Құрастырушы Ораз а-«Функционалдық сауаттылық қазіргі білім берудің мақсаты және нәтижесі ретінде»,2023 жыл 20 бет


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы география пәнінің маңызы



бет3/17
Дата05.09.2023
өлшемі2,42 Mb.
#180264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әдістемелік нұсқаулық

4.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы география пәнінің маңызы.
География пәнінде функционалдық дағдыларды қалыптастыру –графиктер мен диаграммаларын талдау, статистикалық мәліметтер мен жұмыс жасауға арналған тест тапсырмаларды орындау барысында оқушы ойша анализге, синтезге негізделген біршама ой операцияларын жүзеге асыра алады.
Оқушылардың географиядан функционалдық дағдыларын қалыптастыруда, яғни бірқатар географиялық ұғымдардың анықтамасын оңай түсіну үшін, өздігінше интерпретация ( жұмыс жүргізу және ой қорыту) жасай алу үшін, қажетті сандық мәліметті өздігінше тауып, есте сақтау үшін графиктер мен диаграммалар құру, оларды оқи білу үлкен көмек береді.Графиктер кез –келген құбылыстардың динамикасын ашатын болса, диаграммалар табиғи обьектілердің (табиғат зоналары, материк тер мұхиттардың т.б),өнеркәсіп өндірісіндегі салалардың, өндірілетін өнімнің, халықтың ұлттық немесе жыныстық құрамын, т.б үлес салмағын айқын көрсетеді,яғни салыстыру және оқушылардың қорытынды жасау дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.Графиктер мен диаграммаларды құрудың негізі математика, сызу, сурет сабақтарында қаланатындықтан, бұл жерде мета пәндік байланыстың жүзеге асырылатыны туралы да айта кету керек. Ал, бұл – өз кезегінде,оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тағы да бір түрі.Оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалауға арналған тест тапсырмаларының міндеттері де осыны қарастырады
5.География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылғын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері.
География пәні ең қызықты, оқушылардың белсенділігін, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндігі жоғары пән. Дегенмен әрбір сыныптың танымдық қызығушылығының тәжірибесі мен даму дәрежесі әртүрлі.
Географияның әртүрлі пәндермен кіріктіруге мүмкіншілігі зор. Сондықтан сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану арқылы ұйымдастырылған сабақтар дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда, айрықша есте қаларлық, жеке тұлғаны жан-жақты дамытады. Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру жұмысымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегияларын қолданып, сабақтарымды «қызығушылықты ояту – мағынаны ажырату – ой – толғаныс» үлгісін ұстанып ұйымдастырамын.
«Қызығушылықты ояту» кезеңінде қолданылатын әдістер оқушылардың тақырыпқа байланысты бұрынғы алған білімдерін қолданып, қайта жаңғыртып, естеріне түсіруін қажет етеді. Бұл кезеңде «Білемін», «Білгім келеді», «Мен үшін жаңалық»кестесін толтыру, ассоциациялар жүйесін құрастыру, болжам жасау сияқты әдістерді қолданамын.
«Мағынаны ажырату» кезеңінде — топтық,ұжымдық, немесе жеке түрде ұйымдастырамын. Жұмыс барысында оқушылар алған білімдерін «ой – толғанысқа» салады. Мысалы үшін «бес жол өлең құрастыру», «эссе жазу», «дөңгелек үстел»жұмыс әдістерін қолданамын.
География сабақтарында үй тапсырмасын бекітуге, қорытынды жасауға географиялық диктант, өздік жұмыстары, тест,сұрақ-жауап, сандар сөйлейді.
Карточкалармен жеке дара тапсырмалар арқылы да жұмыстар жүргізу, оларды сабаққа пайдалану өте тиімді. Қазіргі кезде балалар да тест тапсырмаларын орындауға үйреніп дағдыланған.
Оқушылардан күтілетін нәтиже:
— өмірге бейімделген, алған білімін практикада қолдана алатын;
— өзі шешім қабылдайтын, жаңашыл, шығармашыл;
— ақпарат құралдарымен сауатты жұмыс істей алатын;
— коммуникативті дағдысы жетілген, әртүрлі саладағы адамдармен тіл табыса алатын;
— өз білімін, мәдениет деңгейін көтере алатын тұлға алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет