Құрастырушы Ораз а-«Функционалдық сауаттылық қазіргі білім берудің мақсаты және нәтижесі ретінде»,2023 жыл 20 бет


География сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін PISA тапсырмаларын қолданудың педагогикалық тәжірибесімен таныстыру



бет4/17
Дата05.09.2023
өлшемі2,42 Mb.
#180264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әдістемелік нұсқаулық
Годовой отчет, Өндірістік (педагогикалық) практика
6. География сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін PISA тапсырмаларын қолданудың педагогикалық тәжірибесімен таныстыру.
Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды. Еліміздің 2011 жылы өткен халықаралық PISA- 2012 апробациялық зерттеуіне, 2012 жылы сәуір айында болатын PISA- 2012 негізгі зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
Мақсаты: Әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерді алу, саралау.
Міндеті:– ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегияларды қолдану;
– PISA талаптарына сәйкес тапсырма мысалдарын құруды үйрену;
– оқушы құзырлылығын бағалаудың формативті және суммативті стратегияларын үйрену.
– Білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде обьективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.
Болжам:
PISA бағдарламасы міндетті білім алуды аяқтаудың алдында тұрған оқушылардың қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін қажетті белгілі бір білім мен машықтар жиынтығын қаншалықты жақсы меңгергенін бағалауды көздейді. Басқаша айтқанда, оқушылардың ересек өмірге араласуға дайындық дәрежесі бағаланады.


Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері.
PISA зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия,Финляндия,Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея,т.б) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға мынадай фактор әсер етеді:
а) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар,оқу бағдарламалары);
ә) оқыту нысандары мен әдістері;
б) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
в) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
г) мектепті басқару моделі;
ғ ) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
д) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.

Ұлттық жоспардың мақсаты -Қазақстандағы білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.Осыған орай,Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт механизмін бөліп көрсетеді:


Оның бірінші механизмі—оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту (МЖБС-мемлекеттік стандарт) .Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімде -луіне, алған білімін практикалық жағдайда пайдалана алатындай негізгі құзіреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:
— басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті)
— ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);
— коммуникативтік (қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазбаша, ауызша қарым-қатынас жасау;
— әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);
— тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім,білім, білік дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);
— азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрлері, тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);
— технологиялық (ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларын сауатты пайдалану);
Оқушы осы аталған құзіреттіліктермен қатар пәндік құзіреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс.
Қазіргі ақпарат заманында, күн сайын жаңалықтарға мұғалім қанық болып, сол ақпараттарды оқушының санасына беріп отыру қажеттілігі туындап отыр.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды. Еліміздің 2011 жылы өткен халықаралық PISA- 2012 апробациялық зерттеуіне, 2012 жылы сәуір айында болған PISA- 2012 негізгі зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
PISA әдістемесі бойынша тестілеу мектеп оқушыларының үйреншікті емтихандары мен тесттерінен түбегейлі ерекшеленеді. Осы ауқымды зерттеу барысында мектеп бағдарламасын меңгеру деңгейі емес, жас өспірімдердің алған білімдерін тіршілік жағдайларында қолдану қабілеті бағаланады. Тестілеудің негізгі мақсаты - «Жалпыға міндетті білім алған 15 жастағы оқушы қоғамда толыққанды қызмет ету үшін қажетті білім мен машықтарды меңгерді ме?» деген сұраққа жауап беру .
Зерттеуде жазбаша және компьютерлік бақылау нысаны (тесттер) пайдаланылады. Тестке жабық және ашық тапсырмалар енгізілген. Кейбір тапсырмалар сол бір тіршілік жағдайларына жататын түрлі күрделілік деңгейінің бірнеше сұрақтарынан тұрады.

7.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жаратылыстану циклінің PISA тапсырмалар жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет