Реферат «Мәдениет және өркениет»



Дата06.10.2022
өлшемі31,71 Kb.
#152020
түріРеферат
Байланысты:
Реферат «М дениет ж не ркениет» (1)



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
«Мәдениет және өркениет»

Орындаған : Нышанбек Б.К.


Тобы : 1602-11
Қабылдаған: Мантаева Т.С.
2021-2022 оқу жылы
Жоспары:
1. Мәдениет және өркениет ұғымыдары.
2. Мәдениет пен өркениет арақатынасы, байланысы, заңдылықтары.
3. Өркениет теориялары
1. Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
мәдени әрекет,
мәдени орта,
мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты. Ал шындығында діни Ренессанс мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ.
Өркениет- қоғамдық қатынастар әрекеті, тәсілі ретіндегі мәдениеттің негізі. Өркениет мәниеттің дамуына жағдай туғызады, ал мәдениет өз кезегінде сол өркениетті жетілдіреді. Өркениет- кең түсініктегі, белгілі бір анық анықтамасы жоқ. Көп жағдайларда өркениет түсінігін материалдық және рухани жетістіктердің қоғамы деп түсінеді. Философияда жаңа кезеңнің түсінігі бойынша өркениет дүниежүзілік тариғи құбылыстардың түсінігін ашады. Қазіргі қоғам өркениетті үш өлшемге бөледі, негізі ішкі қоғамның құралады – техника, әлеуметтік құрылымжәне флософия. Өркениет (лат. Civilis –азаматтық,мемлекттік)- осы құндылық материалдық жағдай, рухани және әлеуметтік өмір, халықтардың қасиеттерін белгілі бір уақыт ішіндегі тарихи жетістіктерін білдіреді. Мәдениет тақырыбы адамның өнері,жаңашылдыққа, қоршаған орта, адамның өмір сүруге бейімділігі. Мәдениетті екі түрге бөледі:
1)Материалдық (техника,материалдық құндылықтар)
2)Рухани (өнер, ғылым, философия, жаны)
XXI ғ. Мәдениетті және өркениетті екі бөлек қарастыратын болды О.Шпенглер олардың бірге дамығандығын жоққа шығарды. Ол тарихты ұйымдастырылған түрінде қарастырады,қайталанбас жабық мәдениет өзінің өмір сүру кезінде бірнеше кезеңдерден биік жері мен құлау шенінен өткен. О.Шпенглер мәдениетті сегіз түрге бөлген.Олар өзінің өмір сүру кезінде бірнеше кезеңдерден өтіп,жоғалып, өркениетке айналады. Мәдениеттің өркениетке айналу процесінде өнерлік жұмыстар азайып механикалық жұмыс көбейеді. Освальд Шпенглер (1880-1936)-немістің философы, идеалисі, мәдедиеттің сыншысы, тарихшы, публист. Оның шығармаларының бірі « Закат Европы » еңбегі өте белгілі болды. Өркениет ол мемлекеттер мен халықтардың материалдық құндылықтарын, рухани және әлеуметтік жағдайларын белгілі бір тарихи кезеңде анықтайды. Кез-келген өркениет жалпы халықтық техналогияның ғана қасиетін емес сонымен біргемәдениетті түсіндіреді.Өркениеттің қасиеті халықтың рухы, қарым-қатынасы,жан дүниесі,сенімі,яғни философияны құратын,ерекше өмірлік ұстанымы,өмір сүру салты. Осындай өмір сүру салты халықтың өркениетін топтастырады, оның бірігушілік, бейбітшілік өмір сүруіне кепілдік береді және тарихта дамуын қамтамасыз етеді. Европпаның қайта туу кезінде өркениет жаңа бағытта дами бастады, ол жаңа құндылықтардың негізі болды. Оның түсінігіне табиғатқа адамның көз қарасы,оның қауымдық өмірі,прогреске деген талпынысы,қызметтік пішімнің өзгеруі қосылды.Оның негізі адамның ақыл ойынан құралды.Өркениеттің географиялық бойынша екіге бөлуге болады: Шығыс өркениеті және батыс өркениеті.
2. Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін,оған мағыналық жағындағы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым-өркениет. Өркениет (цивилизация) сематикалық жағынан алғанда (латын тілінің-“civilis”сөзі) азаматтық дегенді білдіреді.Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған,басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, “өркениет” олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы,қалалық мәдениеті,заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
Мәдениет пен өркениет бір.Олар синонимдер (И.Гердер, Э.Б.Тайлор).
Өркениет-мәдениеттің ақыры,оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. ,Руссо, Ш.Фурье,О.Шпенглер).
Өркениет-мәдениеттің прогресі,болашаққа бой сермеуі,қоғамның парасаттық деңгейі (Ф.Вольтер, Д.Белл).
Өркениет-тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган).
Өркениет-этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я.Данилевский)
Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі,оның материалдық жағы.Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен.Мәдениеттанушы Г.Чайлдтың пікірінші, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы,жазбаша мәдениттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі,азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда,бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі- мәдени әрекет. Әрекеттану-жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі,тіршіліктің тірегі.Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Орыстың ұлы философы Н.А.Бердяев (1874-1948) өмір бойы бостандық және мәдениет туралы жазды. Ең әуелі ол мәдениет және өркениет мәселелерін бір-бірінен ажыратып қарастырды. Мәдениет және өркениет бір нәрсе емес. Мәдениет табынудан туды. Ол ғибадатхана айналасында пайда болып, өмір бақи дінмен тікелей байланысты дамыды. Мәдениет –зиялы құбылыс. Оның діни негізі бар. Бердяев мәдениеттің негізгі заңы-бірізділік және дәстүр жалғастығы туралы заңын ұсынып отырып, мәдениеттің шығармашылық қасиеті мен жаңа құндылықтарды тудыру, болашаққа ұмтылу сияқты пайдалы жақтармен қатар, оның бойындағы кертартпалық бастауларын да мойындады. Өркениеттің мәдениеттен өзгешелігі- оның зиялы құбылыс еместігі. Ол адамның табиғатпен күресі нәтежесінде, ғибадатхана мен табынудан тыс пайда болды. Мәдениет жоғарыдан төмен қарай жүреді, оның жолы ақсүйектік жол болып табылады, өркениет төменнен жоғарыға қарай жүреді, оның жолы буржуазиялық және демократиялық жол болып саналады. Мәдениет жеке, терең әрі қайталанбайтын құбылыс болса, өркениетке жалпылық және барлық жерде қайталану тән. Мәдениеттің рухы бар, ал өркениеттің тек тек әдістері мен құралдары ғана бар. Мәдениет — өркениеттің (цивилизацияның – латынша civilis – азаматтық, мемлекеттік), адам қоғамының материалдық және рухани байлықтары. Мәдениет адамзат өркениетінің сатыларын білдіреді. Сондай-ақ, мәдени көрсеткіштер жоғарылаған сайын, адам еркіндігі де солғұрлым молая түседі.Өркениеттің өндірістің дамуына әсер етері сөзсіз. Өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани құндылықтарды жасау болып табылады, ол қоғамдық қатынастардың күрделенуіне ықпал жасайды. Табиғи ортаны игеру, қоғамды жетілдіру мәдениет дәрежесін және өркениеттілік деңгейін байқатады. Сөйтіп, мәдениет пен өркениет өзара тығыз байланыста дамиды және олар объективті негізде бір-біріне тәуелді деген қорытынды жасалынады.
3.Өркениет (лат. Сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Өркениетті саралаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Өркениетке бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ әрі тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеуметтік ұйымдасу мен реттелудің этносаралық жергілікті қауымдастығы деген анықтама берілді. Өркениет категориясы мәдени типтерді зерттеуде немесе мәдени-тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Өркениет типтерін шығыс және батыс деп бөліп, “ғаламдық Өркениет” және “техногендік Өркениет” ұғымдары да қолданылады. Мәдениеттанушылар Өркениетті “мәдениет” ұғымымен салыстыра қарастырады. С.Хантингтонның жіктемесі бойынша, қазіргі әлемде батыстық, латын америкалық, православиялық, исламдық, конфуцийшілдік, үнді-буддалық, қиыр шығыс және африкалық секілді 8 суперөркениет қатар өмір сүруде. Қазіргі отандық мәдениеттану ғылымында қазақ өркениеті ұғымы қалыптасты. Ол ежелгі көшпелі өркениеттерден бастау алып (сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, ортағасырлық түркілік дала империялары, Алтын Орда, Ақ Орда, т.б.), кейін қазақ хандығы тұсында қалыптасқан, түркі-соғды, түркі-араб синтездері нәтижесінде исламдық суперөркениеттің құрамына енетін этномәдени бірлестікті сипаттау үшін қолданылады (қ. Дала өркениеті). Қазақ Өркениеті 3 үлкен өркениеттердің (православиялық, исламдық, конфуцийлік) тоғысқан жерінде орналасқан.
Оның мынадай өзіндік белгілері бар:
А) көшпелі өркениеттің мәдени негізіне рулық-тайпалық одақ жатады;
Ә) түркі тілінде сөйлеген тайпалар “түркі” этнонимі пайда болғаннан талай ғасырлар бұрын қалыптасқан;
Б) мұсылман дінін түркі тайпалары біртіндеп өз еркімен қабылдаған және бұл үрдіс Шыңғыс хан империясы тұсында баяулағанымен, түбінде табысты аяқталған;
В) орта ғасырлардың соңынан бастап түркі тайпалары моңғолдық этн. Элементтерді өзіне сіңіре бастады;
Г) 15 ғ-да түркілік Орталық Азияда қазақ деп бұрынғы мемлекетінен бөлінген адамдарды айтты.
Қазақ халқының және оның ата-тектерінің әлемдік Өркениетке қосқан басты құндылықтарына мыналар жатады:
1) еуразиялық көшпелілер кеңістікті игеруде адамзат тарихындағы бірінші жетістікке жетті;
2) көшпелілер шөл мен шөлейттерді үйлесімді игере алды;
3) еуразиялық көшпелілер тарих катализаторлары (А.Вебер) қызметін атқарды, олардағы миграциялық процестер жаңа өркениеттердің қалыптасуының себебі болды (Үнді, Иран, Ғұн мемлекеті, Араб Халифаты, т.б.);
4) Ұлы Жібек жолы және басқа да мәдени байланыс жүйелері арқылы түркілер батыс пен шығыстың арасында дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбатына себепкер болды;
5) қазақтың арғы тектері әлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан, киіз үй, күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты артефактілерін алғашқылардың бірі болып енгізді;
6) түркілердің әмбебап дүниетанымдық жүйесі – тәңіршілдік адамдық ынтымақтастық пен келісімділіктің маңызды формасы болды;
7) “адам бол!” ұстанымы, әлемді жарық дүние деп түсіну, адамның көңіл-күйіне мән беру, ғарышпен және адамдармен үйлесімділікте болу, жасы үлкендер мен баланы қастерлеу сияқты қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінің құндылықтары қазіргі руханиятта ерекше орын алады. Қазіргі қазақ Өркениеті алдында ұлттық архетиптерді сақтай отырып, оларды қазіргі әлемдік Өркениет құндылықтарымен үйлесімді ету міндеті тұр.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252

  2. ↑ Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет

  3. ↑ (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет)

  4. ↑ Ә. Наурызбаева, Н. Скалон. Диалогтың мүмкіндігі. «Шаһар», 1993, № 1, 8-бет

  5. ↑ Нуржанов Б. Мир как игра. Игра языка в концепции Деррида. Ex libris, И. — Алматы, 1996. — С. 3

  6. ↑ Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет