Сабақтың тақырыбы: Оқыту әдістері мен құралдары. Оқыту әдістемесіне сипаттама.
Сабақтың жоспары:
1.Оқыту әдістері мен құралдары.
2.Оқыту әдістемесіне түсінік және оны классификациялау.
Теориялық мәліметтер:
1. Әдіс гректің методос деген сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методологиялық-теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл.
Оқыту әдісі танымдылықты – оқыту іс-әрекетіне байланысты, дидактикалық құбылыстың мәндік өзара байланысы, дидктикалық құбылыстың мәндік өзара байланысы және сөздік байланысы, олардың қозғалысын, өзгертілуін сапалы және бір жүйедегі таным процесі деп қарастыруға болады. Бұл оқытушылардың білім, білік және дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жолы мен ғылыми-практикалық тиімділігі болады. Оқыту әдістерін классификациялау, оларды белгілі бір мәтінде бөліп негіздеу, класстарға бөлу, разрядқа бөлу, оқыту мақсатына байланысты түрлі авторлар мен белгілі бір тәртіпте жүзеге асырылуы, оқушылардың танымдық іс-әрекетін, оқыту пәндерінің мазмұнын, оқу процесінің логикасын, сонымен қатар басқа да ұқсас жалпы ерекшеліктерін, түрлі қажетті жақтарының көрсетілуі.
2. И.П.Подласыйдың интерпретациялық оқыту әдістерін қарастырамыз:
Баяндау: баяндап айту, әңгімелеп баяндау, әңгімелеп-бекіту. Б.қысқа (10мин.) эмоционалды тұрғыда болуы керек. Б.тиімділігі басқа да о.ә.-мен, иллюстрациямен,с.қ.мұғ.таңдап алған фактілері, жағдайлар, адамдар туралы уақыт пен кеңістікке байланысты болуы керек.
Әңгіме: кіріспе, жаңа білім беру(сократтық, эвристикалық), синтездеуші не бекіту, коррекциялық-бақылау. Ә.мәні бағытты мақсатта және біліктілікте қойылған сұрақтар арқ.оқуш-рд.алған білімдерін естеріне түсіріп жаңа білімді игеруін, өздігінен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады.
Лекция.Ауызша әдістен айырмашылығы: оқу материалының логикалық мазмұндалуы, ақпараттың көптігімен, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады. Жоғары сыныптарда өтіледі.
Дискуссиялық оқыту мәні нақты мәселені шешуде көзқарастар мен пікір алмасуда тиімді.Д.О.танымдық қызығушылықты арттырады.
Кітаппен жұмыс мәні оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектеледі. Әдіс сапасы: еркін, жылдам оқып, ойдан өткізіп, түсіну; сұрақтарға әдебиеттерді таңдай білу.
Демонстрация. Құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және заттардың ішкі құрылысы не орналасқан әсерін қарастырады.
Иллюстрация.Д.-мен тығыз байланысты.Қазір мектептерде экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылады.
Жаттығу: коментарияланған, арнаулы, еркін болып бөлінеді.
Лабораториялықәдіс –жұмыс жасауда білік және дағдыны игерту, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Практикалық әдіс – оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәжірибе сабақтарында тексеріледі.
Бақылау сұрақтары:
Оқыту әдістері неше топқа бөлінеді?
Сөздік әдістерге сипаттама беріңіз? Көрнекілік әдістерінің мазмұны.
(Студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің өзіндік “Мені” көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)
1. Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру және
ынталандыру әдістері
А. оқыту әдістері В. тәрбие әдістері С. Құралдар Д. Жабдықтар Е. оқыту тәсілі
2. Тәрбие принципіне жатпайды
А. тұлғалық тұрғыдан қарау В. жағымды іске сүйену С. оқытудың проблемалылығы
Д. тәрбиелік ықпалдар Е. ұжымдағы тәрбие
3. Тәрбие тәсілі
А. оңтайландыру шарттары В. жалпы әдістің бір бөлігі С. жалпы әдістің бір бөлігі
Д. тәрбиелеуші жағдайлар Е. тәрбие құралы
4. Тәрбиенің құрамдас бөліктері
А. ақыл-ой, дене, адамгершілік, эстетикалық, еңбек В. рухани, политехникалық
С. валеологиялық, зерттеушілік Д. интернационалдық, білімдендіру
Е. этикалық, оқытушылық
5. А.С.Макаренконың педагогикалық жүйесіндегі негізгі проблема
А. . таным В. Дидактика С. Шығармашылық Д ұжым Е. оқыту
6. Тәрбие принципі
А. тәрбиенің өмірмен және еңбекпен байланыстылығы В. өзін-өзі тәрбиелеу
С. қайта тәрбиелеу Д. саяси-мәдени тәрбие Е. тәрбие объективтілігі
7. Тәрбиенің мақсаты
А. мәдениетке баулу В. баланы өмірге дайындау С. еңбекке баулу
Д. тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту Е. мамандық таңдауға баулу
8. Кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлер, тарихи тұлғалар, атақты
ғалымдар, саяси майталмандар т.б.
А. үлгі-өнеге ету В. этикалы сұхбат С. қоғамдық пікір Д. Түсіндіру Е. әңгімелеу
9. Ынталандыру әдістері
А. мадақтау мен жазалау В. этикалы сұхбат С. қоғамдық пікір Д. Түсіндіру Е. әңгімелеу
10. Мадақтау мен жазалау
А. тәрбие түрлері В. тәрбие тәсілдері С. оқыту әдістері Д. тәрбие формалары
Е. ынталандыру әдістері
11. Қолдау, қуаттау, алғыс айту, мадақтау
А. тәрбие формалары В. тәрбие тәсілдері С. оқыту әдістері Д. мақтау түрлері
Е. тәрбие түрлері
12. Қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында
кінәсін түсінуге әсерін тигізетін әдіс
А. Жазалау В. мадақтау С. Марапаттау Д. Жарыс Е. сөгіс
13. Қосымша тапсырма беру, белгілі бір құқынан айыру, моральдық кемшілігін айту
А. жазалау түрлері В. талап түрлері С. оқыту түрлері Д. тәрбие түрлері Е. жарыс түрлері
14. Тәрбиеленушілерге тәрбиесіз болудың пайдасыз екендігін сезіндіретін
жағдайларды тудыру
А. Жазалау В. мадақтау С. Жарыс Д. тапсырма беру Е. субъективтік-прагматикалық әдіс
15. Адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи,
бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс
А. оқыту
В. тәрбие
С. мақсат
Д. жарыс
Е. форма
Сабақтың тақырыбы: Оқытуды ұйымдастыру мен басқару.
Сабақтың жоспары:
Оқытуды ұйымдастыру.
Оқытуды басқару.
Теориялық мәліметтер:
1. Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның өзі белгілі бір рет пен тәртіп талабынан құрылады. Мынандай бағыттарға бөлінеді:
фронтальды – мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өздік жұмысын басқаруы;
жек - өздік жұмыс әо оқушының және топтың іс-әрекеті;
оқушылардың топтық және жұптық қызметі.
Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады.
2. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқу ситуациясын туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен тыңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.
Фронтальды оқытуды ұйымдастыру проблемалық, ақпараттық және түсіндірмелі – иллюстративті мазмұнда және репродуктивті және шығармашылық тапсырмалармен келуі мүмкін. Мұнда шығармашылық негізде құрылған тапсырма бірнеше шағын тапсырмаларға бөлінеді, жұмыстың бұл түрі барлық оқушылардың белсенділікпен іс-әрекетте болуына жағдай туғызады.
Бақылау сұрақтары:
Оқытуды ұйымдастыру түрлерін атаңыз
Олардың әрқайсысына сипаттама беріңіз.
Сабақта қалай ұйымдастыруға болады.
Сабақты ұйымдастырудағы мұғалімнің қызметі неде?
№6 Еңбек әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің дамып шығуы және олардың қоғамдық-тарихи сипаты.
еңбек
Сана
олардың ойлау әрекетінде
таным үрдістері
тіл
бірінші сигнал жүйесі
екінші сигнал жүйесі
1. Ынталандыру әдістеріне жатпайтын әдіс
А. Мадақтау В. Пікірталас С. Жазалау Д. жарыс
Е. субъективті-прагматикалық
2. “Позиция” терминінің мағынасы
А. Шама В. Мінез С. Құлық Д. Бағдар Е. тәрбие
3. Бұл ішкі наным, тұлғаның дүниетанымдық, моральдық, психологиялық
сапаларынан шығатын сана-сезім бағдары
А. Процесс В. белсенді ұстаным С. енжар ұстаным Д. білім беру Е. өмірлік ұстаным
4. Болып жатқан жағдайға немқұрайлы қарай алмайды
А. енжар тұлға В. белсенді тұлға С. өмірлік ұстаным Д. педагогикалық қолдау
Е. тәрбие әдістері
5. Жаңалықтан қорқу, өз белсенділігінен қашу, әрқашан қауіпсіздікке бола,
бағынышты халде жүру, жауапкершіліктен бас тарту
А. өмірлік ұстаным В. белсенді тұлға С. енжар ұстаным Д. педагогикалық қолдау
Е. тәрбие әдістері
6. А.С.Макаренко ұжым дамуының кезеңдерін қарастырды
А. 4 В. 3 С. 5 Д. 6 Е. 7
7. Эстетикалық тәрбиенің құралдары
А. табиғат, әдебиет, өнер В. Жаттығу С. сынып сағаты Д. Мадақтау Е. әңгіме
8. Эстетикалық тәрбие тұлғада дамытады
А. әсемдік сезімін В. Табиғат С. елжандылық сезімін Д. қаржы үнемдеуЕ. еңбексүйгіштікті
9. “Эстетика” терминінің қазақша мағынасы
А. Адамгершілік В. Елжандылық С. Сезімталдық Д. Еңбексүйгіштік Е. азаматтық
10. “Эстетика” сөзін алғаш ұғым ретінде енгізген
А. неміс ғалымы Баумгартен В. К.Д.Ушинский С. Ыбырай Д. Шоқан Е. Абай
11. Оқушыда Отанына адал қызмет жасауға, оны қорғауға баулу, ел тарихы, салт-дәстүрлерін қастерлеу қатынасын қалыптастыру
А. экономикалық тәрбие мақсаты В. эстетикалық тәрбие мақсаты
С. экологиялық тәрбие мақсаты Д. дене тәрбиесі мақсаты
Е. отаншылдық тәрбие мақсаты
12. Оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып,құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге баулу.
А. құқықтық тәрбие мақсаты В. эстетикалық тәрбие мақсаты
С. экологиялық тәрбие мақсаты Д. дене тәрбиесі мақсаты Е. экономикалық тәрбие мақсаты
13. Өз іс-әрекетіне жауапкершілікті, адал, намысты, жалғандық пен кәззаптықтан жаны аулақ адамды тәрбиелеу
А. дене тәрбиесі мақсаты В. эстетикалық тәрбие мақсаты С. экологиялық тәрбие мақсаты
Д. адамгершілік тәрбиенің мақсаты Е. экономикалық тәрбие мақсаты
14. Қоршаған ортадан ләззәт алу арқылы табиғат субъектерінің баршасына
қатысты қайырымдылық сезімін тәрбиелеу
А. экологиялық тәрбие мақсаты В. адамгершілік тәрбиенің мақсаты
С. эстетикалық тәрбие мақсаты Д. дене тәрбиесі мақсаты Е. экономикалық тәрбие мақсаты
15. Бұл сезімдік және тұлғалық сана мен оған сәйкес іс-әрекет қалыптастыру
және дамыту
А. дене тәрбиесі В. экономикалық тәрбие С. экологиялық тәрбие
Д. эстетикалық тәрбие Е. еңбек тәрбиесі
Достарыңызбен бөлісу: |