Рецензенттер: Әлеуметтанушылық ғылымдарының докторы, профессор Әженов М. С



бет9/12
Дата28.09.2023
өлшемі68,22 Kb.
#182863
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
treatise162402

Қайталауға арналған сұрақтар.

1.Қоғамдық пікірдің қызмет ету механизмдері.


2.Қоғамдық пікідемаупуляция жасаудың шегі қандай?
3.Қоғамдық пікір қалыптастыруда қандай критериилер қызмет етеді?
6-Дәріс. Қоғамдық пікірді әлеуметтанушылық зерттеулер .

Қоғамдық пікір тек нақтылы әлеуметтік әдістерді қолданумен анықталуы қажет. Ол бақылау , құжаттарды талдау ,сұраунама . Ең жиі қолданылатын сұраунама әдісі.


Соңғы жылдары қоғамдық пікір бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұжымдармен тығыз байланыста қалыптасуда. Осы құралдарды пайдалану арқылы үгіт- насихат жүргізіледі .
Бұқаралық ақпараттар құралдары –ақпараттарды бұқаралық көлемде жинау ,өңдеу таратуды қамтамассыз ететін әлеуметтік институт.(баспа, кино, радио, телдидар, кітап баспасы,жарнама) Бұл құралдармен таратылатын ақпараттар кең көлемде әлеуметтік біріңғай, географиялық бытыраңқы таралған аудиторияға арналған.Оған тұтынушыларға жылдам және үздіксіз жетіп тұратын, өзіндік еркешлелігі жоқ жанама түрдегі сиппат тән.
Бұқаралық ақпараттар құралдары адамның рухани қарым –қатынасының негізгі бөлігі болып табылады және де ол тұлға аралық қарым-қатынастарды толықтыра отырып, адамзаттың белгілі даму сатысында пайда болған.
Марксизм бұқаралық қарым қатынас және оның құралдарының пайда болуын өндірістік тәсілдердің өзгеруі мен қоғамның барлық әлеуметтік өмірінің күрделенуімен түсіндіреді.Капиталистік қоғамды қарастыра отырып К.Маркс,Ф.Энгельс
өз өндіріс өнімдерімен ғана өмір сүруші тұйықталған ескіліктің орнына жан-жақты байланысы дамыған бір-біріне тәуелді ұлттардан құралған қоғамның келетінін айтады. Бұл материалдық пен рұхани өндіріске бірдей қатысы бар. К. Маркс .Жұмыс“Франциядағы азаматтық соғыс ” атты еңбегінде баспа материалдарын қарастырған ..Кеңес әлеуметтанушылары баспа , радио , кино мәселелерін зерттеуді жиырмасыншы жылдарда қарастыра бастады, Н .Рыбников ,Я ЯковлевК.Кабо және т.б. еңбектері белгілі болған.
Бірқатар жұмыстарда ауызша және жазбаша сұраунама алу ,статистикалық мәліметтер жинау, бақылау және т,.б. ақпарат жинаудың кешенді әдістері қолданылды.. Жетпісінші жылдары Кеңес Одағында ірі газеттері“Правда”, “Известия”, “Труд” ,Литературная газета және радио , кино теледидар аудиториялары әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдары аудиториясының сұраныстарымен мүдделерін зерттеу кеңес әлеуметтанушылар ақпараттардың мазмұнына қызу назар аударуға мәжбүр етті Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпарат мазмұнын зерттеу шындықтың кейбір тұстары баспа радио теледидар толық жарияланбаған жағдайларда ,ақиқатты айқындау мақсатта жүзеге асып отырды.
Бұндай зерттеулер көбейген сайын жаңа зерттеу әдістерін жетілдіруді қажет етті.
Әсіресе құжаттардың мазмұнын талдау әдісі. Кеңес әлеуметтанушылары ақпараттың басты бірлігі символ емес белгілі бір әлеуметтік маңызды идея деген қортындыға келді.
Осы зертеулермен бірге ақпарат көзі яғни газет,радио, теледидар журналисінің, комментатордың ,штаттан тыс тілшінің әлеуметтік келбеті,әлеуметтанушылық зерттеулерде баспа немесе мерзімдік журналдар жалпы ақпарат немесе белгілі әлеуметтік топтар, категориялар, құбылыстар және процесстер жөнінде ақпараттадың көзі ретінде немесе баспаны зерттейтін құжаттар әлеуметтік құбылыс ретінде белсенді түрде зертеліне бастады.
1921- жылдардың өзінде –ақ В.И. Ленин Кеңестік буржуажиялық баспадан көптеген материалдарды жинайтын және өңдейтін арнайы комиссия құруды ұсынған. Әсіресе оны Антаната -ның сыртқы саясаты қызықтырған . Онсыз біз әлемдік қозғалысқа қатысу үшін көзіміз, құлағымыз, қолымыз жоқ деп есептейміз және біз кім жақынырақ, не не қол жетерлік кез-келген оқиғаға немесе келген не кеткен әркімнің айтқанына тәуелді болып қаламыз.
Баспа жалпы ақпараттың көзі ретінде өткен тарихи фактілер және оқиғалар жайлы мәліметтерді жаңғыртуға , жалпы қоғамдық –саяси қалпына келтіруге, қоғамдық пікірді зерттеуге бағалауға ,түсіндіруге қызмет көрсете алады. Бұндай жағдайларда алдыңғы қатарлы мақалаларға ерекше назар аударылады Газет бетіндегі мәтіндерді зерттеу бізге онда жазылған оқиғалар қай кезеңде қоғамдық пікір назарында болған және не үшін екені және оқиға жөнінде көз- қарастарымызды қалыптастыруға көмектеседі. Жеке әлеуметтік топтардың , категориялардың , процестердің құжат көздері ретінде баспа , белгілі бір уақыт өткен соң , болған оқиғаларды тізбегін қайта жаңғыртуға сол кездегі қоғамдық пікірді ой-елегінен өткізуге көмектеседі.
Мысалы ,Баспа басылымдарынан әлеуметтік практикада қоғамдық пікір арқылы әр түрлі болған іс-шаралар арасындағы байланысты бақылауға болады.
Құжатарды зертеуде көптеген әлеуметтанушылар қоғамның белгілі –бір кезеңдердегі қоғамдық пікірді анықтауға көмектесетін жеке құжаттарды қолданады.
Ян Шпанский өмірбаянды қолданудың бес әдісін көрсеткен .

  1. Конструктивтік әдіс . Зерттеуші өмірбаянды белгілі бір көз –қараспен зерттей отырып, әлеуметтік құбылысты осы құбылыс жөнінде белгілі әлеуметтанушылық теория негізінде әлеуметтік бейнесін қалыптастырады . Сараптау барысында ол жалпы теорияның құрамына кіретін гепотезаларды тексереді . Бұл әдісте зерттеушінің интуициясы үлкен роль атқарады.Мысалы Аталған құбылыстағы факторларды жіктеуде егер интуитция дәл келмеген жағдайда нәтижелер ғылыми құндылығын жоғаолтады

  2. Экземплификация әдісі. Бұл әдіс гипотезаны өмірбаяннан мысалдар көрсету арқылы түсіндіреді . Бұл жағдайда материал гипотезаны тексермейді .Бұндай өңдеудің әлеуметтанушылық теориялардың ақиқатығына қарамастан ғылыми құндылығы аз болады

  3. Мазмұнды талдау әдісі.Бұл әдіс негізінен белгілі бір құбылыстардың , жағдайлардың болу жиілігін зерттейді.

  4. Статистикалық өңдеу . Статистикалық талдау тең әлеуметтік авторлардың кейбір қасиеттерін , ұстанымдарын және ұмтылыстарының арасындағы байланысты табуға тырысады. Бұл әдіс биографияны интерпретациялап отырған әлеуметтанушының субъективтігін жояды.

  5. Типологиялық талдау . Бұл әдіс өмірбаяндағы кейбір тұлғалардың типтерін жүріс тұрыс типтерін орнатуға негізделген . Бұл әдіс орындалатын құбылыстардың сандық жағына көңіл аударады .

Жеке құжаттардың жақсы жақтарымен қатар жағымсыз жақтарын айта кеткен жөн . Ең негізгі жағымсыз жақтарына мыналар топтастырамыз:
-Жеке құжаттар ешқашан репрезативті болмайды;
-Өмірбаян жазушы кейбір фактілерді бөліп көрсетуі мүмкін
-Жеке құжаттарға қол жеткізу өте қиын;
-Бұл құжаттар белгілі бір себептермен объективті емес және бұрмаланған болады;
-Бейнеленген құбылыстар рационализацияға ұшыраған ;
-Баяндамалар жазушының сыртқы көңіл күйіне байланысты болуы мүмкін ;
-Жаддының таңдамалы қасиеті кейбір жағымсыз сәттерді ойдан шығарып,баяндаманың бұрмалануына әкелуі мүмкін
-Жазылған баяндамалар зерттеушіге белгілі бір принциптермен немесе зерттеушіге түсініксіздеу жүйеде жасалуы мүмкін ;
Өмір баян әдеби ойдан щығарылғанға жақындау және шындыққа жанаспауы мүмкін
Сонымен егер жеке құжаттардың артықшылығы қоғамдық пікірді қалыптастыруда және негіздеудегі әлеуметтік шындықты таным процессінде үлкен құндылық болып табылса, кемшілігі олрадың ақпарат көзі ретінде жалғыздығында Осы себептермен жеке құжаттарқоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызды қосымша ақпарат ретінде анықтауға болады
Жанама құжаттар
Жанама құжаттар деп әр түрлі басылам баспаханалары түсінуге болады Оларды талдау қоғамдық пікірдің пайда болуы мен, оны анықтауға және қалыптастыруға құнды қосымша материал және оқиғалар мен фактілер жөнінде сенімді ақпараттар ретінде қолданылуы мүмкін.
Құжаттаудың үш түріне тоқталсақ.
Біріншіден, бұл анықтамалық басылым. Таңдаулы белгілеріне қарай олар қоғамдық шындықтың әр қырынан ақпарат береді. Көптеген ғалымдар, көрнекті қайраткерлер библиографиялық әдебиеттер мен каталогтарды ел ішінде және сырттағы қоғамдық өмірдегі болып жатқан құбылыстар жөнінде әртүрлі ақпараттар алу құралы ретінде кеңінен қолданады.
Екіншіден, бұл әдеби-көркем шығармалар. Бір қарағанда олар әлеуметтік зерттеуден алшақ көрінеді, бірақ олар жасырын немесе ашық түрде әлеуметтік –саяси, қоғамдық, экономикалық мәселелерді көрсетеді. Сонымен қатар көркем әдебиет өз алдында, қоғамдық құбылыс ретінде қоғамдық пікірдің зерттеу тақырыбы болып табылады.
Үшіншіден бұл педагогикалық және балалар әдебиеті. Бұл әдебиетті оқу өте маңызды, дәлірек айтсақ ойға әсер ете отырып, өсіп келе жатқан ұрпақтың пікірін туғызады және дүниетанымын қалыптастырады.
Статистикалық мәліметтер.
Статистика мен әлеуметтанудың арақатынасы тығыздыңғы соншалық кейбір жағдайда статистикалық және әлеуметтанулық зерттеудің арасын тек жай ғана көрсетеді .Яғни қоғамдық пікірді қалыптастыруда біз әрдайым статистикалық мәліметтерге жүгінеміз.
Сиппаттау статистикасына кіретін:
а)графикалық көрсетілімдер, дисперсиялық өлшемдер және орталық тенденция өлшемдер көмегімен мәлеметтерді ұйымдастыру (мысалы, гистограмма, шеңберлі диограмма).
б) айналымдар арасында “ассоциация” өлшемдерін қолдану (мысалы корреляция, регрессия).
Инференциялды статистика ықтималдық теориясын қолданады, кездейсоқ таңдау жасау арқылы таңдамалы жиынтықтан алынған қортындыны халықтың үлкен ауқымына шағады . Статистикалық талдауда қайталама құбылыс (тиынның тусуі) қалыппты оқиғаның ықтималды пішіні болуы мүмкін.
Соңғы он жылдықта статистиканың қиын біріңғай операцияларын шешетін, көпшілікке колайлы жоғары жылдамдықты компютер технологиясының келуі өте маңызды прогресс болды.
Статистикалық материалдың құндылығы оны жинау мен өңдеудің методикалық қатаңдығында, осының салдарынан оның жан-жақты талдауға қолайлылығы және алынған нәтижелердің дәлдігі мен дұрыстығында жатыр.
Статистикалық мәліметтер қоғамдық пікірді белгілі бір зерттеу шегінде жүргізілген тікелей бақылаудың мәліметтерін әрдайым уақыт аралығында статистикалық шұғыл есепке алынып отырады, және кез келген уақытта бүгін мен өткен жылдардың көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыра отырып өзгеріс тенденцияларын анықтайды көмектеседі.
Қоғамдық пікірді әлеуметтанулық зерттеуде статистикалық мәліметтерді қолдану деңгейі қоғамдық пікірге терең де жан-жақты шұғыл статистикалық есепке жүргізудің қаншалықты ұйымдастырылғандығына байланысты. Бәріне белгілі, біздің республикада шұғыл статистикалық тіркеу және статистикалық есеп қалыпты түрде жүргізіледі, сондықтанда әлеуметтанушыларға қоғамдық пікірді зерттеу жүргізуге статистикалық мәліметтерді пайдалануға мол мүмкіндіктер ашылған.
Иконографикалық құжаттар. Кино және кино құжаттары.
Иконографикалық құжаттар - бұл бейнелеу өнерінің туындылары: суреттер, графюралар, мүсіндер және тағы да басқалары.
Бейнелеу өнерінің шығармалары үш бағытта талданады:
1. Өткен дәуір құжаттары ретінде, сол дәуірлердің рұхани және материалды өмірінің қандай да бір қырынан қортынды жасауымызға мүмкіндік береді..
2. Бейнелеу өнерін құжаттары ретінде қаралады егер өнер әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеу тақырыбы болып табылады.
3. “адамдық құжаттар” сияқты құжаттар авторды жеке тұлға ретінде талқылауға мүмкіндік береді. Бұл өте қажет, бейнелеу өнерінің авторлары өзінен кейін мәдениет тарихында жарқын із қалдырған рұхани бай адамдар.
Осылармен мағыналас, бірақ бірнеше өзгешеліктері бар кино,фото құжаттар өзіндік талдауды қажет етеді. Деректі куәлік ретінде оқиғалар ,әлеуметтік құбылыстар, факт, деректі фильмдер, фото суреттер өте құнды материал болып табылады,белгілі өмір жағдайларында шын оқиғалы ақпараттар болып, белгілі бір қоғамдық пікірдің мәнін ашады.
Бұл құбылыстарды зерттеуде өзекті , өзінің аудиториясының кеңдігіне байланысты кино және телеарна бұрыннан қоғамдық пікірді насихаттаудың маңызды құралына айналған.
“Адамдық құжат” ретінде фильм және фото суреттер өте құнды құжаттар болып табылады..
Фонетикалық құжаттар.
Фонетикалық құжаттар өткен оқиғаның репродукциясы ретінде қызықты. Мысалы: қандайда бір оқиғаны, жиынды, митинг, фонетикалық жазбалары көпшілік алдында сөйлеушілердің дауыстарының естілуі, тыңдармандардың қабылдау реакциясымен қызықты . Алайда, әлеуметтанушыны фонетикалық құжаттар лингвистикалық ақпараттардың көзі ретінде қызықтырады Әлеуметтанушыны ойлаудың құрылымы мен мәдениеттін зерттеуге негізделген тілдің құрылымы қызықтырады. Сонымен қатар қандай да бір әлеуметтік топтарға тән әр аумақтың диалектикасы, әдеби және ауыз екі тілдер, әр түрлі тілдік ерекшеліктерді салыстыра қарастыру қызықты болуы мүмкін
Зерттеудің арнайыі құжаттары.
Социологиялық информацияның негізгі көзі – бұл құжаттар, бұл қоғамдық көзқарастың көрінуіне құрастырылған арнайы құжаттар. Олар: анкеталық сұрау қағаздары мен сұхбат , әр түрлі тесттер, бақылау хаттамалар мен т.б. Сұраунама қағаздарымен ( анкета, формальданған интервью ) жұмыс істегенде әлеуметтанушыға құрастырылған құжатта көрсетілген мәселеге қатысты сұрау алынатындардың көз-қарастары, қатынастары, баға берулерімен жұмыс істеп жатқанын ешқашан ұмытпауы қажет . Бұл индивидуалдық немесе топтық пікірлер болуы мүмкін. Қатынастар тұрақты не тұрақсыз болуы мүмкін, себебі адамдардың немесе топтардың мінездері көптеген әлеуметті факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін.Оның бағыты мен әсер ету қарқындылығын анықтау мүмкін емес
Құжаттармен жұмыс істеу тек зерттеу бағдарламасында репрезентативтік таңдама құру қарастырылғанда жағдайда өте қажет Бұл жағдайда сол не басқа да құжат түрінің қолданылуы репрезентативтік таңдаманың қалай құрылатындығына байланысты Егер де таңдама таза математикалық әдіспен немесе басты жиынтықтың кейбір маңызды ерекшеліктері құжатта бейнеленіп зерттеушімен арнайы жасалған болса, егер таңдама логикалық жолмен құрылған болса, бұндай құжаттарға жай тізімдер ( мысалы, сайлаушылардың тізімдері, тіркеу бөлімнің тізімдері ) болуы мүмкін,
Теледидардың қоғамдық санаға әсер етуі жөнінде американдық ғалымдардың негізгі теориялық концепциялары мен эмпирикалық зерттеулері.
Сонымен, американдық әлеуметтанушы В. Шраммның нәтижелілік трактаттарында осы әсер етудің екі түрлі шегін айқындайды: әлде ақпарат жүйелері насихаттық және манипуляциялық мүмкіндіктерін асырып жіберуі мен олардың әлеуметтік өзгерудің көзі ретінде ролі немесе оның ерекше тұрақты және консервативті түрде қоғамға әсер етуінің бікітілуі. В. Шраммның пікірі бойынша, жеке адамдар арасындағы ақпарат каналдары бұқаралық коммуникация каналдарымен қатар жүріп және қоғамдық пікірге үлкен әсерін тигізеді.
П. Лазарсфельд және Р. Мертон В. Шраммның позицияларына қарсы келмейді, бірақ бұқаралық ақпараттардың үлкен дозасы өздігінен бұқара үшін " әлеуметтік есірткі " бола алады , оларды қоғамдық өмірге белсенді араласудан ,оның заңдарын танып білуден бездіріп, жаңалықтардың пассивті тұтынушыларына айналдырады деп толықтырады.
Дж. Гербнер мен Г. Гросс идеялары болып, теледидар пайдаланатын, қоғамдық санамен манипуляциялау механизмнің бірі , белгілі проблемаларға көңіл бөлу болып табылады. Тек қана теледидармен ашылған проблема ғана қоғам пікірдің игілігіне айналады. Теледидар қоғамның негізгі " проблематизаторы " болып табылады.
Қазіргі кезде теледидар қоғамдық өмірдің барлық сфераларына өте отырып, қоғамға ,қоғамның әрбір мүшесіне зор назары ауған, бұл бізге тағы да бір проблеманы – әлеуметтік жауапкершілік проблемасын әкеледі. Бұл жауапкершілікке 1996 жылы болған " Теледидар – 96 " форумның қатысушылары шақырады. Қауымдастықтың теледидар алдында жауапкершіліктің тапшылығынан , теледидар халық алдында – пікір сайыс пен талқылаудың тақырыбы болды.
В. Шрамм тұңғыш бұқаралық коммуникацияның алдына әлеуметтік жауапкершілік туралы мәселені қойған.Ол 50-ші жылдардың соңында : " Біздің қоғамда өзгерістер енгізе алатын үш ықпалды топтар бар. Бұлар - өкімет, байланыс құралдары, халық ". Біз олар жауапкершілікті өзара бөліп алуы қажет деп ойлаймыз, яғни мемлекет мүддесін жеке адамдардың мүдделерінен айыра білуі керек . Кейінгі жылдары бұқаралық коммуникация теориясында сендірудің әлеуметтік- мәдениетті моделі қалыптаса бастады. Ол бұқаралық коммуникация күшті әсері берілген топ мүшелерінің арасындағы әлеуметтік қарым қатынас байланысты деген идеясына негізделген."
Пікір лидері " буржуазиялық әлеуметтануда бағдарды қажет ететін бұқаралық коммуникация құралдары мен бұқара арасындағы байланыстырушы түйін ретінде қарастырылады. Осы аталған концепциялар насихатта, жарнамада, топтық психологияны зерттеуде және жалпы пікірді құруда кеңінен қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет