Құрастырған: аға оқытушы Өтегенова О. К



бет8/20
Дата11.01.2017
өлшемі3,96 Mb.
#7250
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Сабақтың тақырыбы: Мектеп жұмысын жоспарлау.

Сабақтың жоспары:

  1. Жоспарлау басқару қызметінің бірі ретінде.

  2. Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау.

Теориялық мәліметтер:

1. Барлық басқару қызметтерінің үйлесімді өз ара байланысы жоспарлауға негізделеді. Жоспарлау (іс-әрекет жоспарын құру) дегеніміз іс-әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға, бағытталған шараларды анықтау. Тиімді жоспарлау дегеніміз:

жұмыс жай күйін жан-жақты және мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің қол жеткізген нәтижелеріне объективті баға беру;

алдағы уақыттағы іс-әрекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді, құралдарды айқындау, оларды шешудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.

2. Мектептің оқу-тәрбие процесі туралы, оның тиімділігінің деңгейі туралы ақпарат талдауы жоспар құрудың маңызды кезеңі болып табылды. В.А.Сухомлинский: “Мектептің өткен жылғы жұмысына терең талдау жасамай келер жылға жоспар құру мүмкін емес. Кемшіліктерді түзету өткен жылғы жұмысқа қаншалықты терең әрі жан-жақты талдау жасалғанына байланысты” – деп санаған. Мектеп жұмысын талдауы “мұғалімдер ұжымын оқушылардың мықты білімі мен өте жақсы үлгерімі үшін, кемшіліктерді тез және дер кезінде жою үшін күреске жұмылдыру сияқты мақсат негізінде” жүргізілуі қажет.

Мектептің өткен жылғы жұмысына талдау жасаудың көптеген әдістері бар. Мына тараулар туралы ақпараттар болу керек:



мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті;

мектептегі әдістемелік жұмыстың жай-күйі;

білім берудің жай-күйі, білім берудің деңгейін көтеру үшін мұғалімдер ұжымының жұмысы;

мұғалімдер ұжымының оқушылар ата-аналарымен жұмысының жай-күйі;

қоғамдық оқушылар ұйымдары жұмысының нәтижесін жақсарту үшін мұғалімдердің көмегі;

оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;

оқушылардың сабаққа қатысуының жай-күйі;

оқушылардың білім, білік және дағдыларының жай-күйі;

жалпыға міндетті оқуды жүзеге асырудағы ұжымның іс-әрекеті.

Бақылау сұрақтары:

Мектеп жұмысын талдағанда бірінші орынға нені қою керек?

Жоспардың сараптамалық бөлімін кім дайындайды?

Мектептің өткен жылғы жұмысына талдауда қандай әдістер қолданылады?

Document

аглютинация


қиял


Еріксіз қиял

Ерікті, еріксіз


Физиологиялық негізі


шабыт

Қайта жасау қиялы

шығармашылық


Шығармашылық қиял



1. Адам тұлғасының дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан-жақты жетілуі,

қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, тән саулығын көтеру

А. дене тәрбиесі мақсаты В. экологиялық тәрбие мақсаты

С. адамгершілік тәрбиенің мақсаты Д. эстетикалық тәрбие мақсаты

Е. экономикалық тәрбие мақсаты

2. Тән-денелік бой тіктеу үшін қажетті білімдер әдістерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу

А. еңбек тәрбиесі В. эстетикалық тәрбие С. экономикалық тәрбие

Д. экологиялық тәрбие Е. дене тәрбиесі

3. Тәрбиеленушіде техника, технология және өндірісті ұйымдастыру, ептіліктер мен дағдылар, еңбеккерге сый-құрмет сезімін қалыптастыру

А. адамгершілік тәрбиенің мақсаты В. экологиялық тәрбие мақсаты

С. еңбек тәрбиесі мақсаты Д. эстетикалық тәрбие мақсаты Е. экономикалық тәрбие мақсаты

4. Өндіріс және рухани игіліктерді бөлісу, алмасу мен қажетке жарату

жөніндегі түсініктерді меңгертуге бағытталған

А. эстетикалық тәрбие В. дене тәрбиесі С. экономикалық тәрбие Д. экологиялық тәрбие

Е. еңбек тәрбиесі

5. Нарықтық заман аймағында бағыт-бағдар алып жүруге қабілетті, әрі өз іс-әрекеті мен қызметін үнемді, тиімді іске асыра алатын тұлға қалыптастыру

А. еңбек тәрбиесі мақсаты В. экономикалық тәрбие мақсаты

С. экологиялық тәрбие мақсаты Д. адамгершілік тәрбиенің мақсаты

Е. эстетикалық тәрбие мақсаты

6. Бұл тәрбие мақсатына жетудің жолдары, тәсілдері

А. тәрбие формалары В. оқыту әдістері С. тәрбие әдістері Д. тәрбие құралдары

Е. оқыту формалары

7. Қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушілердің

санасына, еркіне, сезіміне және қылық-әрекетіне ықпал жасау тәсілдері

А. тәрбие әдістері В. оқыту әдістері С. тәрбие формалары Д. тәрбие құралдары

Е. оқыту формалары

8. Құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс

А. Заңдылық В. Принцип С. әдіс Д. тәсіл Е. форма

9. Тұлғаның өмір сүру барысында жеке басында, айналасында кездесетін,

оған ықпал ететін әртүрлі жағдайлар

А. Форма В. заңдылық С. әдіс Д. тәсіл Е. педагогикалық құбылыстар

10. “Заңдылық” дегеніміз

А. құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс В. тұлғаға әсер ететін түрлі жағдайлар

С. тәрбие формасы Д. өмірлік ұстаным Е. “бастапқы, негізгі” деген түсінік

11. Принцип деген ұғым білдіреді

А. Заңдылық В. бастапқы, негізгі С. тәрбие Д. білім беру Е. оқыту

12. Тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда қолданылатын басты тәрбие идеяларының жиынтығы

А. тәрбие әдістері В. тәрбие теориясы С. тәрбие заңдылықтары Д. тәрбие принциптері

Е. тәрбие құралдары

13. Тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады.

А. еңбек арқылы тәрбиелеу В. тәрбие мақсаттылығы С. талап қою мен құрметтей білу

Д. ұжым арқылы тәрбиелеу Е. жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу

14. Баланы еңбек ете білуге, оны қастерлеуге, еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру.

А. ұжым арқылы тәрбиелеу В. тәрбие мақсаттылығы С. талап қою мен құрметтей білу

Д. еңбек арқылы тәрбиелеу









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет