Құрастырушы: Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Магмурова Асель Бекетовна



бет2/2
Дата22.08.2017
өлшемі378,68 Kb.
#23859
1   2

ТҮСІНІКТЕМЕ

Қазіргі заманға сай білім беру жүйесінің басым бағыттарындағы өзгерістер қабілетті және шығармашыл, өз бетінше әрекет ететін бастамашыл, өз мүмкіндігін біліп,өз ойын іске асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесін мақсат етіп қойып отыр. Бұл мақсаттар мектепке дейінгі тәрбие және білім беру стандартында белгіленген. Соның ішінде мектепке дейінгі мекемедегі « Шығармашылық» білім беру саласының маңызы зор.

Шығармашылық саласының мақсаты -баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде оның сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.

Бекітілген оқу жоспары негізінде шығармашылық саласынан тыс "Сиқырлы әлем" атты вариативті компонент бөліміне бағдарлама құрылды.



Бағдарламаның мақсаты:

Тәрбиеленушіге қосымша білім беруде тәрбиеленушінің білімін, шеберлігін  көрсету. Тәрбиеленушіні шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.



Бағдарламаның міндеті:

-Тәрбиеленушілерді шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан  өнері тамған баланы тәрбиелеу. 

- Баланың шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.

 -Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.

-Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

Бағдарлама 2 бөлімнен тұрады: "Сиқырлы алақандар"(36 сағат), "Сиқырлы жолақтар" (36 сағат)

1 -бөлім: "Сиқырлы алақандар"

Мақсаты: балалар мен дәстүрлі емес сурет технологиясы арқылы қолдың ұсақ моторикасын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:


  • Түрлі материалдарды пайдаланып дәстүрлі емес техника мен әдістерін үйрету

  • Түрлі кескіндеме жанрларымен таныстыру

  • Кескіндер, түстер арқылы бейнелеу, қиялдау қабілетін дамыту

  • Балалар шығармашылығын қолдау.

Күтілетін нәтижелер:

- жануарлардың пішінін бейнелей алады;

-көлемі бойынша заттар мен нысандардың арақатынасын ескеріп, композициялар жасай алады;

- жолаққа геометриялық пішіндер мен өсімдік өрнектерінен өрнектер жасай алады;

-қайшыны дұрыс ұстайды және оны пайдалана алады;

-ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады;

2-бөлім: "Сиқырлы жолақтар"

Мақсаты: "Квиллинг" қағаздан құрастырудың көркемдік әдісі ретінде, квиллинг техникасының қарапайым тәсілдерін меңгерту негізінде балаларды жан-жақты интеллектуалды және эстетикалық тұрғыда дамыту.

Міндеттері:

Оқытып-үйрету:

        Балалардың квиллингтің негізгі үлгілерімен және оның түсініктерімен таныстыру;

        Қағазбен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін үйрету;

        Ауызша нұсқаулықтарды қолдана білуге үйрету;

        Балаларды негізгі геометриялық түсініктерімен таныстыру: домалақ, шаршы, үшбұрыш, бұрыш, жақ, биіктік, төртбұрыш және т.б.

        Арнайы терминдермен баланың сөздік қорын жетілдіру;

        Квиллинг техникасында орындалған бұйымдар композициясын жасап шығару.

Дамытушы:

Логикалық және кеңістіктегі қиялын, есте сақтау, назар аудару қабілетін дамыту;


  • Көзбен шамалау қасиетін және қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту;

  • Оқушылардың қиялын және шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын дамыту;

  • Балалардың көзбен шамалауын дамыту, қолдарының ұсақ моторикасын жетілдіру, саусақтарының дәлме-дәл қозғалуына үйрету, қолдарымен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

Тәрбиелік:

  • Квиллинг техникасына қызығушылығын тәрбиелеу;

  • Еңбек мәдениетін құрастыру және еңбек дағдыларын жетілдіру;

  • Ойын жағдайларын қалыптастыруға әрекет жасау, балалардың коммуникативтік қабілеттерін кеңейту;

  • Жинақылыққа, ұқыптылыққа, мұқият болуға, материалды үнемдеп және күтіп қолдануға үйрету, жұмыс орнын тәртіпте ұстауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

-кіші жастан өз бетінше ізденуге;

-олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ;

-топпен және дара жұмыс істеуге дағдылануы;

-өзін - өзі тексеруге, өзін - өзі бағалауға, қорытынды  жасай білуге, өз пікірін --айта білуге;



Бағдарламаның мазмұнын іс жүзінде игеру кезде қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Бағдарлама жұмысын жүргізу әртүрлі болады

  • Дәстүрлі, дәстүрлі емес, құрамдастырылған және тәжірибелі, ойындар, сайыстар, жарыстар т.б.

Әдіс-тәсілдер:

Әдіс-тәсілдер жұмыстың жүргізілуіне байланысты таңдап алынады:



  • Ауызша (әңгімелесу, әңгіме)

  • Көрнекілік (суреттер, бақылау, көрсету) орындалуын), үлгі бойынша жұмыс т.б.

  • Тәжірибелік (сызба, нұсқаулық карта т.б.)

Балалардың қызмет деңгейінің негізгі тәсілі:

  • Көрнекті-түсіндіру-балалар дайын ақпаратты қабылдайды.

  • Репродуктивтік-балалар алған білімдері мен қызмет тәсілдерінің меңгеруі.

  • Ішінара-іздестіру-балалар ұжымы алдарына қойған міндеттерді педагогпен бірлесіп іздестіру-балалардың шығармашылық жұмыстары.

Балалар қызметін ұйымдастырудағы негізгі әдіс:

  • Барлық балалармен бір уақытта жұмыс жүргізу.

  • Жеке-ұжымдық-жұмыстың жеке және ұжымдық түрін алмастыру

  • Топтық-топпен жұмысты ұйымдастыру

  • Жеке тапсырманын жеке орындалуын т.б.

Бағдарлма ққызметін іске асыру үрдісінде пайдаланылатын тәсілдердің арасында оқытудың күшеюідеп мынаны атауға болады:

  • Оқыту дараландыру және жандандыру( білім алу белсенділіктерін арттыру)

  • Ойын мен жағдаят

  • Шығармашылық жұмыс және т.б.

Жұмыстың бағыттары:

  • «Сиқырлы аландар», «Сиқырлы жолақтар»

  • Квиллингтің техникасы бойынша жасау

  • Мерекелерге сыйлықтар дайындау

  • Құрастыру

Жұмыстың түрлері:

  • Жеке жұмыстар(әр бала өзінің жұмысын жасау керек)

  • Топтық жұмыс(ұжымдық жұмыста орындағанда әр топқа тапсырма бөлініп беріледі)

  • Ұжымдық жұмыс(ұжымдық бейнелерді құрастырғанда және дайындау үрдісінде балалар міндеттерін бөліспей бірлесіп жұмыс атқарады)

Бағдарлама жұмысының үйрету жүйесі: оңайдан күрделіге қарай

Құралдар және керекті заттар. Ширатылған қағаздын әдемілігі.

Ширатылған қағаз өнеоі, оған пайдаланылатын құралдармен және бұйымдар туралы әңгіме өткізіледі. Ширатылған, бұратылған қағаз көркем өнер арқылы ұзын және қысқа бұратылған қағаз жолақтарының түрін өзгерту және одан керекті пішін алу немесе алған бөлшектерден көлемді немесеи жазықтық композициялар құруға болады.

Композиция құрастырған кезде сызғыш, желім, қарандаш пйдалануға болады. Квиллингке керек қағаз жолағы тығыз спиралге оралады. Саусақпен қағазды бір қалыпты орап, қағазды керек мөлшерге дейін ақырындап тартып, керекті пішінде жасауға болады. Квиллинг жасаудың жолы ораймыз, қысамыз қиялымызға сүйене отырып қарапайым бұйымдар жасау.

Негізгі элементтерді үйрету: «Тамшы», «Бұйра», «Жебе», «Көз» т.б.


Балалардың білім дағдыларын бағалау әдісі:

Бағдарламаның мақсаты:

Тәрбиеленушіге қосымша білім беруде тәрбиеленушінің білімін, шеберлігін  көрсету. Тәрбиеленушіні шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.



Күтілетін нәтижелер:

Балалардың ширатылған қағаздан жасалған өсімдік және жануарлар әлемі туралы білім деңгейлерінің өсуі. Қолданбалы өнер шығармашылығымен етене танысу негізінде қызығушылыққа бөленіп, сұлулық пен әсемділікке тәрбиеленеді, олардың талғампаздылығы жетіледі. Эстетикалық қарым—қатынастар эмоционалдық сипатқа ие болғандықтан, өмір мен өнердің эстетикасын тану, эстетикалық күй кешу, сезіну арқылы жүзеге асырылады. Әсемдікті, ұлылықты қабылдау балаларды алуан түрлі сезімге бөлеп, жағымды әсер қалдырады. Шығармашылық икемділік дағдымен қатар өнер сүйгіштікке, өнер танушылыққа тәрбиелейді.



Игерді:

Білу керек:

Ширатылған қағаздан жасалынатын бұйымдарды жасау үшін керекті негізгі құралдарды және ақпаратты.



Жасай білу керек:

Композицияға қоршаған ортаның әдемілігін, ширатылған қағаздың құпиясының көмегімен өздерінің көңіл күйі және сезімін көрсету және композицияның үйлесімділігін құру, олардың өлшемін, түсін, негізгі деректерін білу керек.


Жыл соңында "Мен шебермін" ұйымдастырылған оқу қызметінде жас ерекшеліктерін ескере отырып әр балаға бағдарлама бойынша тапсырма беріледі. Балалардың жасаған шығармашылық жұмыстарын (көркемділігін, орындалуын, жұмысын тақырыпқа сай көркемдеуі, ұқыплығына т.б.) бағалау.
Мониторинг арқылы бағдарламаны игеру нәтижесін бағалау.

Жоғары деңгей- -5 балл


Орташа деңгей- -4 балл


Төменгі деңгей- -3 балл



Қосымша 1

Перспективалық жұмыс жоспары

Р/С

Бөлімдері

Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

Өткізілетін

күні

1-2

"Сиқырлы алақан"

«Аққу»

Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Балаларға алақаннан үзінділер құрып, картонға жапсыру ережелері туралы үйрету.

2

2.09.16

7.09.16.

3-4


«Сиқырлы жолақтар»

. Кіріспе сабақ. Материалдар мен құралдар.

«Квиллинг» технологиясымен танысу, құралдармен жұмыс

жасау барысында қауіпсіз ережелерін сақтау.





2

9.09.16.

14.09.16.



5-6

"Сиқырлы алақан"

«Ара»

Түрлі геометриялық фигуралардан сурет құрастыруға үйретеміз. Аралар суретіндегі «жылы» түстер (сары, қызғылт, қызыл) танысу. картонға қағаздың бөліктерін жабыстыруға үйрету


2

16.09.16

21.09.16


7-8

«Сиқырлы жолақтар»

«Сиқырлы жолақтар»

Қағазбен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.Квиллингтехнологиясының « орау». әдісімен таныстыру. Стержен ге жолақты орауды үйрету. Пішіндерр туралы балалар білімін бекіту. Құралдар мен материалдарды таныстыру: түрлі ұзындықта жолақтарды, әртүрлі кескіндер орау үшін. Ересек көмегімен орындау, содан кейін өз бетінше.

2

23.09.16

28.09.16.



9-10

"Сиқырлы алақан"

«Күрке тауық».

Әдемі суретті құруға қызығушылық тудыру. Ұқыптылыққа және өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.

2

30.09.16.

5.10.16.


11-12

«Сиқырлы жолақтар»

Негізгі пішіні - «спираль».



Стержень басына түрлі түсті қағаздан қиылған дөңгелектерді ширатуды үйрету. Дөңгелек пішінді туралы балалар білімін бекіту. Желімді қолдану ережелерін сақтауға дағдыландыру.

2

7..10.16

12.10.16.



13-14

"Сиқырлы алақан"

Ұжымдық жұмыс

«шырша»


Балаларға ұжымен жұмыс жасауды үйрету. Қолдың ұсақ моторикасын, зейінің дамыту.

2

14.10.16.

19.10.16.



15-16

«Сиқырлы жолақтар»

«Түрлі түсті шарлар».



Қағазбен жұмыс жасау қызығушылықтарын арттыру. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеуЖолақтарды дұрыс орауды және желіммен жапсыру уйрету.

2

21.10.16.

26.10.16.



17-18

"Сиқырлы алақан"

«Піл »

алақанды ойып пайдаланып мәнерлеп суретті жасауды үйрету. Кескіннің сәндік дизайн арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

2

28.10.16.

2.11.16.



19-20

«Сиқырлы жолақтар»

«Светофор».

Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту. Өзбетінше жұмыс жасауға уйрету. Светофор туралы білін жетілдіру

2

4.11.16

9.11.16.


21-22

"Сиқырлы алақан"

«Бұғы»

алақан суретті арқылы образдар жасау үйрету. Жапсыру сабағына қызығушылығын арттыру.

2

11.11.16

16.11.16.



23-24

«Сиқырлы жолақтар»

"Жұлдыз

құрт"


Шығармашылық қабілеттерін арттыру және жәндіктер туралы білімдерін жетілдіру. Қарапайым заттарды жасауда қызығушылықтарын арттыру.

2

18.11.16.

23.11.16.



25-26

"Сиқырлы алақан"

«қысқы ағаштар»ұжымдық жұмыс

Жыртылған қағаз бөліктерін алақан үстіне жапсыру әдісін үйрету

2

25.11.16.

30.11.16


27-28

«Сиқырлы жолақтар»

Шырша

балалардың өз қолдарыңмен жұмыс істеу қабілетін дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

2

2.12.16.

7.12.16.


29-30


"Сиқырлы алақан"

«Кірпі»

Балаларға негізгі түстерді атуға үйрету: қызыл, жасыл, сары: Жұмыс жасау кезінде желім, клеенка, орамалды қолдануға үйрету

2

9.12.16.

14.12.16.



31-32

«Сиқырлы жолақтар»

Аққала

Балаларға әртүрлі ұзындықтағы жолақтармен жұмыс жасауды үйрету. Желіммен жұмыс кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу.

2

21.12.16.

23.12.16.



33-34

"Сиқырлы алақан"

«Құс»

Алақаннан образ құру дағдыларын дамыту.

2

28.12.16.

30.12.16.



35-36

«Сиқырлы жолақтар»

«Торт әшекелеу»

Ұжымдық жұмыс



Қағазбен жұмыс жасау іскерлігіне қызығушылығын, шығармашылық қабілетін арттыру

2

4.01.17.

6.01.17.


37-38

"Сиқырлы алақан"

«Қоян»

Алақан суреттері арқылы шығармашылыққа қызығушылығын арттыру

2

11.01.17.

13.01.17.



39-40

«Сиқырлы жолақтар»

«Анама гүл»

Анаға деген сыйлыққа қамқорлыққа. Өзінің жасаған жұмысымен мақтану, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

2

18.01.17.

20.01.17.



41-42

"Сиқырлы алақан"

«Бақа»

Балаларға екі бірдей алақаннан сурет құрастыруға үйрету

2

25.01.17.

27.01.17.



43-44

«Сиқырлы жолақтар»

Ұжымдық жұмыс

9 мамыр күніне



Шығармашылық қабілетін дамыту. Өз ойын жасай алуға үйрету. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

2

1.02.17.

3.02.17.


45-46


"Сиқырлы алақан"

« Сегізаяқ»

Балаларға топпен жұмыс жасауды үйрету. қолдың ұсақ моторикасы мен зейінін дамыту.


2

8.02.17.

10.02.17


47-48

«Сиқырлы жолақтар»

Күннің көзі

Қағазбен жұмыс жасау іскерлігіне қызығушылығын, шығармашылық қабілетін арттыру.


2

15.02.17

17.02.17.



49-50

"Сиқырлы алақан"

«Құмырада

ғы гүл »


түрлі-түсті қағаздан бірнеше гүл жасап алақанға орналастырып жапсыру. Ұқыплыққа тәрбиелеу.

2

22.02.17

24.02.17


51-52

«Сиқырлы жолақтар»

балапандар

Балапан бейнесін жасауға үйрету. Үй жанурлары туралы әңгімелеу барысында , жануарларға деген қамқорлыққа тәрбиелеу

2

1.03.17.

3.03.17.


53-54

"Сиқырлы алақан"

«Жапалақ»

бөліктеріне желім қолдануға үйретуді жалғастыру және алақанға оларды жапсыру. оның бөліктерін қосу, өз қолынан құстың суретті жасауды үйрету.

2

10.03.17.

15.03.17.



55-56

«Сиқырлы жолақтар»

Біз қолғап безендіремі »

Квиллинг технологиясының « орау» әдісімен жасау қабілетін бекіту.

Қолдың ұсақ моторикасын, қиял, шығармашылық қабілеттерін дамыту



2

17.03.17.

24.03.17



57-58

"Сиқырлы алақан"

«Балық»

балалар ырғақты, оларды орналастыру, түсті негізінде ұқыпты желімдік композицияны жүзеге асыруға. Балаларда түсті сезінуді дамыту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Түсі мен өлшемі бойынша корреляциялық геометриялық фигураларды біркелкі дайындауға дағдыландыру.

2

29.03.17.

31.03.17.



59-60

«Сиқырлы жолақтар»

«балапандар».


5 немесе одан да көп орама жасау мүмкіндігін жетілдіру, тауық суретін жасауды үйрету.

2

5.04.17

7.04.17.


61-62

"Сиқырлы алақан"

«Теңіз балығы»

негізгі түстерді білуге дағдыландыру.. дайын бөлшектерді суреттерді әзірлеуге үйрету.

2

12.04.17

14.04.17


63-64

«Сиқырлы жолақтар»

Токты

Үй жануарларына қызығушылық пен қамқорлық танытуға тәрбиелеу.

Квиллинг әдісі бойынша жасау, қызығушылықтарын арттыру, жұмыс істеу кезінде ұқылыптылыққа тәрбиелеу.



2

19.04.17.

21.04.17.



65-66

"Сиқырлы алақан"

«Көңілді алақандар»

Көңілді пішіндерден өз ойлары бойынша өрнектер салуға үйрету. Жұмыс барысында желім, салфетканы колдануға дағдыландыру

2

26.04.17

28.04.17


67-68

«Сиқырлы жолақтар»

«Ұлу»

Квиллинг әдісінің «орау» тәсілін жасауға үйрету.Балалардың қолмен жасау икемділіктерін, саусақ маторикаларын, саусақтарының қимылдарын, икемділіктерін дамыту.

2

3.05.17

5.05.17.


69-70

"Сиқырлы алақан"

«Аквариум»

Ұжымдық жұмыс



Балаларды топпен жұмыс жасауға үйрету мүмкін. , қолдың ұсақ моторикасын дамыту зейінің , сезімін дамыту.

2

10.05.17

12.05.17.



71-72

«Сиқырлы жолақтар»

« Мен шебермін »


Өткен тақырыптар бойынша өз бетінше жұмыс жасауға

2

17.05.17.

19.05.17.






Барлығы

72сағ





Қолданылған әдебиеттер:
1. Анищенкова Е. Пальчиковая гимнастика для развития речи дошкольников. - М.: ООО «Фирма «Издательство АСТ», 2007
2. Белая А. Е., Мирясова В. И. Пальчиковые игры для развития речи дошкольников: Пособие для родителей и педагогов. - М.: ООО «Фирма «Издательство ACT», 1999.
3. Галкина Г. Г. Пальцы помогают говорить. Коррекционные занятия по развитию мелкой моторики у детей / Г. Г. Галкина, Т. И. Дубинина. - М.: Издательство «ГНОМ и Д», 2011.

4. Новиковская О. А. Умна кончиках пальцев. Академия пальчиковых наук / Ольга Новиковская. - изд. 3-е, доп. - М.: ACT; СПб.: Сова, 2008.

5. Пятница Т. В. Пальчиковые игры и упражнения: Массаж карандашами. – Мн.: Аверсвэв, 2005.

6. Галанов А. С., Корнилова С. Н., Куликова С. Л. Занятия с дошкольниками по изобразительному искусству. – М.: ТЦ “Сфера”, 2000.



7. Комарова Т. С. Игра и изобразительное творчество // Дошкольное воспитание № 4 / 2005.



Каталог: uploads -> doc -> 10ea
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10ea -> СӨз тіркесі қҰрамындағы сөздер өзара
10ea -> Сабақтың тақырыбы: Құқық туралы жалпы түсінік Сабақтың мақсаты
10ea -> Сабақ жоспары: «Қазақстандағы мәдени өмір»
10ea -> Сабақтың тақырыбы: Сөз. Сөйлем. Сөйлеу. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет