Құрастырған: аға оқытушы Өтегенова О. К



бет6/20
Дата11.01.2017
өлшемі3,96 Mb.
#7250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың жалпы формалары.

Сабақтың жоспары:

  1. ”Форма” ұғымы.

  2. ПЖ ұйымдастыру формалары.

Теориялық мәліметтер:

Түрлері” деген ұғым латын тілінен аударғанда “форма” сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық – белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде “түрлері” ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни, “түрлері”ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі – оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым-қатынасы (Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы – мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.



Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әр түрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі: оқушының саны мен құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:

жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);

жеке-жұптық (оқушы-оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады);

жеке-топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).

Бақылау сұрақтары:

“Форма” дегеніміз не?

Педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларын атаңыз.




1.Уақытына қарай күнделікті, апталық, айлық, тоқсандық, жылдық болып бөлінеді

А. технология

В. ақпарат

С.перспектива

Д.құжат


Е. білім

2.Оқу пәндерінің құрамын, оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын анықтайды

А. оқулық

В.оқу бағдарламасы

С. оқу жоспары

Д.жылдық жоспар

Е.мектеп кеңесі

3.Әрбір пәннің мақсат, міндеттері,сипаты мен құрылысы және пәнаралық байланысы, оның мазмұнының бірізділігі көрсетіледі

А. мемлекеттік стандарт

В.оқу жоспары

С.ақпарат

Д. оқу бағдарламасы

Е.оқулық

4.Мұғалімнің оқушылар білімін тексеруі мен бағалауы

А. оқыту

В. оқытуды бақылау

С.тәрбиелеу

Д. білім беру

Е. қалыптастыру

5.Жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы

А. белсенділік

В. қызығушылық

С.тапқырлық

Д.байқағыштық

Е.қабілеттілік

6. «Нашар мұғалім шындықты хабарлап қояды, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді»-деп жазған

А. Коменский Я.А

В. Песталоции И.Г.

С.. Дистерверг А.

Д. Руссо Ж.Ж.

Е. Ушинский К.Д.

7.Оқушының іс-әрекеті мен пәнімен қосылғандағы дәрежесін анықтайды

А. жекелік

В. қызығушылық

С. талант

Д.дарындылық

Е. белсенділік

8.Шартты түрде сабақ : кіріспе, топтық және қорытынды болып бөлінеді

А. сабақ әдісі

В. сабақ құрылымы

С.сабақ түрі

Д.сабақ тәсілі

Е.сабақ формасы

9.Оқыту әдісі, жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет

А. түсіндіру

В.үйрету


С. жаттығу

Д. білім беру

Е. иллюстрация

10.Оқу материалының логикалық мазмұндалуы, ақпарат көптілігімен, білімнің жүйелік ерекшелігі мен айқындалады

А. әңгіме

В.дискуссия

С.баяндау

Д. лекция

Е.демонстрация

11.“Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім

адамзаттың қас жауы...”-деген

А. Абай


В. Аристотель

С. Әл-Фараби

Д. Шоқан

Е. Ыбырай

12. Тәрбие процесін қарастыратын педагогиканың бір бөлігі

А. тәрбие

В. педагогикалық мағынадағы тәрбие

С. әлеуметтік мағынадағы тәрбие

Д. тар мағынадағы тәрбие

Е. тәрбие теориясы

13. Тәрбие мақсатына жетуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын өзара әрекеті

А. оқыту


В. білім беру

С. тәрбие

Д. даму

Е. қалыптасу



14. Табиғат, әлеуметтік орта, мектеп, ата-ана, бүкіл бұқараның ықпал жасауы

А. тәрбие принциптері

В. тар мағынадағы тәрбие

С. тәрбие процесінің ерекшеліктері

Д. кең мағынадағы тәрбие

Е. тәрбие заңдылықтары

15. Мақсаттылық, көпфакторлық, нәтиже алшақтығы, ұзақтылық, үздіксіздік,

комплекстілік, екі жақтылық

А. тәрбие принциптері

В. тар мағынадағы тәрбие

С. кең мағынадағы тәрбие

Д. тәрбие процесінің ерекшеліктері

Е. тәрбие заңдылықтары

16. Бұл белгілі бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру

А. Арман В. міндет

С. Мақсат Д. Қиял Е. ойлау



Сабақтың тақырыбы: Қазіргі кездегі білім беру жүйесі.

Сабақтың жоспары:

  1. Білім беру жүйесінің басты сипаты.

  2. Білім беру деңгейлері.

Теориялық мәліметтер:

Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени – ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты – білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.



Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байии түсуде. Атап айтқанда:

есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше, қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.



2.Заңнамаларға сәйкес білім беру бағдарламаларының сабақтастығы мен үздіксіздігінің принциптеріне негізделген білім жүйесінің ұлттық үлгісі білім берудің төрт деңгейін қамтиды. Ол төмендегідей:
Мектепке дейінгі орта(жалпы орта,баст.

тәрбие мен оқыту және орта кәсіптік білім

беру)




жоғары кәсіптік

ЖОО кейінгі кәсіптік

білім

Бақылау сұрақтары:

Білім беру ұғымына анықтама беріңіз?

Білім беру жүйесін түсіндіріңіз.

Білім беру деңгейлеріне сипаттама беріңіз.










  1. Теориялық деңгей әдістері зерттеушіге қай жағынан көмектеседі?

  2. Әдебиет көзін зерттеу әдісі?

  3. Талдау мен синтез әдісі.

  4. Абстракциялау.

  5. Дәріптеушілік.

  6. Индуктивті және дедуктивті әдістер.

  7. Ұқсастыру әдістері.

  8. Модельдеу әдісі.

  9. Болжау әдісі.

  10. Математикалық және статистикалық әдістер.

  11. Тіркеу әдісі.

  12. Тізбектеу әдісі.



1. Тұлғалық бағыт, тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы, тәрбиеде ұнамды өнегені пайдалану, тәрбиелік ықпалдар бірлігі, тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы.

А. тәрбие әдістері В. тәрбие заңдылықтары С. тәрбие принциптері

Д. тәрбие тәсілдері Е. тәрбие формалары

2. Тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне, ұйымдасуына қойылатын негізгі талаптарды анықтаушы жалпы бастау тұжырымдары

А. тәрбие тәсілдері В. тәрбие заңдылықтары С. тәрбие әдістері

Д. тәрбие принциптері Е. тәрбие формалары

3. Ақыл-ой, дене, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық,

экологиялық, құқықтық тәрбие

А. тәрбие заңдылықтары В. тәрбиенің құрамды бөліктері С. тәрбие әдістері

Д. тәрбие тәсілдері Е. тәрбие формалары

4. Білім, сенім-мінез-құлық, сезім

А. тәрбие процесінің этаптары В. тәрбие заңдылықтары С. тәрбие әдістері

Д. тәрбие тәсілдері Е. тәрбие формалары

5. Мінез-құлықтың орнықты әдеттері, тұлға сапалары, көзқарастар мен

сенімдер, білім, икемділік, дағдылар жүйесі

А. тәрбие мазмұны В. тәрбие заңдылықтары С. тәрбие әдістері

Д. тәрбие тәсілдері Е. тәрбие формалары

6. Бұл тәрбие процесінің сыртқы көрінісі

А. оқыту әдісі В. тәрбие формасы С. тәрбие әдістері Д. тәрбие тәсілдері Е. тәрбие құралы

7. Жеке, шағын топтық, ұжымдық және бұқаралық болып бөлінеді

А. тәрбие әдістері В. оқыту әдісі С. тәрбие формалары Д. тәрбие тәсілдері Е. тәрбие құралы

8. Латынның “коллективус” деген сөзі білдіреді

А. бала жетектеу В. жиын, ұжым, топ С. жан туралы ілім Д. Материя Е. болмыс

9. Мақсаттың, бірлікті іс-әрекеттің, ұжым мүшелерінің арасында ерекше

қарым-қатынастың және басқарушы органнның болуы

А. ұжым белгілері В. зат пішіні С. әдіс түрлері Д. тәсілдер Е. құралдар

10. Ұжымның даму принциптерін анықтаған әйгілі педагог

А. А.С.Макаренко В. Абай С. Шоқан Д. Ыбырай Е. Шәкәрім

11.Тұлға мен ұжымның бір-бірімен үйлесімді қатынаста болуы

А. Конформизм В. Гармония С. Лидерлік Д. әміршілдік Е. гуманистік

12. Тұлғаның ұжымды өзіне бағындыруы

А. әміршілдік В. Гармония С. Конформизм Д. Лидерлік Е. гуманистік

13. Жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әсер ету, нақты іс

А. форма

В. оқыту әдісі

С. оқыту тәсілі

Д. тәрбие тәсілі

Е. Пішін

14. Анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі

А. оқыту әдістері

В. әдістердің топтастырылуы

С. әдістердің жіктелуі

Д. тәрбие әдістері



Е. тәсілдер






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет