Пәннің қысқаша мазмұны: Білім беруді дамытудың Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында "білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету" жоспарланған. Осы мақсатты іске асыру индикаторы: инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 2020 жылға қарай жалпы санның 70% - ын құрауы тиіс. Студенттер педагогикалық жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін оны іске асыруға қатысады, осыған қарағанда "инклюзивті білім беру" курсын білім беру бағдарламасына енгізу қажеттілігі негізгі базалық пәндердің бірі болып табылады
Курстың мақсаты: студенттерді білім берудегі инклюзивті үдерістерді ұйымдастыру мен басқарудың негізгі ережелерімен таныстыру; мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосуды моделдеудің сұлбасын белгілеу және жалпы және арнайы білім берудің маңызды әлеуметтік-мәдени феномені ретінде біріктірілген оқыту туралы түсінік беру.
Пәннің міндеттері:
Жалпы және арнайы білім берудің ажырамас бөлігі ретінде инклюзивті білім беру жүйесі туралы тұтас түсінік қалыптастыру.
Студенттерді инклюзивтік оқыту үдерісінде оқушыларға ұсынылатын білім беру қызметінің жүйесімен таныстыру.
Оқу-тәрбие процесін моделдеуге және инклюзивті білім беру тәртібінде оқыту тәжірибесінде іске асыруға үйрету.
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және басқару міндеттерін шешуде мамандардың пәнаралық және ведомствоаралық өзара іс-әрекетке түсу білігін қалыптастыру.
Оқыту әдіс-тәсілдері: дәрістер, конспект жазу, талдау, эссе жазу, баяндама, презентация, мини-зерттеу, сахналау.
Оқу нәтижелері: ОН 2 – Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық зерттеу әдістерін қолданады.
ОН 3 – Тұлғаның психикалық және дене дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларын, білім беру ұйымдарында білім алушыларды дамыту, әлеуметтендіру процестерін құрылымдайды;
ОН 6 – Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулерді жобалай алады, қажетті эмпирикалық ақпаратты жинай алады, оны талдай алады, есепті нақты және негізделген түрде ұсына алады;
ОН 7 – Әр түрлі дағдылары, әлеуметтік жағдайы, физикалық мүмкіндіктері, жасы мен көзқарасы бар мәдениеттегі адамдармен қарым-қатынаста және ынтымақтастықта бола алады.