2.2. Ресей мен Батыс елдерінде қоғамдық пікірді зерттеу
АҚШ-ғы қоғамдық пікірді қолданбалы зерттеулерлің басталуы біріншіден саяси сұрақтар мен нарық мәселелеріне қатысты, соның ішінде ерекше сайлау мәселесі, объективті ақпараттарды алумен байланысты болды. АҚШ пен Батыс Еуропада қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізудің нағыз индустриясы «саулнама бизнесі» тұрақты дәстүрі бар. 1935 ж бастап АҚШ-та қоғамдық пікірді жалпы ұлттық сауалнамасын апта сайын өткізетін Гэллап институты қызмет етеді. 1947 ж бастап қоғамдық пікірді зерттеудің Американдық ассоциациясы қызмет етеді. 1957 жылы Роуперлік қоғамдық пікірдің ғылыми-зерттеу орталығы мен қоғамдық пікірді зерттеу мәліметтерін өңдеумен айналысатын, жарияланған сұраунамалардың Ұлттық Кенесінің негізі қаланды. 1963 ж бастап Харрис қызметі қоғамдық пікірді зерттеумен айналысады, оның нәтижелерін аптасына 2 рет 250-ден астам газет беттерінде жарияланады.
Кейінгі жылдары 1947 ж Д.Янкелович құрған қоғамдық пікірді зерттеудің коммерциялық емес қызмет көрсету әйгілі аттаққа ие болды.
Батыс Еуропада қоғамдық пікірді зерттеу ұлттық қызмет көрсету орындарымен жүргізіледі (мысалы,Франция әлеуметтік зерттеу және сауалнама қоғамы/, сонымен қатар жалпы еуропалық мекемелер айналысады. Рессейде қоғамдық пікірді зерттеу 90-шы жылдарға дейін фрагментарлы және эпизодтық сиппатта болды, онда техникалық , ұйымдастырушылық және теориялық- методологиялық базасы әлсіз болды. 1960 ж бүкіл одақтық сауалнаманы жүргізетін «Комсомольская правда» пайда болды. Сол кезде алғашқы қоғамдық пікір мәселесімен айналысатын теориялық-методологиялық еңбектер пайда болды. Қазіргі уақытта қоғамдық пікірді зерттеу кең ауқымды алып, , саяси күрес нәтижесінде өзіндік зерттеулерді жүзеге асыратын көптеген коммерциялық фирмалардың құрылуына алып келді.Зерттеу нәтижелерін қоғамдық пікірді саяси қысым етуге және саяси алыпсатарлық үшін манипуляциалау құралы ретінде пайдалануда Сондықтан да ғалымдар алынған мәліметтерді саяси деформацияланудан, адекватты емес саяси түсініктеме беруден сақтауға мәжбүр болып отыр. Бұл қоғамдық пікір динамикасы мен жағдайы жөнінде мәліметтердің репрезентативтілігін мен нәтижелер айғақтығын және олардың объективтілігін қамтамассыз ету, сонымен қатар қоғамдық пікір теориясының ары қарай дамуына нақты іс-шаралар қолдануды қажет етеді.
Қазақстанда 1973 ж бастап әлеуметтанулық лабороториялар қызмет ете бастады, соның ішінде Қазақ Ұлттық университетінің философия және экономика факультеті ішінде құрылды .Сол жылдары Қаз ССР ҒА философия және құқық институты құрамында нақты әлеуметтік зерттеулер секторы құрылды. Бұл сектордың құрылуы білікті қызметкерлер санының өсуіне әсер етті және әлеуметтік зерттеулердің тақырыбын ұлғайтуға мүмкіндік берді
Әлеуметтік дамуға объективті қажеттілік, әлеуметтік зертеулердің престижінің өсуімен Қазақстанның ғылым академиясының президиумының алуына әлеуметтік зерттеулерді күшейту мен оны дамыту мәселесіқойылды.
1984-1985ж әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінде, КазҰУ-дың әлеуметтік лаборотория базасында құрылған, қоғамдық пікірді зерттеумен айналысатын орталық қызмет ете бастады.
Экономикалық зерттеулер ғылыми зерттеу институтында, Парламент құрамындағы Қазақстанның даму және стратегия институтында қоғамдық пікірді зерттеу орталығының координациялық міндеті белгіленген ассоциациялар, орталықтар, секциялар, кеңестер, құрыла бастады.
1967 ж Қазақстанда алғаш рет КазҰУ-да әлеуметтану кафедрасы ашылды Ол білімді мамандарды оқытумен және даярлап шығаруға және білікті кадрлардың көбейуі мен әлеуметтанулық орталықтар торабының ұлғайуына септігін тигізеді . КазҰУ құрамында әлеуметтанушыларды дайындау және біліктілікті жоғарлату институты қызмет етеді.
Бұнда Кеңес және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, жоғары мектеп оқытушылары, ғылыми қызметкерлері дәрістер тыңдайды. Голландиядан,Германиядан Англия,АҚШ, Москва, Ленинград және басқа ғылыми орталықтарының атақты әлеуметтанушылары дәрістер оқиды.
1999 ж Қоғамның өмір сүру саласын әр қырынан талдау мен түұсіндіруге бағытталған гуманитарлы және саяси зерттеулер орталығы ашылды.
Әр түрлі елдердің арасындағы шығармашылық байланыстар ғылымның дамуына ықпалы өте зор болып табылады. Қазақстанның әлеуметтанушыларының халықаралық конгрестерге, конференцияларға, симпозиюмдарға қатысуы, Батыс және Таяу шығыс елдеріндегі әлеуметтанушылармен шығармашылық байланыстары, студенттер, аспиранттар немесе ұстаздар, осы саладағы қызмет атқарушылармен алмасуы, Қазақстанның әлеуметтік ойының дәрежесі әлемдік деңгейде дамып жатқандығынан және жеткен жетістіктерінің тек аймақтық қана емес, халықаралық маңызының зор екендігінен үлкен үміт күттіреді. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үкімет шешімімен әлеуметтану кафедрасында, “Қоғам жаңаруындағы әлеуметтанудың ролі” атты тақырыпта өткен халықаралық конференция бұған дәлел ретінде алуға болады.
Бұл конференция көп жазылды, бірақ осы конференцияда сөз алған танымал ғалымдар мен мамандар туралы толық мәліметтер “ҚазҰУ хабаршысы” журналындағы С. К. Биекенованың мақаласында берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |