ГЕЙДЕЛЬБЕРГ АДАМЫ
– «тік жүретін адам». Қалдықтары Германияда
табылған. 300 мың жыл бұрын.
ГЕОМАГНИТТІ БАРЛАУ
– магнит өлшегіш аспаптар арқылы жүргізілетін
барлау түрі. Жер астындағы қыздырылған және қазылған топырақ қабаттары
зерттеледі.
ГИССАР ТЕПЕ
– Орта Азиядағы жаңатас мәдениеті.
ГНЕЗДОВО
– ерте ортағасырлық варяг және славян ескерткіштері.
ГОЛОЦЕН
– қазіргі геологиялық кезең. 12 мың жыл бұрын басталған.
ГОМИНИД
– қазба адамдар мен қазіргі адамның ортақ тегі.
ГОМИНОИД
– жоғарғы приматтар, жойылып кеткен және қазір де бар адамға
жақын маймылдар.
ГОМО ГАБИЛИС
– «шебер адам», олдувай адамы.
ГОМО САПИЕНС САПИЕНС
– қазіргі адам, неоантроп.
ГОМО ЭРЕКТУС
–«тік жүретін адам», оған жататындар: питекантроп, ланьтян
адамы, синантроп, гейдельберг адамы.
ГОРОДЕЦ МӘДЕНИЕТІ
– Шығыс Европа жазығындағы ертетемір мәдениеті.
ГРАВЕТТ
– Батыс Европадағы ориньяктан кейінгі жоғарғы ертетас мәдениеті.
ДАРТ Раймонд
– ағылшын археологы. Австралопитек қалдықтарын алғаш
зерттеген ғалым /1924/.
ДЕНДРОУАҚЫТНАМА
– ағаш қиындыларындағы жылдық сақиналарын
есептеуге негізделген уақытнама әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |