Құрастырған: аға оқытушы Өтегенова О. К



бет9/20
Дата11.01.2017
өлшемі3,96 Mb.
#7250
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Сабақтың тақырыбы: Сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде.

Сабақтың жоспары:

  1. Сабақ құрылымы.

  2. Сабақ түрлері.

Теориялық мәліметтер:

Сабақ – педагогтік шығармашылықта құрылады. Және сондықтан да ол біртұтастық жүйемен оқшаулануға тиіс. Кіші бөліктердің өзара іштей байланысы бірігіп, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті дамуының бір тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.



Сабақтыңталабын орындау мен оны түсінуцге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранымға қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажетсінуіне орай құрылады, оқыту мақсаты, міндеттері, заңдары мен принциптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын айқындайды. Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкестелетін, бөліп қарауға болатын жіктеме төмендегідей:

ғылым жетістіктерінің жаңа түрін, озық іс-тәжірибені, оқу-тәрбие үрдісінің негізгі заңдарына құрылған сабақты;

Сабақты өту үрдісінде барлық дидактикалық принциптер мен ережелер;

Оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлдік пәнаралық байланысты;

Бұрынғы білімін байланыстыруға, оны меңгеруде икем-қабілетін және оқушылардың білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме жасау;

Тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді және түрінің қажеттілігі;

Педагог оқу-құралдарын ұтымды қолдануы;

Алған білімін, өндірістік қызметпен, оқушының жеке іс-тәжірибесімен байланысты жүзеге асыруы;

Білімін, икемін, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау-амалы мен іс-әрекетке тиімді қолдануы;

Сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжай алуы.

Сабақ – көп жоспарлы, құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидактикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты.


Кіріспе сабақ Жаңа сабақ Білімді бекіту сабағы



Жинақтау сабағы

Диспут сабақ КВН сабағы Аралас сабақ
Бақылау сұрақтары:

Сабақ дегеніміз не?

Сабақтың құрылымы дегеніміз не?

Сабақтың дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.



Жоспары:
1.Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері.

2.Дене күшінің дамуы.

3.Дамудың әлеуметтік жағдайы.

4.Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері.

5.Өзіндік сананың дамуы.

6.Қарым-қатынас және эмоциялық өмір.

7.Қоғамдық белсенділік және дүниетанымның

қалыптасуы.


Әдебиеттер:


  1. Алдамұратов Ә.т.б.Жалпы психология. А., 1996.

  2. 2Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. А., 2002.

  3. Сейталиев Қ. Жалпы психология. А., 2007.

  4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р:М. Педагогика. А., 2000.

  5. Абай атындағы ҚҰПУ педагогика кафедрасы ұжымы. Педагогика. А., 2003.

  6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.




1. “Ақыл енбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз... Ақыл –мизам, өлшеу қыл”-

деп Абай атамыз қай тәрбие туралы меңзейді

А. дене тәрбиесі В. ақыл-ой тәрбиесі С. еңбек тәрбиесі Д. құқықтық тәрбиесі

Е. экономикалық тәрбиесі

2. Адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа,

өзіне көзқарасы және сенімі

А. Зейін В. Сенім С. Дүниетаным Д. Түйсіну Е. қиял

3 Терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы

А. Түйсіну В. Зейін С. Сенім Д. Қиял Е. дүниетаным

4. Адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талпынушылығы

А. Дүниетаным В. Зейін С. Түйсіну Д. Қиял Е. адам мұраты

5. Адамдардың бір-біріне деген міндеттері мен қарым-қатынасын айқындайтын мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы

А. Мораль В. Борыш С. Принцип Д. Процесс Е. заңдылық

6. Отан, қоғам, ата-ана, ұжым алдындағы парыз

А. Принцип В. Мораль С. Борыш Д. Процесс Е. заңдылық

7. Жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге болмайтын жамандық

атаулыға жол бермеу

А. адамгершілікке тәрбиелеу В. әсемдікке тәрбиелеу С. еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Д. тазалыққа тәрбиелеу Е. батылдыққа тәрбиелеу

8. “Эстетика” сөзінің мағынасы

А. әдіс, тәсіл В. сезім, түйсік С. Заңдылық Д. бастапқы, негізгі Е. ұжым

9. Өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы

А. Этнос В. Этика С. Эстетика Д. Этнография Е. экология

10. “Экология” ұғымын тұңғыш енгізген

А. Э.Геккель В. Баумгартен С. Абай Д. Шоқан Е. Ыбырай

11. Тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін

биологиялық ғылым

А. Экономика В. Эстетика С. Экология Д. Педагогика Е. психология

12. Фактілер, деректер, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы ақпараттар

А. экологиялық білім В. эстетикалық білім С. экономикалық білім

Д. педагогикалық білім Е. психологиялық білім

13. Табиғаттың барлық субъектілеріне қатысты ізгілікті, қайырымдылықты, парасаттылықты қалыптастыруды көздейді

А. эстетикалық тәрбие В. экологиялық тәрбие С. экономикалық тәрбие

Д. дене тәрбиесі Е. еңбек тәрбиесі

14. Экологиялық қауіпсіздікті болжау, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттілгін түсінумен тығыз байланысты

А. білім берудің пайда болуы В. эстетика ұғымының пайда болуы

С. дидактика ұғымының пайда болуы Д. экологиялық мәдениет ұғымының пайда болуы

Е. жаңа ұғымның пайда болуы

15. Экологиялық білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастыра отырып, қоршаған ортаға парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастырып дамыту

А. дене тәрбиесі мақсаты В. эстетикалық тәрбие мақсаты С. экономикалық тәрбие мақсаты

Д. экологиялық тәрбие мақсаты Е. еңбек тәрбиесі мақсаты




Сабақ тақырыбы: Әлеуметтендіру – жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:

  1. “Әлеуметтендіру” ұғымы.

  2. Жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Теориялық мәліметтер:

Әлеуметтік ұғым психология, философия, және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады.

Әлеуметтендіру” ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтық қауымдастыру.

Әлеуметтендіру-мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықтарды игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.

Сөз жоқ, әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады., яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік отбасы, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.

Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.

Ғылымға адамды “әлеуметтендіру” термині саяси экономикадын келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын “қоғамдастырудан” басталды. “Әлеуметтендіруді” адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддин (1887ж.) өзінің “Әлеуметтендіру теориясы” кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.

Әлеуметтендіру-тұлғаның белегілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. “Адамның адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жарларга үздіксізжауап қайтаруынан”(Наторп П.).

“Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуге тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек”.

Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, “барлығымен бірге болу” және “өзімен өзі болу” мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.

Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі.



Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.

Бақылау сұрақтары:

1. “Әлеуметтендіру” дегеніміз не және оның негізін салған кім.

2. Әлеуметтік бейімделу және әлеуметтік кемелдену.












Төмендегі анықтамалардың дәл жауабын тап:



Бала мұны меңгеруде заттар мен әрекеттің тәсілдерін меңгереді. Бұл таным іс-әрекетінде үлкен рөл атқарады. Бала кішкентай күнінен бастап мұны меңгереді, с.қ.танып біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет