Қоғамдық пікір жөніндегі әлеуметтанушылық білімдердің дамуының негізгі кезеңдеріне сиппатама беріңіз.
Қоғамдық пікірдің ғылым ретінде қазіргі түсініктемесі
Қоғамдық пікір ұғымының мәні неде?
Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық пікірдің жағдайы
3-дәріс Қоғамдық пікірдің қызметтері.
Қоғамдық пікір бұл әртүрлі әлеуметтік топтар мен ұйымдардың іс-әрекетіне, әлеуметтік шындықтың оқиғалар мен фактілеріне халықтың көзқарасын қалыптастыратын қоғамдық сананың күйі.
Қоғамдық пікір әлеуметтік институттарды басқарып және бақылай алатындықтан, санкциялауға, қолдауға және өкілеттік етуге толық құқығы бар. Ал санкциялар өзіндік сипаты бойынша формалды және формалды емес болып бөлінеді.
Институттардың әлеуметтік қызметтері негізінде белгілі әлеуметтік құндылықтар мен нормалар жатады. Әлеуметтік құндылықтар, бұл қоғаммен, таптық немесе әлеуметтік топ тұрғысынан қарастырылатын қоғамдық өмірдің құбылыстары.
Әлеуметтік құндылықтар жеке тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, оқу-білімге, еңбекке, қоғамдық жұмыстарға, отбасына, жалақыға деген қатынастары мен мүдделерін яғни құндылық бағдарларын ретке келтірушілер ретінде саналады.
Әлеуметтік зерттеулердің көрсеткендей қоғамдық қарым-қатынасты реттеу қабілеті “қоғамдық пікір” күші әлі де болса, толық қолданылмайды. Басқару органдары жауапты саяси, экономикалық, шаруашылық және басқа да шешімдерді қабылдау процесіне қоғамдық пікірдің араласуын үнемі қадағаламайды, олар әлеуметтік проблемалардың жариялылығына, кейбір қызметкерлер мен мекемелерді сынауға кедергі жасайтын себептерді ашып, жоюды баяу жүргізуде.
Қоғамдық пікір қарастыруды жетілдіру әлеуметтік зерттеулердің кешенді сипатын ұсынуда, әлеуметтанушылық зертеулерді қолдану қоғамдық пікірдің қызмет етуі, оның жағдайының өзгеруі, уақыт аралығында мәліметтерді түсу жиелігі ,оларды шұғыл өңдеу мен талдау, әр түрлі уақытта түрлі әдістермен алынған мәліметтердің бір-біріне салыстырмалы сәйкестігі, терең қамтылған ақпараттардың сенімділігі және т.б.жөнінде ақпараттардың өкілеттілігін қамтамассыз етеді.
Бұл қоғамдық пікірдің талқылауларының танымдық және басқарушылық құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл міндеттер орындалуы қоғамдық пікірдің теоретикалық-іргеталық, сондай-ақ эмпирикалық-қолданбалы саладағы деңгейін арттыруда.
Экспрессивті қызметі – маңыздылығы жағынан кең тараған қоғамдық пікір кез-келген фактіге және қоғамдық өмірдегі оқиғаларға, әртүрлі институттардың, мемлекет көшбасшыларының іс-әрекетіне үнемі айқын позицияны ұстанады. Бұл ерекшелік бұл феноменге бағалаушы және бақылаушы іс әрекетті атқаратын билік институттары мен партия көшбасшыларының үстінен қарайтын күш береді.
Сонымен, қоғамдық пікірдің іс-әрекетінің арқасында мемлекеттік институттар және оның көшбасшылары бақыланатын жағдайда болады. Қоғамдық пікір тек моралдық билікке ие бола тұра шешімі нәтижелі болуы мүмкін. бұл нәтиже Егер халықтың бақылауында болғанда ғана міндетті түрде жоғары болмақ.
Екінші қызметі – кеңес беруші. Қоғамдық пікір әлеуметтік, экономикалық, саяси, идеологиялық, мемлекетаралық проблемаларды шешілуне қатысты әртүрлі кеңестер береді. Егер билік институттары мұндай кеңестерді ескеретін болса бұл пікір әділетті болар еді. Бұл кеңестерді тыңдай отырып, жетекшілік ететін көшбасшылар, топтар, рулық қауымдар басқарудың әдіс-тәсілдерін түзетуге міндетті.
Директивті функция.
Директивті функция, қоғамдастық белгілі-бір әлеуметтік өмір проблемаларына қатысты үкім шығарады, мәселен, референдум және сайлау кезіндегі халықтық шешімі негізінде қоғамдық пікір танылады.
Бұл жағдайда халық белгілі бір мандатқа немесе көшбасшыға тек сенімділік қана танытып қоймай, өздерінің пікірін білдіреді. Мұндай пікір білдіру саяси өмірде негізгі роль атқарады.
Талқылыайлардың мазмұнына қарай пікір бағалаушы, талдамалық, реттеуші және құрылымдық болып табылады. Бағалаушы пікір белгілі бір фактіге немесе проблемаларға қатысты айтылады. Бұл жерде талдау нәтижесі ,ой пайымдауға қарағанда эмоция, сезім басым болады. Талдамалы немесе құрылымдық қоғамдық пікір бір-бірімен тығыз байланысты кез-келген шешімді қабылдау үшін теоретикалық ойлаудың элементтері қажет терең және жан-жақты талдауды талап етеді. Бірақ талдамалы және құрылымдық қоғамдық пікір мазмұны жағынан сәйкес келмейді. Ал реттеуші қоғамдық пікірдің мәні, қоғамдық қарым-қатынас,белгілі нормаларды қалыптастырады,және заңмен жазылмаған нормалар мен принциптер, дәстүр ,әдет –ғұрыптар жиынтығына сүйенеді. Қоғамдық пікір негативті және позитивті талқылауларда көрінуі мүмкін.
Бұл феноменді әлеуметтанушылық әдістермен зерттеу заттың кішкентай ғана түсін, оның өзеру тенденциялары байқаумен қатар, қоғамдық пікір бағалаулары, әр түрлі бағалаулар арасындағы сандық қатынасты айқындауға саяси күштердің мүмкіншілігін білуге көмектеседі Әлеуметтік талдау әдістерін әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға халықтан түскен хаттарды зерттеуге қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |