Құрастырушы Ораз а-«Функционалдық сауаттылық қазіргі білім берудің мақсаты және нәтижесі ретінде»,2023 жыл 20 бет


Жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыратын тапсырмалар жиынтығы



бет7/17
Дата05.09.2023
өлшемі2,42 Mb.
#180264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Әдістемелік нұсқаулық
Годовой отчет, Өндірістік (педагогикалық) практика
Жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыратын тапсырмалар жиынтығы.
1-тапсырма.Адам 3000м биіктікке көтерілгенде биіктік ауруымен ауыра бастайды:тез шаршайды,басы айналады,жүрегі айниды,алқынады. 4000м-дегі биіктікте қан тамырлары жарылып,мұрнынан қан кетеді,есінен танады.
Себебі:
1)Температура төмендейді
2)Ауа қысымы төмендеп ,оттегі азаяды
3)Ауа қысымы көтеріледі
4)Ауа құрамы өзгермейді
Жауабы: Ауа қысымы төмендеп ,оттегі азаяды
2-тапсырма.Гольфстрим –Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі жылы ағыс.Голфстрим дүние жүзіндегі ең күшті жылы ағыс болып табылады.Ол Мексика қойнауынан шығып,Еуропа жағалауына дейін ағады.Осы ағыстың Еуропа климатына әсері бар ма?

Жауабы:Еуропаның жылы,әрі ылғалды болуы тікелей Гольфстрим жылы ағысына байланысты .Яғни Еуропаның негізгі жылу көзі.Гольфстрим жылы ағысының арқасында Еуропа жағалауында қыс материктің ішкі бөліктеріне қарағанда анағұрлым жылы.
3-тапсырма .Солтүстік теңіз –Еуропаның солтүсті -батыс жағалауындағы Атлант мұхитының шеткі теңізі.Солтүстік теңіз қыс кезінде қатады.Ал әлдеқайда солтүстікте орналасқан Солтүстік мұзды мұхиттағы Баренц теңізі қыс кезінде қатпайды.Неге?

Жауабы.Себебі Солтүстік Атлант жылы ағысы Баренц теңізінің суын жылытып қатуына мүмкіндік бермейді.
4 тапсырма Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. 
Ауаның көлік түрлерінің ішінде ластаушы көздердің ең негізгісі қайсысы?
А) Автомобильдер
Б) Ұшақ
С) Су көлігі
Д) Темір жол
Жауабы: А
5 тапсырма Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 – 80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында — 90 пайыз.Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда.
Автокөліктен шығатын қандай негізгі зат ауаны ластаушы зат болып табылады?
Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптардың бірін таңдаңыздар.

Автокөліктен шығатын қандай негізгі зат ауаны ластаушы зат болып табылады?



«Иә» немесе «Жоқ»

Көмірқышқыл газы




Күкірт қышқылы




Метан газы



Жауабы: Көмірқышқыл газы



Биіктік белдеу

Белдеулердің таралу биіктігі




Тянь-Шань

Алтай

Жетісу Алатауы

Қарлы мұзды










Альпілік










Шалғынды










Орманды










Далалы










Шөлейтті










Шөлді









6 тапсырма Кестеде Тянь-Шань, Алтай ,Жетісу Алатауы тауларының биіктің белдеуінің таралуын анықтап ,+ белгісін қойып шығыңыздар
7 тапсырма Айналадағы бізді қоршаған табиғатты сүйіп, аялап адамдардың тіршілігі, өмірі табиғатпен тікелей байланысты екенін жас ұрпақ балабақшадан, отбасынан, мектеп қабырғасынан жақсы түсініп шығу керек. 
1-есеп. Тәулігіне 1 ағаш 1 адамға жететін оттегі бөледі. Қалада қажетсіз газдардың бөлінуіне байланысты бұл оттегінің 10 есе кемісе, бір жарым миллион халқы бар Алматы қаласының тұрғындары үшін қанша ағаш қажет? 
Шешуі: 1500000*10=15 млн (ағаш) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет