Соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру
(1946 – 1953 жж.)
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа оралды. Соғыстан кейінгі жылдарда елдегі қоғамдық-саяси өмірде жұрттың ой-пікіріне қатаң бақылау орнату, коммунистік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша орнату, коммунистік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша ойлаумен күрес жүргізу, демократияны барынша шектеумен сиппатталды. Елде Сталиннің жеке басына табыну күшейді. 1937 жылдардағы репрессия жалғасып, Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс», «Дәрігерлер ісі» қолдан жасалып, Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. 1947 жылы шыққан Ермұхан Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген еңбегі буржуазияшыл ұлтшыл еңбек деп жарияланды. 1950 ж. «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында Бекмахановтың кітабын айыптады. Осы мақаладан кейін Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылды. 1952 жылы 25 жылға соттады.Сондай-ақ республиканың көрнекті ғалымдары А. Жұбанов, Жұмалиев, Б. Сүлейменов, жалған саяси айыптармен жазаланды. Әбішев, Аманжолов, Бекхожин, Бегалин және басқа жазушылар буржуазиялық ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Осындай қуғындаудан кейін ғалым Қ. Сәтбаев пен жазушы М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды.
50-жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. Тың игеру.
1953 жылы наурызда Сталин қайтыс болғаннан кейін бұл ғалымдар мен жазушылар қуғындаудан құтылды. Сталиннен кейін Кеңес Одағын басқарған Хрущевтың кезінде де Қазақстанның саяси жағдайы жақсы болмады. Көп жыл Қазақстан партия ұйымын басқарған Шаяхметов орнынан алынып, оның орнына Республика халқының пікірі сұралмастан орталықтың тағайындаған адамдары қойылды.
Республиканы 1954-1955 жж. Пономаренко, 1955-1956 жж. Брежнев, 1956-1957 жж. Яковлев, 1957-1960 жж. Беляев, 1960-1962 жж. Қонаев, 1962-1964 жж. Юсуповтар басқарды. Кеңес одағын Хрущевтың басқарған жылдары Оңтүстік Қазақстанның 4 ауданы көрші Өзбекстан Республикасына берілді. Қазақстанды Юсупов басқарған жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының жерінде ұйғыр автономиясын құрып, астанасын Алматы қаласы ету әрекеті жасалды. Солтүстіктегі 5 облыстан тың аймағын құрып, Ресейге қосу, Маңғыстау облысын Түрікменстанға беру әрекеттері жасалды. Бұл әрекеттерге сол кездегі Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің төрағасы Жұмабай Тәшенов қарсы шықты. Осы әрекеті үшін ол орнынан алынды. 1964 жылы қазан айында Хрущев орнынан түскеннен кейін бұл әрекеттер іске аспай қалды.1964 жылдан Қазақстан Компартиясын қайта басқарған Д. А. Қонаев 1972 жылы Өзбекстанға берген 4 ауданның екеуін қайтарып алды, ал екі аудан, 500 мыңға жуық мал сол күйінде Өзбекстанда қалып қойды.1956 жылы партияның ХХ съезі болды. Осы съезде Хрущев «Жеке басқа табыну және оның зардаптарын жою» туралы баяндама жасады. Бұл баяндама алғаш рет Сталиннің еліміздегі 1937-1939 жылдары аралығында жүргізген жазықсыз жазалаулары туралы ашық айтылып, оның зардаптарын жоюға шақырды. Соған байланысты жазықсыз жазаланған мыңдаған адамдар түрмеден босатылып, тағылған саяси айыптар алынды.Соғыстан кейінгі жылдары 700-дей кәсіпорын қатарға қосылды. Оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемен су-электр станциясы, Бұқтырма су-электр станциясы, Қарағанды 2-жылу электр станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаттары бар. 1960 жылы Қазақстанда 32 млн. тонна көмір өндірілді. 1953 жылы Қарағанды металлургия комбинаты іске қосылды. Сондай-ақ Маңғыстау өңірі ірі мұнайлы аймаққа айналды.Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат өңдеуге арналғандықтан адам денсаулығына үлкен зиянын тигізетін заводтар болды. Өскемендегі, Ақтөбедегі, Шымкенттегі, Жамбылдағы химфарм, сары фосфор, мырыш өңдеуші заводтар осындай заводтар еді.1949 жылы 29 тамызда Семей өңірінде ядролық зарядты тұңғыш сынау өткізілді. 1949-1963 жылға дейін жер үстіне 113 жарылыс жасалды. 1964 жылдан бастап 1989 жылға дейін жер астында 343 сынақ жасалған. Бұның барлығы полигонға жақын тұратын халықтарға өте үлкен зардабын тигізді.
Тың игеру. Кеңес Одағы коммунистік партиясының орталық комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыз пленумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шығыстың кейбір аудандарында жаңа тың жерлерді игеруге шешім қабылданды.Қазақстандағы тың жерлерді игеру ғылыми түрде зерттелмей өте асығыс жүргізілді. Тың игергеннен кейін Қазақстан 6 рет Отан қоймасына 1 миллиард астық берді. Бірақ бұл миллиардтар шын мәнінде ауа райы қолайлы жылдары ғана алынды. 1954-1960 жылдары Қазақстанда 25 миллион гектар жер жыртылды, кейінгі жылдары оның мөлшері 35 млн. жеткізілді. Ғылыми түрде зерттелмей асығыс түрде көп мөлшерде жердің жыртылуы салдарынан 9 млн.-ға жуық жер жартылай сондай-ақ толығымен эррозияға ұшырады. Республиканың ежелгі халқы – қазақтарды тыңды игеруге шақыру назардан тыс қалды. 1954-1958 жылдары Ресейден және Украинадан 640 мың адам әкелді, кейінгі жылдары олардың саны 1,5 млн.-ға жетті. Бұл республиканың демографиясына үлкен өзгеріс әкелді. Қазақтар өз жерінде азшылық болып 1962 жылғы санақ бойынша республика халқының 29%-ын құрады.Сонымен бірге Қазақстанның географиялық жағдайы да үлкен өзгеріске ұшырады. 1954-1964 жылдардың ішінде тың өлкесі құрамына енген бес облыста 200-ден астам селолық және ауылдық кеңестердің аттары орыс тіліне өзгертілді. Жалпы республика бойынша 3500 елді мекендердің жер-сулардың аттары өзгертілген.Әр түрлі Московский, Астраханский, Бауманский, Ростовский сияқты әр түрлі аттар пайда болып, бұрынғы атаулар алынып тасталды. Сонымен қатар тыңды игерудің мал жайылымына тигізген зияны үлкен болды. Мал жайылымдық жерлер азайды. Жылқы 3 есе, түйе 5 есе азайды. Тыңды игеру жылдары солтүстік облыстарда 700-ге жуық қазақ мектептері жабылды. Бұл қазақ тілінің дамуына үлкен зиянын тигізді. Бір мезгілде шет жақтардан өте көп адамның келуіне байланысты, оларға дер кезінде жағдай жасалмады. Соның салдарынан 1959 жылы Теміртау қаласында үлкен ереуіл болды. Ереуілдің себебі тамақтың сапасыздығы, ешқандай дұрыс жағдайдың жасалмауы болды. Ереуілге шыққан халыққа қарсы армия күштері жіберіліп, ереуіл үлкен қан төгіспен басып тасталынды.
Қазақстан 60-жылдарда.
1962—1969 жылдардағы реформашылдық дүрбелең елдің ішінара алмастырулар және жетілдірулер жолымен қол жеткізуге болатын өзгерістер шегіне тірелгенін керсетті. Жүргізілген шараларда экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көзделмеді. Туындаған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құру дүрмегін діттеген субъективтік түрде жол-жөнекей шешіліп отырды. Шалағай ойластырылған әрі бірін-бірі жиі алмастырған қайта құру толқыны тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреу қаупін төндірді. Коммунистік болашақ идеясы да жағдайды жеңілдете алған жоқ.Қоғамды саяси және экономикалық тұрғыдан ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі күш-жігер мен ізденістерге баға бергенде, 50-жылдардың ортасынан 60-жылдардың ортасына дейінгі аралықта, түптеп келгенде, басты екі бет-бағыт арасындағы текетірестік орын алғандығын ескеру қажет. Бұлардың алғашқысы қоғамдық жүйені, оның бүкіл салалары мен құрылымдарын түбегейлі өзгертудің объективтік қажеттілігін бейнеледі. Оған ең алдымен қоғамның сталинизмнің ауыр зардабынан рухани бостандық ала бастауы себеп болды.Кеңес мемлекетін, ең алдымен Кеңестерді дамыту мен нығайту өзекті мәселеге айналды. Кенестер рөлінің арта түсуі партияның XXII сьезі қабылдаған КОКП-ның үшінші Бағдарламасында атап көрсетілді. КОКП Бағдарламасында сондай-ақ қоғамның коммунистік құрылым кезеңіндегі саяси ұйымына сипаттама берілді. Онда әлемдегі тұңғыш социалистік мемлекет марксизм-ленинизм ілімімен толық сәйкестікте дами келіп, өзінің пролетариат диктатурасы мемлекеті ретіндегі тарихи миссиясын ақтағандығы айтылды. Ішкі даму тұрғысынан қарағанда да, антагонистік тап-тардың жойылуына, социализмнің толық және түпкілікті жеңіске жетуіне, халықтың барлық таптарының жұмысшы табының идеялық-саяси айқындамаларына көшуіне байланысты мүндай диктатура кажет болмай қалды. Бұл объективтік процестер Кенес мемлекетінің жалпыхалықтық мемлекетке ұласқандығын және өз дамуының жаңа сатысына аяқ басқандығын көрсетті. Қоғамдағы осьндай жаңа қоғамдық-саяси ахуал қалыптасқандығын, мәселен, шопандар, колхозшылар, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары, техникалық интеллигенция, ғылым мен өнер адамдары, партия және шаруашылық басшылары құрамына енетін КСРО Жоғарғы Кеңесі айғақтайтындай болып көрінді. Еңбекшілер бұрынғысьшша жергілікті, облыстық, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестеріне өз өкілдерін сайлады. Республика Жоғарғы Кенесінің тұрақты комиссияларына мүше депутаттар заңды талқылап, қабылдады, ал ауылдар мен елді мекендер, аудандар мен калалар мәселелерді Жоғарғы Кеңес пен оның төралқасының карауына әзірлеуге катысты. Мысалы, 1961 жылдың соңында білім беру және мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру женіндегі тұрақты комиссиялар депутаттардың қатысуымен республикадағы мектеп, балалар және емдеу-профилактикалық мекемелері қүрылысы жөнівде мәселе әзірлеп, Жоғарғы Кеңес сессиясына енгізді. Республика Жоғарғы Кеңесінің тұрақты комиссиялары сондай-ақ жергілікті жерлерде өздерінің көшпелі мәжілістерін өткізіп, Кеңестің заңдары мен қаулыларының орындалу барысына бакылау жүргізіп отырды.1963 жылы республика Жоғарғы Кеңесіне сайланған 473 депутаттың 158-і әйелдер болды. Қазак КСР-інің әр түрлі дәрежедегі еңбекшілер депутаттары Кеңестеріне 98806 депутат сайланды. Олардың көпшілігі, яғни 45,4 проценті КОКП мүшелері мен мүшелікке кандидаттары еді. Жергілікті Кеңестер жанында тұрақты комиссиялар, көше және махалла комитеттері, үй басқармасы жанындағы жәрдемдесу комиссиялары, жолдастық соттар, т. б. тәрізді көптеген ұйымдар коғамдық негізде жұмыс істеді. Еңбекшілер депутаттары қалалық және аудандық Кеңестері жанынан штаттан тыс бөлімдер құрылып, оларға азаматтар жұмысқа тартылды.Солай бола тұрғанымен, кеңес органдарының қызметі партиялық нормалар негізінде жүргізілді. Кеңестер жұмысы екінші дәрежелі сипатта қала берді және олардың талқылауына көбінесе алдын-ала шешіліп қойған мәселелер ұсынылды. Бұл аздық етсе, Кеңестер құрамын жасақтаумен, кеңес аппаратьша кадрлар іріктеу және орналастырумен де партия органдарының өзі шұғылданды. Шынтуайттап келгенде, мемлекеттік органдар мен лауа-зымды қызметкерлердің жұмысын Кеңестер мен депутаттар емес, керісінше аппарат қызметкерлері бақылап, тіпті Кеңес депутаттарына әмірін жүргізетін жағдай қалыптасты.Кәсіподақ және комсомол ұйымдарындағы жағдай да осыншалық кайшылықты болды. Қарастырылып отырған кезеңде кәсіподақ комитеттері өз қатарына миллиондаған адамдарды біріктірді. 1966 жылғы қаңтардың 1-інде кәсіподақтардың 4 миллион мүшесі болды. Кәсіподақ ұйымдары халық шаруашылығы мәселелерін шешуге, социалистік жарысты ұйымдастыруға, жаңашылдар қозғалысына атсалысып отырды. Барлық шипажайлар мен демалыс үйлерін басқару 1960 жылдан бастап кәсіподақтардың құзырына берілді. Олардың колында еңбек корғаудың, әлеуметтік сақтандырудың көптеген мәселелері болды. 1961 жылдың соңында кәсіподақтардың қарамағына колхоз-совхоздардағы мемлекеттік клубтар, кітапханалар мен кинокондырғылар сияқты халыққа мәдени қызмет көрсету учаскелері де көшірілді. Еңбеккерлердің әлеуметтік-түрмыстық жағдайын жақсарту мәселелері кәсіподақтардың басты міндеттерінің бірі деп танылады. Өндірістік жоспарларды орындау, енбекшілерге тұрмыстық және мәдени қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында кәсіподақтар кәсіпорын әкімшіліктерімен ұжымдық шарттар жасай бастады. Кәсіподақ комитеттері ұдайы өткізілетін өндірістік кеңестер сияқты жұмыс түрлерін де пайдаланды. Бірақ кәсіподақтар көп жағдайда қосалқы функциялар атқарды және партия комитеттеріне бағынышты жағдайда болды. Олар жөнінде қалыптасқан "тұтқа", "қозғау тетігі" деген түсініктер де осыған сәйкес келетін.60-жылдардағы екінші бір бұқаралық ұйым комсомол болатын. 1965 жылдың соңына қарай республика комсомолы өз катарына 1 миллион жігіт пен қызды біріктірді. Өнеркәсіпте, көлікте, қүрылыста, ауыл шаруашылығында 400 мыңнан астам комсомол мүшесі жүмыс істеді.Аса маңызды құрылыстарды қамқорлыққа алу Қазақстан комсомолы жұмысының басты бір бағыты болды. Оның жолдамалары бойынша бұл құрылыстарға 8000-нан астам қыз-жігіттер жөнелтілді. 1962 жылы Қазақстан ЛКЖО X съезінде республика комсомолы мал шаруашылығын қамқорлыкқа алды. Жастардың спортты өркендетудегі, қоғамдық тәртіпті сақтаудағы рөлі өсе түсті. Қоғамдық өмірді демократияландыру процесі басталғандығының арқасында шекара сыртында өз еркінен тыс қалып қойған отандастарымыз Қазақстанға қайта оралуға мүмкіндік алды. М.Тәтімов, Б.Төлепов, В.П.Осипов сияқты ғалымдардың пікіріне қарағанда, бұл жылдары Қытай Халық Республикасынан Кеңес Одағына 350000-ға жуық адам оралған, оның 200000-нан астамы Қазақстанға келген. Бұл адамдар Отанын сатпағанын, өктемшіл жүйенің құрбандығына шалынғандығын естен шығаруға болмайды. Репатрионттардың, яғни, оралмандардың құрамында қазақ, өзбек, дүнген, орыс, ұйғыр, т. б. көптеген ұлттардың өкілдері болды. Республика үкіметі жанадан келгендерді карсы алу үшін бірқатар шара қабылдауының нәтижесінде олар негізінен бір кезде кетуге мәжбүр болған жерлеріне қайта қоныстандырылды. Бұл адамгершілік актісі болатын. Бірақ әр түрлі себептерге байланысты мұндай қоныс аударулар 1963 жылға қарай тоқталып қалды.Қоғамның прогресшіл бағытта дамуына қоғамдық құрылымдардың қатып-семуіне, төрешілденуіне, демократияны тежеуге және 30—40-жылдардың идеологиялық бағдарларын сақтап қалуға итермелейтін, екінші бет-бағыттағы күштер мен процестер бөгет жасады. 60-жылдардың екінші жартысьшда бұл бетбағыт өмір сүріп отырған социализм мен оның үлгілерінің, басқарудың бұрынғы өктемдік әдістерінің сақталуының арқасында күшейе түсті. Бірақ бұл бірден жүзеге аса қойған жок, өйткені ұнамды бағытта өріс алған демократияландыру процесі экономика саласына ауысып үлгерген еді. Іс жүзінде бұрынғы бесжылдықтар ізденісін жалғастырған, 1965 жылы кабылданған шаруашылық шешімдері осыны көрсетті.1964 жылғы шешімдерден бастау алған саяси бағыт бұрынғы реформалар кезівде өзін-өзі актай алмаған көзқарастар аясында дүниеге келген еді. КОКП ОК-нің 1964 жылы қазан пленумында партия мен ел басшылыеы ауыстырылды. КСРО Жоғаргы саяси басшылығының бір тобы Н. С. Хрущевті орнынан алуға аса құпия түрде дайындалды. Бұл төңкерісті ұйымдастыруда Л. И. Брежнев, П. Н. Игнатов, А. Н. Шелепин, М. А. Суслов және КСРО Мемлекеттік хауіпсіздік комитетінін төрағасы В. Е. Семичастный айрықша белсенділік танытты. Н. С. Хрущев 1964 жылғы қазанның 14-і күні демалып жатқан жерінен тұтқиылдан шақырылып алынған соң, КОКП ОК пленумы болып, онда М. А. Суслов Н. С. Хрущевті айыптайтын баяндама жасады.Бұл пленумның жұмысына бір топ қазақстандық коммунистер де қатынасты. Олардың ішінде Д. А. Қонаев та болды. КОКП ОК пленумы Н.С.Хрущевті ОК-тің бірінші хатшысы, КСРО Министрлер Кеңесінін төрағасы және Төралқа мүшесі қызметтерінен босатты. КОКП ОК-нің бірінші хатшылығына Л. И. Брежнев сайланды. Осыдан көп ұзамай Жоғарғы Кеңес А. Н. Косыгинді Кеңес үкіметінің басшысы етіп тағайындады.Халық шаруашылығын басқаруда орын алған волюнтаризм мен әкімшілдікті айыптайтын бірқатар арнайы партиялық, шешімдер қабылданды. Алайда бұл құбылыс үшін Н. С. Хрущевті кінәлаудың дұрыстығы екіталай еді, өйткені КСРО бұдан кейінгі кезеңдерде де ел басқарудағы волюнтаристік көзқарастардан айығып кете алған жоқ.
70-80 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
1965-1985 жылдары республиканың өнеркәсібі біршама өсті. Өнеркәсіпті дамыту үшін 40 млрд. қаржы жұмсалды. Химия, мұнай саласы 3 есе, машина жасау 5 есе өсті. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар қосылды. Олардың ішінде Ақтаудағы пластмасс заводы, Қарағандыдағы резина бұйымдарын жасау заводы, Павлодар мен Шымкенттегі мұнай өңдеу заводы. Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай ГРЭС-і. Жайрам кен байыту комбинаты, Ақтау қаласындағы атом реакторы болды. Өнеркәсіп саласынан Қазақстан Украина мен Ресейден кейінгі үшінші орынды алды, 70-80 жылдардағы Қазақстанның барлық өнеркәсіптері шикізат өндіруге бағытталған артта қалған өнеркәсіп орындары болды. Халық тұтынатын товарлардың 60%-ке жуығы Қазақстанға басқа республикалардан әкелінді. Бұл жылдары Қазақстан орталыққа қорғасын, мырыш, титан, магни мен қалайының 70%-ін фосфор мен хромның 90%-ін, күмістің 60%-ін, мыстың 30%-ін жыл сайын 142 миллион тонна көмір, 30 млн. тонна астық өндіріп беріп келді. Қазақстандағы өнеркәсіптердің 50%-ға жуығы орталықтағы министрліктерге бағынды. Орталық Қазақстаннан шығарылған өнімдерді шет елдерге шығарудан жылына 1 миллиард 700 млн. доллар пайда түсіріп отырды. Оның аз ғана бөлігі Қазақстанға берілді. Одақтық министрліктер Қазақстанның әлеуметтік дамуына, ұлттық кадрларды дайындауға көңіл бөлмеді. Қазақстан жеріндегі экологиялық апат аймақтары Арал мен Семей полигонының зардаптарын жоюға ешқандай көмек көрсетілмеді. 70 жылдардан бастап Кеңес еліндегі экономикада, мәдени-саяси өмірде тоқырау белең алды.
Республикадағы барлық мәселелер командалық-әкімшілік әдістермен шешілді. Жоғарыдан жоспар бекітіліп берілді. Бұл кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етіп, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістердегі еңбек коллективтерінің мүддесі ескрілмеді. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың салдарынан халық шаруашылығының өнімдері тоғызыншы бесжылдықта 12%, оныншы бесжылдықта 3,6%-ке орындалмады. Сол кездегі еліміздің басшылары ана съезбен мына съездің аралығында экономикадағы көрсеткіштер жылдан жылға өсіп келе жатыр деп жалған ақпараттар беріп отырды. 1970 жылы табысы аз шығыны көп совхоздар мен колхоздардың жалпы саны 15%-тей болса, олар 1985 жылы 51%-ке өсті. Өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, өнім саласының нашарлауы, ғылыми-техникалық прогресс саласындағы артта қалушылықты күшейтті. Кеңес елі кибернетика, компьютерлендіру, автоматтандыру сияқты салалар бойынша алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден 50-60 жылғы артқа қалып қойды. Жоғарыдан қатаң әміршілдік басқару, еңбекке ақы төлеудегі теңгермешілдік, мемлекеттік меншіктің монополиясы, еңбекшіні меншіктен және еңбек нәтиежесінен алыстату, өндірісті басқарудағы демократиялық бастамалардың тежелуі салдарынан жұмысшы табының шығармашылық белсенділігі күрт төмендеді.Осы жылдары Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Қазақстан орталықтың бір шет аймағы болып қалды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. Орыс емес халықтардың тілі, әдет-ғұрып, ерекшелігі ескерілмеді. Кеңес халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің ролін асыра бағалау процесі жүрді. Біздің тарихымыздың бір бөлігі болып табылатын көшпелілік цивилизациясы мен шығыс мәдениеті жауып тасталды. Адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. Қазақстанда тіл саясатын тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ол ұлт тілі туралы айтылмады. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуге, мемлекеттік дипломатиялық әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95%-і орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70%-і орыс тілінде болды.Осы жылдары басқаша ойлаудың барлық түрі қудаланады. Әдебиет пен өнер саласындағы бірқатар интеллигенттер қуғынға ұшырады. Ақын О.Сүлейменовтың «Аз и Я» деген кітабы ұлтшылдық, пантюркистік деп қуғынға түсті. Философия институтының коллективі даярлаған «Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы» деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог Исмағұловтың «Қазақстанның этностық геногеографиясы» деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды.1979 жылы жазда орталық Қазақстан басшыларымен, жергілікті қазақ халқымен сананспай Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудандарынан орталығы Ерейментау қаласы етіп, Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялы облыс құру, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Олар Ақмолада, Ерейментауда, Көкшетауда митингілер өткізіп, «Қазақстан бөлінбейді», «Неміс автономия болмасын» деген ұрандар көтерді.
Қазақстан «Қайта құру» жылдарында.
(1985 – 1991 жж.)
1985 жылдан бастап елімізде қайта құру процесстері басталды. Қайта құру процестері Кеңес Одағы Коммунистік партиясының 1985-1991 жылдар арлығында бірінішісі хатшысы болып істеген М. Горбачевтың есімімен тікелей байланысты болды. 1985 жылы СОКП Орталық комитетінің сәуір пленумында «Әлеуметтік-экономикалық дамуда» жеделдету бағыты жарияланды. Әлеуметтік салада мектептерді компьютерлендіру, маскүнемдіктен күрес, еңбексіз табыс табумен күрес мәселесі қойылды. 1987 жылы СОКП орталық комитетінің қаңтар пленумы елімізді экономикалық және саяси реформаларға бастама болды.Экономикалық реформаларды дамытуда екі бағыт бойынша жүргізу көзделді. Бірінші мемлекеттік өндіріс орындарының өзін-өзі билеуін кеңейту, екіншісі, экономикадағы жеке меншік сектордың рөлін кеңейту еді. Сонымен бірге саяси өмірде М. Горбачев «жариялық» түсінігін енгізді. Соның нәтиежесінде елімізде қордаланып қалған саяси өмірдегі көптеген мәселелер жарыққа шығып, демократия ұғымдары қанатын жая бастады. Горбачев өкімет басына келгеннен кейін, бұрынғы экономикадағы және басқа да салалардағы артта қалушылықты жойып, Кеңес елінің экономикасын көтеру мақсатын қойды. Сонымен бірге 1988-1991 жылдары КСРО-ның сыртқы саясаты түбірінен өзгеріске ұшырады. Жаңаша саяси ойлаудың нәтижесінде алғаш рет Америкамен соғыс қару-жарақтарын жасаудан жарысу тоқтатылып, әлемдегі соғыс қаупін болдырмау шаралары іске асырылды. Алыс және орта қашықтыққа ататын ракеталарды жоюға келісті. 1988 жылдан бастап Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Қайта құру жылдарындағы Қазақстандағы елеулі оқиғаның бірі Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болды. Халықтың, әсіресе жастардың көтерілуіне 1964 жылдан 1986 жылға дейін үздіксіз басқарған Дінмұхамед Қонаевтың зейнетті демалысқа шығып, оның орнына Қазақстанға белгісіз Ресейдің Ульяновск облысын басқарған Колбинді тағайындалуы түрткі болды. Сол кездегі әміршіл-әкімшіл жүйе қазақ халқының мүддесін ескермеді, онымен санаспады. 17 желтоқсан күні жастар алаңға қолдарына плакаттар алып, бейбіт демонстрацияға шықты. Ол плакаттарда «Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болуы керек», «Ешқашандай ұлтқа артықшылық берілмесін» деген сияқты ұрандар жазылған еді. Ешкіммен ақылдаспай командалық әдіспен шешуді үйренген сол кездегі империялық жүйе демонстрацияны күштеп қуып таратты. Демонстрацияларға қатысушылардың саны американдық Хельсинки тобының деректері бойынша 30-мыңға жеткен. Демонстрацияны қуып тарату үшін 50 мың әскери адамдар, 20 мың милиционерлер, 16 мың жасақшылар жұмылдырылды. Колбин бастаған топ өздерінің арсыз қылықтарын жабу үшін демонстрацияға қатысқандарға «балалар бақшасын қиратты», «балалар әлемін талқандады» деген жалған ақпарат таратып, жала жапты. Желтоқсан көтерілісін зерттеу үшін М. Шаханов бастаған Қазақ КСР жоғарғы Кеңесі комиссиясы құрылды. Бұл комиссиясының анықтағанындай ішкі істер министрлігі – 2236, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті - 2212, прокуратура-2401 адам ұстаған. Жалпы 8500 адам ұсталған. 99 адам әр түрлі мерзімге сотталған. Ек адам Рысқұлбеков пен Әбдіқұлов ату жазасына кесілді. Артынан кешірім жарияланып Рысқұлбековтың жазасы 20 жылға, Әбдіқұловтың жазасы 15 жылға ауыстырылды. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сынды жастар Желтоқсан көтерілісі салдарынан қаза тапты. Желтоқсан көтерілісі күшпен басылғаннан кейін қазақ жастарын қуғындау басталды. 264 адам жоғарғы оқу орнынан шығарылды. Жоғарғы оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Жалпы 90 мыңға жуық қазақ жастары басқа аймақтарға кетуге мәжбір болды.1986 жылғы СОКП орталық комитетінің 25 желтоқсандағы мәжілісінде қазақ жастарының демократиялық бой көрсетуі «қазақ ұлтшылығының көрінісі» деп бағаланды. Тек үш жылдан кейін ғана 1989 жылы Қазақстан жоғарғы Кеңесі бұл бағаны айыптап, қазақ жастарының қозғалысын демократиялық қозғалыс деп әділ бағасын берді.
Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.
ТМД-ның құрылуы.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы және тәуелсіздік туралы заң. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп, Қазақстан 260 жылға созылған отарлық бұғаудан құтылып, өз алдына дербес мемлекет құруға мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, әлемдік нормалары қатаң сақтай отырып, әлемдік қауымдастықпен байланысқа көшті. Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Қазіргі уақытта Қазақстан дүние жүзінің ірілі-кішілі мемлекеттерімен тең дәрежеде байланыс жасауда. Қазақстанды әлемнің 140-қа жуық елдері ресми таныды. Қазақстан 50-ге жуық мемлекеттерде өз елшіліктерін ашты. Қазақстан дүние жүзінде территориясы жағынан 9-шы, адам саны жағынан 50-ші орын алады. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Соның ішіндегі негізгі қазақ халқы 1997 жылы демограф, ғалым Мақаш Тәтімовтың есептеуі бойынша, 8 млн.-ға жетіп, Республика халқының жартысынан астамын құрап отыр. Дүние жүзі бойынша қазақтардың саны 12 млн.-ға жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |