Құрастырған: Қозыбағаров А. И. қоғамдық пәндер оқытушысы


ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік реформалар және Қазақстанның Ресей отарына айналуы



бет9/13
Дата26.08.2017
өлшемі2,07 Mb.
#27842
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік реформалар және Қазақстанның Ресей отарына айналуы.

Ресей империясы қазақ жерінде ХІХ ғасырдың 60-90 жылдары әкімшілік-территориялық реформалар жүргізді. 1867 жылы “Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже” бекітілді, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын басқару туралы уақытша ереже бекітілді. Осы ережелерге сәйкес бүкіл Қазақстан территориясы Түркістан, Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына бөлінді. Барлық билік – азаматтық, әскери биліктер бір ғана генерал-губернатордың қолында болды. Орынборға Орал мен Торғай облыстары, Батыс-Сібірге Ақмола мен Семей облыстары; Түркістанға Жетісу мен Сырдария облыстары кірді. Бұрынғы Бөкей хандығының территориясы Астрахан губерниясының құрамына, Маңғышылақ 1870 жылы Кавказ әскери округының құрамына кірді. Генерал-губернаторлар тағайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті шонжар тап өкілдерінен алынды. Уезд бастықтарына полиция да, әскери бөлімдер де, уездегі мекемелер де, бекіністер де бағынды. Уездер территориялық пинципке негізделген болыстарға, ал болыстар 100-200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді.1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Сот мекемелері Ресей империясының отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Уездік және әскери соттар бұқараны қанауды үдетті. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды. ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар басым болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды.Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының көп бөлігін иелік етіп қана қоймай, сонымен бірге қазақтарды рухани жағынан отарлады. Халықты тілінен, дінінен, жерінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асыра бастады. Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған “Қазағым менің, елім менің” – атты мақаласына былай деп ашына жазған еді: “Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық, оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.Енді патша чиновниктері біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға тиісе бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды”. ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясында таптық күрес шиеленісе түсті. Патша үкіметі осы таптық күресті шешу мақсатында қазақтардан көптеген жаңа жерлерді тартып алып, оған Ресейден орыс шаруаларын жаппай қоныс аудара бастады. Ресейден қоныс аударған шаруалар салықтан, әскерден босатылды. Оларға алғашқы кезде ақшалай жәрдем берді. Бұл Қазақстанға қоныс аударған орыс шаруалары Ресей империясының Қазақстанды отарлауының тірегі болды.Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару, әсіресе Столыпинның аграрлық саясаты кезінде кең өрістеді. Бір ғана 1906 жылдан 1917 жылға дейінгі аралықта қазақтардан 17 миллион десятина құнарлы жер тартып алынды. Қазақтарды құмды, шөлейт жерлерге ығыстырып тастады. Бұл қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келді.



ХІХ ғ. Патшалық Ресейдің көші-қон саясаты және қазақ ауылдарының экономикалық дамуы.

ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында патша үкіметі шаруалар толқуын әлсіретіп, жер мәселесін шешу мақсатында орыс шаруаларын Қазақстан, Орта Азия сияқты ұлттың аймақтарға қоныс аударту мәселесін қолға ала бастады. 1868 ж. “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы” ереже қабылданды. 1870 жылдан бастап Ресей мен Украинадан Жетісу, Семей, Орал, Сырдария, Ақмола облыстарына көптеген шаруалар қоныс тепті. 1862-1877 жылы Қытайда ұйғырлар мен дүнгендердің азаттық көтерілісі болды. Көтеріліс нәтиежесінде Ұйғыр мемлекеті құрылды. Кейін Цинь империясы Ұйғыр мемлекетін құлатты, Цинь империясының қыспаққа алуы, ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуына себеп болды.1883 жылы “Жетісу облысына орыс, ұйғыр, дүнгендерді орналастыру туралы” ереже қабылданды. Қоныс аударған ұйғырлар саны 45000, дүнгендер саны 5000 болды. Жаркент, Ақсу, Ақкент, Малыбай, Қарасу, Қорамса болыстарының негізін ұйғырлар қалады. 1897 жылы Жетісудағы ұйғырлар саны 55999 адамға; дүнгендер саны 14136 адамға жетті. ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейден, Украинадан Қазақстанға 1,5 миллионға жуық адам келді. 1897 жылы Бүкіл Ресейлік халық санағы бойынша қазақтар өз жеріндегі халықтың 81% құраса, 1914 жылы олардың саны 65%-ке төмендеді. Сонымен бірге ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға капиталистік қатынастар ене бастады.Қазақстанда негізінен кен қазып шығару және тау-кен зауыттары, өңдеуші кәсіпорындар дамыды.Тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындары Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. ХХ ғ. басында Қазақстандағы мыс, алтын, темір және басқа қазба байлықтар шығаратын тау-кен өнеркәсібі шетелдіктердің қолында боды. ХХ ғ. бас кезіндегі тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды. Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары пайдаланылды. Сондай-ақ тұз өндіру ісі де біршама дамыды. Семейде, Павлодарда тұз кәсіпшіліктері болды. Батыс Қазақстандағы Орал-Ембі аймағында мұнай шығарылды. Жалпы алғанда ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін, теріден былғары жасайтын, май шыжғыратын, сабын қайнататын, спирт шығаратын кәсіпорындар басым болды.1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.ХІХ ғасырдың аяғына қарай шаруашылықтың дамуына байланысты Қазақстанда банкілер пайда болды. Орал банкісі (1876 ж.), Қызылжар банкісі (1881 ж.), Семей банкісі (1895 ж.), Омбы банкісі (1895 ж.), Верный банкісі (1912 ж.) ашылды. Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты сауда, айырбас ісі қанат жайды. ХІХ ғасырда қазақ даласында сауда ісінде маңызды орын алған көптеген жәрмеңкелер ашылды. Алғашқы жәрмеңке 1832 ж. Бөкей ордасында ұйымдастырылды. 1848 ж. Қазақстандағы ең ірі жәрмеңке Талдықоянды деген жерде ашылды. Қарқара жәрмеңкесі, негізінен Қытаймен сауда жасайтын ірі орталық болды. 1880 ж. Қазақстанның шығыс өңірінде 70-ке жуық маңызды сауда орталығы (жәрмеңке) болған.ХІХ ғасырдың І-жартысында Қазақстан, Қытай Шынжаң араларында сауда байланысы дами түсті. Екі ел арасындағы ірі сауда орталықтары: Бұқтырма, Кереку, Өскемен бекіністері мен Семей, Қызылжар (Петропавл) қалалары.

Қазақстан мәдениеті (ХҮІІІ ғасыр – ХХ ғасырдың басы).Қазақстанда ХҮІІІ ғ. 30-жылдарынан ХІХ ғасырдың 80-жылдарына дейінгі Ресейге қосылу кезеңі білім беру жүйесіне біраз өзгерістер енгізді. 1789 ж. Азиялық училище ашылды. 1813 ж. Орынбор училищесі, 1931 ж. Омбы, Семейде орысша білім беретін училищелер, 1836 ж. Өскеменде қазақ балаларына арналған интернат-училище, 1837 ж. Бөкей ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен қазақ балаларына арналған орысша және татарша білім беретін мектеп ашылды. 1844 ж.Орынбор училищесі негізінде Орынбор Неплюев кадет корпусы ашылды.Қазақстан халқының тарихын зерттеуде И. Завалишин, Э.Мейер, А.Левшин сияқты орыс ғалымдар көп еңбек етті. Белгілі орыс ғалымы В.И.Даль Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісін қолдаған. “Бөкей мен Мәулен” повесін жазды. А.С.Пушкин Оралда “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасын қағазға түсірген.ХІХ ғ. төмендегі қазақ ақындары өмір сүрді: Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.),Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867 жж.).Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 жж.).Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895 жж.).Шаруалар мүдделерін қорғап, өз жырларына қосты. Музыка өнерін дамытуға Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889 жж.) артына 60 күй қалдырған. Мысалы, “Көшкентай”, “Сарыарқа”, “Қызылқайың”, “Балбырауын”, “Адай”, “Көбік шашқан”, “Ақсақ киік”, “Ақтай” т.б.Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887 жж.). Дәулеткерейдің 40-қа жуық күйібізге жеткен: “Желдірме”, “Құдаша”, “Ысқырма”, “Қосалқы”, “Тартыс” т.б., Тәттімбет Қазанғапұлы (1915-1962 жж.): “Балбырауын”, “Сал қоңыр”, “Былқылдақ күйі” т.б. Ықылас Дүкенұлы (1843-1916 жж.): “Қорқыт”, “Қоңыр күйі”, “Ықыластың күйі” т.б.Әнші, ақын, сазгерлерден Жаяу Мұсаны (1835-1916 жж.), Біржан Салды (1834-1897 жж.), Ақан Серіні (1843-1913 жж.) айтуға болады.

ХХ ғ. басындағы Қазақстан.

Ресейдегі 1905-1907 жылдар аралығында болған бірінші буржуазиялық-демократиялық революция Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, ұлт-азаттық қозғалыстың дамуына әсер етті.1905 жылғы Петербургте болған қанды жексенбі оқиғасы Қазақстанға да тарады. Соған байланысты Түркістан, Шалқар, Перовск, Жосалы темір жолшылары ереуілге шықты.Сонымен бірге бұл революция қазақ зиялыларының саяси көзқарасының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына ықпал жасады. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бақытжан Қаратаев, Міржақып Дулатов бұл революцияға белсене қатысты.Олар 1905 жылы қазанда Оралда бес облыстағы қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғауға тиісті өздерінің партиясын құруға әрекет жасады. Олар өздерінің алдына орыс шаруаларының Қазақстанға жер беру, мектептер ашу, дін тұту ерекшелігін алу, ұлттық мәдениетті дамыту, қазақ тілін басқа тілдермен теңестіруін қойды.1905-1907 жылдар Қазақстанның саяси өмірі мен ұлттық интеллигенциясы тарихында І және ІІ мемлекеттік Думаға сайлау ерекше маңызды болып табылады. Бұл науқанға ұлтық интеллигенцияның белгілі өкілдері белсенді түрде қатысты. І мемлекеттік Думаға қазақ өлкесінен сайланғандар қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Алпысбай Қалменовтер болды.Ал ІІ мемлекеттік Думаның қатарына Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев, Әлихан Бөкейхановтар болды. Бақытжан Қаратаев Думаның 1907 жылғы мәжілісіне сөйлеген сөзінде Столыпинның Қазақстандағы аграрлық саясатын қатты сынға алды. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аударуды тоқтатуға шақырды. Бірінші дүние жүзілік соғысқа Ресей империясының қатысуына байланысты, Қазақстан ол кезде Ресей империясының отары болғандықтан соғыстың бар ауыртпалығы қазақ халқының басына түсті.Қазақ халқының жерлерін тартып алу, соғыс қажеті үшін киімдерін, малын және азық-түлік өнімдерін мемлекет есебіне деп еріксіз алды. Соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық әр түрлі салықтар салынды. Бір ғана Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе тасып әкетілді.Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарыс пісіп-жетілді. Осы кездегі қазақ халқының хал-жағдайын суреттеген А.Байтұрсынов: “Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды,” – деп жазды. Осы қазақ халқының ауыр тұрмысы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себебі болды.



1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске патшаның 19 жастан 43 жас аралығында еңбекке жарамды халықты майданның қара жұмысына алу туралы 25 маусымдағы жарлығы сылтау болды. Бұл қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам алу жоспарланды. 1916 жылы шілде айының басында Қазақстанның барлық аймақтарында қарулы көтеріліс басталды. 1916 жылы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттыққа жету болды. Торғай облысы 1916 жылғы көтерілістің ірі орталықтарының бірі болды. Мұнда қазақтардың күресі ұзаққа созылды. Торғай даласындағы көтерілісшілердің саны 50 мыңға дейін жеткен. 1916 ж. қазан айында Амангелді бастаған көтерілісшілер Торғай қаласын қоршады. Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі генерал Лаврентьев басқарған тоғыз мың адамдық жазалаушы корпус жіберді. Патшаның жазалаушы әскерлері қазақ ауылдарын шауып өртеп, халықты қырғынға ұшыратты. Көтерілісшілер Торғайды ала алмағаннан кейін партизандық күреске көшіп, жазалаушы әскерлерге елеулі соққы беріп отырды. Торғай көтерілісі 1917 жылы Ақпан революциясына дейін созылды.Сонымен қатар көтерілістің ірі орталықтарының бірі Жетісу жері болды. Қазақстанның оңтүстігінде Қарқара аймағы халықтық революцияның ірі ошағы болды. 1916 жылы 11 тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап алды. Көтерілісшілер Кравченконың жазалау отрядын талқандап, жәрмеңкені басып алды. Лепсі уезінде, Меркеде, Әулиеатада, Мойынқұмда көтерілісшілер патшаның жазалаушы отрядтарына қарсы табанды шайқас жүргізді. Жетісудағы халық көтерілісін басып-жаншу үшін патша үкіметі құрамында 14 батальон, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы бар тұтас жазалау экспедициясын жіберді. Нашар қаруланған көтерілісшілер жеңілуге мәжбүр болды. Көтерілісшілердің көпшілігі Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Патшаның жазалаушы отрядтары қазақ ауылдарын шауып, өртеп халықты қырғынға ұшыратты.Көтерілістің жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, жеткілікті түрде ұйымдаспағаны болды. Сонымен бірге ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметімен келіссөз жүргізді.1916 жылы көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана – сезімінің өсуіне үлкен әсер етті. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінің 19-43 жас аралығынағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы » жарлығының шығуы.

Қазақ даласында патша жарлығыны көзқарас әртүрлі болды:

- Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.

- Революцияшыл топ өкілдері ( Ә Жангелдин, А. Иманов, Т. Бокин, Б.Әшекеев, Ж. Мәмбетов ) қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.

- Либералды-демократиялық зиялылар (Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов,

М. Дулатов) патша үкіметінен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.

Олардың мақсаттары қазақтардың тыл жұмысына дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт ұту, қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу және ұлттық автономия құру болды.



Көтерілістің сипаты, жеңілу себептері және тарихи маңызы. 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс имперализмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Ол шығыстағы қамтыған революциялық дағдарыстың маңызды элементтерінің бірі болған еді.

Қазақтардың ата қоныстарына Ресей мұжықтарын қоныстандыру арқылы жүргізген отарлау саясаты қарқын алған сайын көптеген орыс- украин поселкелері мен қазақ станциялары пайда болған аймақтардағы көтеріліс қарсы айқын аңғарылғансипат алды. Атап айтқанда, Жетісу облысында осылай болды, онда қоныстанушылардың 94 селосы көтерісшілердің шабуылына ұшырады. Ұлтаралық қақтығыстардың салдарынан орыстар мен украиндардан 1905 адам өліп, 684 адам жараланды. Жазалау отрядтары небәрі 171 адамын жоғалтты. Отаршылдық психологиямен уланып, патшалық генералист пен отаршыл әкімшілік айдап салған патша шенеуліктері, қоныстанушы шаруалар, казактар империялық саясат айдап салған патша шенеуліктері, қоныстанушы шаруалар, казактар империялық саясат жүргізді.Олар жауынгерлік жасақтарға, жазалауотрядтарына, қазақ ауылдары мен қырғыз ауылдарын ойрандауға қатысты. Осындай жағдайда 4 Мемлекеттік думанның кадет әне әсер фракциясы көтерісшілерді жақтап, орыс демократиясының ар- намысын қорғады.

4-Мемлекеттік дума 1916 жылғы 1-3 желтоқсанда А.Ф.Керенскийдің көтеріліс қанға тұншықтырылып басылғаннан кейін Түркістанға барған сапары туралы баяндамасын талқылады. А.Ф. Керенский жазалаушыларды әшкерлеп өткір сөз сөйлеп, патша үкіметін және Түркістан мен Дала өлкесінің отаршыл әкімшілігін қатты сынға алды.

Патша үкіметінің саясатын Ресей социал-демократтары да айыптады. Қостанай социал-демократиялық ұйымын құрушылардың бірі, публицист С. Ужгин «Қарабалдақтағы оқиғалар туралы сөз» деген прокламауия шығарды: «Қаруды тастамандар! Оны көбірек құя беріндер! Бір адым да шегінбеңдер! Өздерің оңайырақ төтеп беретін алыс далада күш жинаңдар! Сендерге орыс жұмысшыларынан көмек келетінін есте сақтаңдар!».

Орыс шаруаларының демократияшыл бөлігі көтерісшілерге жанашырлықпен қарады. «Казанск – Богородское селосында, - деп хабарлады Верный полицмейстері әскери губернатор М.А. Фольбаумға, - шаруалар Иван Долматов пен Дермидон Федосов .... қырғыздар тобырын олардан шақыратын бұратаналардың тізімін жасауға жол бермеуге шақырды ». Бүрген (Жетісу ) селосында Демко деген кедей ағайынды үш Қанаевтар мен Айдосовты үйіне жасырған. Павел Аркадьев жазалаушылардан Д. Жайнақовты жасырып қалған. Басқа орыс кедейлері де көтеріліске қатысушыларды жасырған. Ал Торғайда Никита Кротов көтерісшілерді соғыс ісі шеберлігіне үйретіп, оның өзі жазалаушыларға қарсы шайқастардың бірінде қаза тапты. Көтерілістің Қарқара ошағын көрнекті ұйымдастырушылардың бірі Е.Е. Курьев болды. Кәсіпкердің қызы Софья Алексеевна Вербицкая көтерілісшілер жағында шайқасты.

Ұлт- азаттық көтерілісті басып- жаныштау барысында патша өкіметі өртке оранған жер стратегиясын жүзеге асырды, Түркістан өлкесі генерал-губернаторының айтуы бойынша, ол Қазақстан мен Қырғызстанның отарлауға мейлінше қолайлы аудандарын « тазалау » болатын.

Көтерілістің жеңіліс табуының ең батсы себептері оның бытыраңқылығы, аймақ ауқымында ұйымшылдықтың жеткілікті болмауы еді. Патша үкіметі қалыптасқан жағдайды бағалап, халық қозғалысынан шұғыл шаралар қолданды. Оның үстіне күш те соның жағында болды. Ол қоныстандыру қозғалысын жеделдете жүргізіліп жатқан аймақтарда орыс, украин шаруалары, казактар және қазақ, қырғыз шаруалары, дүнген, ұйғыр, өзбек диқандары арасындағы қайшылықтарды пайдалана білді.

Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметінен келіссөз жүргізді. Даланың бетке ұстарлары ( батырлар, хандар, қазылар ) көптеген реттерде қозғалыс басына келгеннен кейін дәйектілік, батылдық көрсетпеді. Бірқатар жағдайларда кейбір бай-феодалдар, хандар көтерілісшілердің мүдделерін сатып кетіп отырды. Патша үкіметі қозғалысты тез арада басшыларынан айыра білді. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекеев Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылды. Қарқарадағы көтерілістің ең басында көтерісшілер қозғалысы жетекшілерінің бірі Жәменке Мәмбетов түрмеге қамалды, басқа 12 басшы азаптап өлтірілді.



Қазақстан азаматтық қарсыласу жылдарында

(1917-1921 жж.)
1917 жылғы Ақпан төңкерісі. 1917 жылы 27 ақпанда Ресейде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы жеңіске жетіп, ІІ Николай патша тақтан құлатылды. Патша тақтан құлатылғаннан кейін елде қос үкімет орнады. Оның бірі - жұмысшы-солдат депутаттарының Кеңесі болса, екіншісі - Уақытша үкімет еді. Ресейде болып жатқан оқиғалар Қазақстанда да қанат жайды. Уақытша үкімет өзінің Қазақстандағы билігін сақтап қалу үшін бұрынғы облыс басындағы генерал-губернаторлардың орнына комиссарлар тағайындады. 1917 жылғы сәуір айында Түркістан өлкесін басқару үшін Түркістан комитеті құрылды. Бұл комитеттің құрамына қазақтардан Мұхамеджан Тынышбаев, Әлихан Бөкейханов кірді. Әлихан Бөкейханов сонымен бірге Торғай облысының комиссары болды. Уақытша үкімет органдарымен қатар Қазақстанда екінші үкімет – жұмысшы, солдат депутаттардың Кеңестері өмір сүрді. Сөйтіп, Қазақстандағы губернаторлардың, уезд бастықтарының, болыстардың үкімет билігі барлық жерде жойылды. Қазақстанның облыстары мен уездеріндегі уақытша үкіметтің сенімді тірегі Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу Казак әскерлерінен құралған “Казак комитеттері” еді. Қазақ халқының көпшілігі патша құлатылғаннан кейін ұлттық езгі де құриды, Уақытша үкімет Ресей халықтарының теңдігі мен туысқандығын қамтамасыз етеді деп сенді. Қазақстандағы қос үкіметтің орталық аудандарға қарағанда әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты, аймақтық отар ретіндегі саяси жағдайына байланысты және көп ұлттылығына байланысты өзгешелігі болды. 1917 жылғы көктем және жазғы айларда қазақ еңбекшілерінің ұйымдары құрылды. “Қара жұмысшылар одағы” Верный қаласында, “Жұмысшылар одағы” Жаркентте, “Мұсылман еңбекшілерінің одағы” Түркістанда құрылды. Сонымен бірге қазақтың демократиялық интеллигенциясын біріктірген “Жас қазақ” ұйымы Ақмолада, “Талап” Қызылжарда, “Жанар” Семейде, Тұрар Рысқұлов басқарған “Қазақ жастарының революциялық Одағы” Меркеде құрылды. Елдегі революциялық қозғалыстың өсуіне байланысты бұл ұйымдардың кейбіреулері большевиктер жағына шықса, кейбіреулері “Алаш” партиясын қолдап, автономия идеясын жақтады.Ақпан революциясы ұлт мәселесін шешкен жоқ. Қазақстанды отар деп білген буржуазиялық уақытша үкімет қазақ халқына ешқандай право берген жоқ. Мектептерде оқыту ісі және мекемелерде кеңсе ісі бұрынғыша тек орыс тілінде ғана жүргізілді. Уақытша үкімет бұрынғы патша үкіметінің жер жөніндегі саясатын жүргізіп отырды. Өнеркәсіпті бұрынғыша шетел капиталистері мен орыс капиталистері билеп төстеумен болды. Қазақстанда құрылған жұмысшы солдат депутаттары кеңесінің жұмысына келетін болсақ олар жергілікті халықтың мұң-мұқтажын ескермей Қазақстанда революциялық ұрандармен ойларына келгендерін істеді. Алғашқы кезде құрылған Кеңестер тек орыстардан тұрды. Аудандардағы билікті қолына алған жұмысшылар мен солдаттар ауылдарға келіп, үйлерді тінтіп, “революция мен оның құрбандарының” пайдасына деп халықтан көптеген салық алып, жақсы ат, қымбат кілем, алтын-күміс сияқты заттарды тартып алып кетіп отырған. Алғашқы кезде құрылған қазақ партияларымен қоғамдарының жұмысшы-солдат депутаттары Кеңесіне жақындаудан тартынғандығының басты себебі осы еді. Міне, осындай қиын-қыстау кезеңде халқымыздың көзі ашық азаматтары елді осы қиындықтан алып шығу үшін әрекет жасады. “Шорай Исламия”, “Ғұлама қоғамы”, “Алаш” партиясы, “Үш жүз” саяси партиясы осы кезеңдерде пайда болған еді. Осы ұйымдар мен партиялардың ішіндегі халқымыздың тарихында елеулі орын алатыны “Алаш” партиясы. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында бірінші бүкіл қазақ съезі болды. Съездегі ең бірінші мәселе – мемлекеттік басқару туралы мәселе болды. «Ресейде демократиялық, федерациялық, парламенттік республика болуы керек. Қазақ облыстары автономия алуы тиіс» деген шешім қабылданды.“Алаш” партиясының бағдарламасы 1917 жылы 21 қарашада “Қазақ” газетінде жарияланды. Бағдарлама 10 тармаққа бөлінген. Онда мынадай басты мәселелер қаралған: Ресей демократиялық-федеративтік-парламенттік республика болуы керек; Қазақ автономиясы басқа халықтармен қатар Ресей федерациясына кіреді; Ресей федерациясында теңдік және адамның мүддесіне қол сұғылмауы, сөз бостандығы қамтамасыз етіледі; Жұмысшы заңдары жұмысшының мүддесіне сай болуы тиіс; Сайлау правосы тегіне, дініне, жынысына қарамай баршаға бірдей берілуі керек; Дін мемлекеттен бөлінуі тиіс; Сот алдымен айыптау, тергеу жұмыстарын жүргізбей тұрып ешкімді тұтқындай алмайды; Халыққа білім тегін беріледі; Бастауыш мектепте сабақ ана тілінде жүргізілүі тиіс.“Алаш” партиясымен бірге құрылып, халықты азаттық үшін күреске шақырған қоғамдық ұйымдардың бірі “Үш жүз” социалистік партиясы еді. “Үш жүз” партиясы алғашқы құрылған кезден бастап-ақ большевиктер жағына шығып, алаштықтарға қарсы болды. Бұл партияның қатарында жұмысшылар мен жатақтар көп еді. “Үш жүз” партиясы большевиктер жағында болғанымен олардың бағдарламаларының кейбір тұстары большевиктерден бөлек болды. Олар пролетариат диктатурасын мойындамады. Коммунистер партиясының қоғамдағы басшылық ролін мойындамады. Мемлекет басқару ісіне дінді араластыру керек деді. Сондықтан да 1920 жылы большевиктер бұл партияны таратып жіберді.

1917 ж. Ресейдегі Қазан төңкерісі. Ақпан революциясының нәтиежесінде орнаған уақытша үкімет халықтың алдында тұрған көптеген мәселелерді шешіп бере алмады. Халықтың жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсті. Ресейдің І-дүние жүзілік соғысқа одан әрі қатысуы көптеген қиыншылықтар туғызды. Міне, осы халықтың басындағы қиын жағдайды большевиктер пайдаланып қалуға тырысты.Большевиктер «Барлық билік Кеңестерге берілсін!», «Жердің бәрі шаруаларға берілсін!», «Заводтар, фабрикалар жұмысшыларға берілсін!» деген ұрандар көтерді. Бұл большевиктік насихаттың елеулі әсері болды. Бұл ұрандарға сенген халық большевиктер жағына шыға бастады.1917 жылы 24-шы қазанда Петербургте қарулы төңкеріс басталды. Келесі күні төңкеріске шыққан жұмысшылар, солдаттар, матростар астананың маңызды жерлерін басып алды. 25 қазан айының кешінде жұмысшы және солдаттар Кеңестерінің Бүкілресейлік ІІ съезі ашылды. Съезд Ленин жазған «жұмышыларға, солдаттар мен шаруаларға» деген үндеуді қабылдады. Бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің қолына көшетіндігін жариялады. Лениннің баяндамасы бойынша Кеңестер съезі бітім туралы және жер туралы декрет қабылдады. Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Кеңес үкіметін – Халық комиссарлар кеңесін құрды. Оның төрағасы болып Ленин сайланды.Орталықта Кеңес үкіметінің орнауына байланысты жер-жерлерде, шет аймақтарда да Кеңес үкіметі орнай бастады.Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату 1917 жылдың қазан айынан 1918 жылдың наурыз айына дейін жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстанда Кеңес үкіметі билігінің орнауының өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары болды. Қазақстанда жұмысшы ұйымдары аз болды. Патша үкіметі тұсында қолайлы жерлерге орналасып, байып алған орыс шаруалары жерден айырылып қаламыз деп қауптенді. Сондай-ақ, Қазақстанда большевиктік топтар аз болды. Қазақ ауылдары бұл төңкерістің мәнін жете түсінген жоқ. Төңкерістің себептері, мақсаты тағы басқа жақтары күңгірт болды.Қазақстанның ішкі өмірінде революцияға дайындық пісіп жетілмеген еді. Қазақ халқына революциядан гөрі отарлық езгігі қарсы күрес маңыздырақ еді. Сонымен бірге қазақ халқының көпшілік бөлігі қолдаған «Алаш» партиясы Кеңес үкіметін мойындамады. Оған қарсы шықты.Осындай елдегі аласапыран кезде кейбір халықтар автономия жариялады. Мәселен, Башқұрт, Татар автономиялары құрылды.1917 жылы 26-28 қараша аралығында Қоқан қаласында түркістандықтардың өлкелік төтенше съезі болған еді. Бұл съездің шешімімен Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) деп аталған ұлттық өкімет құрылған болатын. Автономияның төрағасы Мұхамеджан Тынышпайұлы болды. Үкіметтің төрағасы Тынышбайұлы орнынан кеткен соң, оның орнына Мұстафа Шоқайұлы сайланды. Бұл үкімет Түркістанның ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында күреске шығып, небары екі ай ғана өмір сүрді. 1918 жылы ақпан айында Қызыл армия Түркістан автономиясына қарсы соғыс ашып, оны қарудың күшімен басып тастады. Бұл автономияның басты мақсаты Орта Азиядағы түркі халықтарын біріктіріп, өз алдына тәуелсіз автономия алу еді.Ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Бүкілқазақтық ІІ съез өтті. Съезде Халел Ғаббасов автономия туралы баяндама жасады. Съез баяндаманы талқылап мынадай қаулы қабылдады:

  1. Қазақ автономиясы құрылсын.

  2. Қазақ автономиясы «Алаш» деп аталатын болсын.

  3. Алаш автономиясының жері, суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын.

  4. Алаш облыстарын қазіргі бүлікшіліктен қорғау мақсатымен Халық кеңесі құрылсын, оның аты «Алашорда» болсын.

Съездің шешімімен Алашорда үкіметінің төрағасы болып Бөкейханов сайланды. Съездің ұйғарымымен сайланған Алашорда үкіметінің министрлері мыналар: төраға орынбасары Халел Ғаббасұлы, ішкі істер министрі Мұхамеджан Тынышпайұлы, әділет министрі Ахмет Бірімжанұлы, оқу министрі Ахмет Байтұрсынұлы, ұлттық қорғаныс министрі Әлімхан Ермекұлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет