Рецензенттер: Әлеуметтанушылық ғылымдарының докторы, профессор Әженов М. С



бет3/12
Дата28.09.2023
өлшемі68,22 Kb.
#182863
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
treatise162402

1.2. Қоғамдық пікір және қоғам.

Қоғамдық пікірді шөл даладағы барханға теңеуге болады. Әр құм түйіршігі – бір адамның пікірі. Олар бірігіп барханды - қоғамдық пікірді құрайды. Бархан ортасындағы максимальді биіктік, шеттеріне қарай жайпақтала төмендей береді, яғни шеткі көз қарастағы пікірді ортадағы пікір ұстанушы адамдарға қарағанада аз адамдар саны ұстанада. Желдің әсерінен құм түйірлері белгілі-бір бағытта қозғала бастайды. Алғашында орын ауыстырған түйіршіктер (1,10,1000) барханға әсер етпейді. Бірақ біртіндеп орын ауыстырған құм түйірлерінің көбеюіне байланысты бархан өзгеріске енеді. Көп кешікпей барханның ортасы кеше ғана шеті болған жерінен пайда болуы мүмкін. Әрине, қоғамдық пікір өте тез өзгермейді, кейде адамдардың қандай да мәселеге көзқарасын өзгертуге жүздеген жылдар қажет.


Қоғамдық пікірдің күші, олардың тарихи үрдіс субъектілеріне әсері бұрыннан белгілі болған . Бірінші рет Макиавелли өзінің “Мемлекет” атты еңбегінде бұл феноменнің маңыздылығын ерекше атап өтеді.
Қоғамдық пікір – бұл халық көзқарасы. Неліктен қоғамдық пікір басты назарда болған? Неліктен қоғамдық пікір журналистер мен публицисттердің әрдайым назарында болады, ал саясаткерлер мен идеологтарды сонымен қатар симпатиясы мен антипатиясы да қызықтырады? Неліктен қоғамдық пікірмен жергілікті орындарда тек қана шаруашылық басшылары ғана емес, сондай-ақ ғалымдар, мемлекет, партия, қоғамдық ұйым басшылары санасады?
1.Қоғамдық пікір бұқара көпшілік адамдармен тікелей байланысты. Қоғамдық пікірді жақтаушы адамдар көп болған сайын, соғұрлым осы пікірмен көпшілік те санасады.
2. Қоғамдық пікір саяси сферада халық билігінің, демократияның тұрақтандырудың қажетті формасы ретінде көрініс табады. Ол мемлекет ісіне белсенді әсер ете отырып, қоғамдық институт–қоғамдық пікір әлеуметтік процесстерді басқару құралдарының бірі ретінде мәртебеге көтеріледі. Қоғамдық пікір экономика саласында әр түрлі қоғамдық шаруашылық бағыттағы жағдайларды және бөлу механизмін бағалайтын төреші қызметін атқарады және тұрмыстық мәселелерді шешудегі адамдарды біріктіріп, жұмылдыратын нәтижелі құрал болып табылады. Идеология саласында қоғамдық пікір көпшілікті жұмылдырушы фактор ретінде айқындалады.
3. Қоғамдық пікір үлкен әлеуметтік-психологиялық потенциялды иеленеді және әлеуметтік құбылыстар мен адамдардың іс-әрекетінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін белсенді ынталандырғыш стимулятор ретінде көрінуі мүмкін.
4.Адамдардың білім, мәдениет, ақпарат алу деңгейінің өсуіне қарай қоғамдық пікір қөріну диапазоны да кеңейе түседі. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: қоғамдық пікір адамдар өміріндегі өзіндік феномен, адамдардың ойлары, сезімдері ерік-жігерлері енетін рухани энергиясының қоры және қоғамдық пікір субъективті адамдық фактордың маңызды элементі болып табылады. Қоғамның қызметтері мен табиғаты жөнінде білімдерге негізделген қоғамдық пікір қоғам алдында тұрған міндеттерді табысты шешуді қамтамассыз етеді
Қоғамдық пікір көпшіліктің немесе оның бір бөлігінің көзқарастары мен ойларынан баға беру жиынтықтарынан тұрады. Ол өндірістік бірлестіктерде, кішігірім елді-мекендерде , әлеуметтік таптарда, этникалық топтар мен тұтастай қоғамда орын алады. Қоғамдық пікірдің әсері орасан зор.
Әлеуметтану қоғамдық пікірді кеңінен зерттейді. Бұл оның басты зерттеу тақырыбы болып табылады Сұраунама мен сұхбат осыған байланысты. Әлеуметтануды жиі қоғамдық пікірді зерттеумен біріктіре қарастырады.
Оны екі түрлі әдіспен зертейді:
- жай адамдардан сұраунама алып,содан кейін статистикалық мәліметтерді жинақтап қортытады .
- сұраунаманы жай адамдардан емес ,ең белсенділерінен алады. Оларды қоғамдық пікірдің лидерлері деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет