. қозғаушы күш Д. Сенім Е. Арман

7. Нақтылы өмір құбылыстарын ескере отырып, тәрбиешілік жағдайлар туғызып, оқушыларды соған арнайы жаттықтыру

А. Жарыс В. Үйрету С. жаттығу Д. Кеңес Е. дағды

8. Мақсаттылық, көпфакторлылық, ұзақтығы, комплекстік, екі жақтылық

А. ТП комплекстілігі В. ТП екі жақтылығы С. ТП ұзақтығы Д. ТП ерекшеліктері

9. Тәрбиенің өмір бойына созылатындығы

А. ТП ерекшелігі В. ТП үзіліссіздігі С. ТП комплекстігі Д. ТП мақсаттылығы.

10. Бұл тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара жүйелі, үздіксіз әрекеттесу процесі

А. ТП үздіксіздігі В. ТП ұзақтығы С. ТП қозғалмалылығы Д. ТП мақсаттылығы

11. Тәрбиелік жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістерінің бірлігін білдіреді

А. ТП үзіліссіздігі В. ТП комплекстігі С. ТП ұзақтығы Д. ТП мақсаттылығы

Е. ТП ерекшелігі

12. Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық және бұқаралық болып бөлінеді

А. тәрбие формалары В. тәрбие құралы С: оқыту әдісі Д. оқыту құралы Е. көрнекілік

13. Тәрбие процесінің сырттай көрінісі

А. Фон В. Фигура С. Форма Д. Пішін Е. түр

14.Өнер, шеберлік деген мағынаны білдіреді.

А. Технология В. Психология С. Философия Д. Методика Е. педагогика

15.Тәрбиеленушілерге үш бағытта әсер ету

А. білім,білік,дағды В. сана, сезім, қылық С. ашу, дұшпан, дос Д. сөз, өнер, тіл

Е. ой, пікір, ұғым








Сабақ тақырыбы: Тәрбие түрлері. Отбасы – тәрбие ошағы.

Сабақтың жоспары:

  1. Тәрбие түрлері.

  2. Отбасы – тәрбие ошағы.

Теориялық мәліметтер:

Отбасы тәрбиесі- бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері. Балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балаларды еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту, ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту, аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар.

Отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы отбасы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.

Тіршілік әрекетәнің жағдайлары:отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.

Отбасының мәдени потенциялы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формлары, кітапхананы, теледидарды, музыка спорттарын пайдалана білуі, спортпен айналысу,отбасылық дәстүрлік мерекелер.

Ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттері мен көзқарасы.

Қоғамға көзқарасы: Еңбек пен қоғамдық міндеттерге қоғамдық тәрбие институттарына қатысады.

Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі:отбасылык тәрбие, отбасылық әдістер, ата-аналардын және басқа мүшелердін педагогикалық мәдени дәрежесі.

Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:

Отбасындағы өктемдіктің баланың өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оғвн қарсы қоярлық ішкі күш жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы.

Баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, кешірушілік.балканың дегеніне көніп жетегіне еру оны өзімшілдіке тәрбиелейді.

Отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланы екіжүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өсу;

ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып,баланың қалыптасуына кері әсер етуі.

Ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайлы қарап, жауапсыздық танытып, балның, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.
Бақылау сұрақтары:

Отбасы тәрбиесіқалай берілсе бала әдепті болады деп ойлайсыз?

Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайларды атаңыз?

Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептерінеде?
7-апта 2,0 балл








Document


1.Табиғи экспериментті психологияға енгізген

А. Джон Локк В. Лазурский А.Ф. С. Лейбниц Г. Д. Спиноза Б. Е. Гоббс Т.

2. Автоматталған әрекет

А. Ассоциация В. Инстинкт С. Дағды Д. әрекет Е. ойлау

3. Психика дамуының ең жоғары сатысы

А. Сана В. Ойлау С. Түйсіну Д. Қабылдау Е. зейін

4. Тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркеніп, тіршілік етуге бейімделуі

А. Байланыс В. Сезімталдық С. Интеллект Д. Сана Е. психикалық процесс

5. Топтағы адамдардың қарым-қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған

А. Дж.Морено В. Дж.Локк С. З.Фрейд Д. И.М.Сеченов Е. И.П.Павлов

6. Адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш

А. Ептілік В. Дағды С. Қажеттілік Д. Бейімділік Е. әдет

7. Қажеттіліктің нақтылы көрінісі

А. Ниет В. Қажеттілік С. Сенім Д. Құмарлық Е. аффект

8. Үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмдердің төселуі

А.динамикалық стереотип В. Аффект С. Ассоциация Д. Стресс Е. Көңіл күйі

9. Динамикалық стереотипті тауып, зерттеген

А. В.Вунд В. И.М.Сеченов С. И.П.Павлов Д. Торндайк Е. Кант

10. Қозудың және тежелудің белгілі орталықта тұрақтап қалмай, көршілес орталықтарға таралуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет