Реферат пән атауы: Кәсіпорын қызметтін жоспарлау Тақырыбы: «Персоналды жоспарлау»



бет4/8
Дата12.07.2022
өлшемі61,87 Kb.
#147442
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау Реферат

ІІ. ПЕРСОНАЛ ҚЫЗМЕТІН ЖОСПАРЛАУ 
2.1. Кадрлық жоспарлаудың қағидалары
Кадрлық жоспарлаудың негізгі кезеңдері. Кадрлық саясаттың болашағына бағытталған ұзақ мерзімді тұжырымдаманы кадрлық жоспарлаудың көмегімен орындауға болады. Персоналды басқарудың бұл әдісі жұмыс берушілер мен жұмыс алушылардың мүдделерін келістіруге және теңестіруге мүмкіндік береді.
Кадрлық жоспарлаудың мақсаты адамдарға керек уақытында қажетті көлемде, олардың қабілеттілігі мен бейімділігіне сәйкес және өндірістің талаптарына сай жұмыс орындарын ұсынумен анықталады. Жұмыс орындары өнімділігі мен мотивация тұрғысынан қарағанда жұмыс істейтіндерге ұйымды түрде өз мүмкіндіктерін дамытуға, еңбектің тиімділігін қамтамасыз етуге және адам үшін қажетті жағдайлар жасау талап-тарына жауап беретіндей, сондай-ақ жұмыспен камтитындай мүмкіндіктер беруге тиісті.
Кадрлық жоспарлау ұйымның да, оның персоналының да мүлделері орындалуы үшін іске асырылады. Ұйым үшін керек уақытында, керек жерінде, қажетті көлемде және ұйымның мақсатына жетуде қойылған мәселелерді шешетіндей қажеттілігіне сәйкес біліктілігі бар персоналды қабылдау өте маңызды. Ол барынша өнімділігі жоғары және жұмыспен қанағаттанатындай мотивация үшін жағдайлар жасауы тиіс. Жұмыскерлерді бірінші кезекте олардың қажеттіліктерін дамытуға жағдай жасалған, жоғары және тұрақты еңбекақыны төлейтін жұмыс орындары қызықтыратыны белгілі. Кадрлық жоспарлаудың негізгі мәселелерінің бірі ұйымның барлық жұмыскерлерінің көзқарасын ескеру болып табылады. Кадрлық жоспарлау ұйымның жалпы жоспарлау процесіне қосылғанда ғана тиімді болатындығын ескере кету керек.
Кадрлық жоспарлау келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
Қанша жұмыскерлер, олардың қаңдай біліктілігі бар, қашан және қайда қажет болады?
Қалайша персоналға әлеуметтік нұқсан келтірмей олардың артығын қыскартып, қажеттісін жұмылдыруға болады?
Персоналды, оның мүмкіндіктеріне сәйкес қалай тартымды пайдалануға болады? 
Біліктілігі жоғары жұмыс орындарын жаңа жұмыс күштерімен қамтамасыз ету үшін кадрлардың дамуын қамтамасыз етуге және олардың білімдерін өндіріс талаптарына сәйкес көтермелеуге қалай қол жеткізуге болады?
Жоспарланған кадрлық іс-шаралар қандай шығындарды 
талап етеді?
Жоспарлау процесі жалпы жоспарлау сияқты бірқатар қағидаларға негізделеді, яғни оны орындаудағы ескерілуі қажет ережелерге сүйенеді. Бүгінде оның ең негізгісі ұйым қызметкерлерінің барынша көпшілігі жоспарлау жұмыстарымен, оны құрудың бастапқы кезеңдерінде-ақ қатысуы маңызды болып саналады. Әлеуметтік жоспарларды құрғанда бұл қағида сөзсіз орындалуы керек, ал қалған жағдайларда оны қолдану игілікті.
Персоналды жоспарлаудың басқа қағидасы болып, ұйымның шаруашылық іс-әрекетінің сипатына сәйкес және персоналдың өзі де үнемі қозғалыста болатындықтан, осыған негізделген оның үздіксіздігі саналады. Үздіксіздік қағидасы барлық жоспарлар келешекті ескере отырып жасалынуын, сонымен қатар олар келешекте құрылатын жоспарларға негіз болатындай, ал кезекті жоспарлар алдыңғысына негізделгендей, олардың орындалу нәтижелері ескерілетіндей, яғни белгілі бір кезектілік сақтала-тындай болуын талап етеді.
Жоспарлаудың үздіксіздігі оның икемділік сияқты қағидасын, яғни бұрын қабылданған кадрлық шешімдерге үнемі түзетулер енгізуге немесе өзгермелі жағдайларға сәйкес кез келген сәтте қайта қарауға мүмкіндік беретіндей қағиданы орындауға болады.
Ұйымның жеке бөлімдерінің бірлігі мен өзара байланыстарын жоспарлауда үйлестіру және интеграциялау түрінде персоналдар жөніндегі жоспарлардың келісушілігі сияқты қағидасын сақтауды талап етеді. Үйлестіру «көлденеңінен» - бір деңгейдің бөлімдер арасыңда, ал интеграция - «тігінен», жоғары және төмен тұратындар арасында орындалады.
Жоспарлаудың ең маңызды қағидасы үнемділік, яғни жоспарларды құруға жұмсалған шығындар оның орындалу нәтижесінен төмен болуға тиісті деп саналады. Жоспарлаудың тағы да бір қағидасы жоспарлардың орындалуына қажетті жағдайларды жасау болып табылады.
Персоналдарды жоспарлау әдістері. Персоналдарды жоспарлауда қолданылатын әдістер:
- баланстық (теңгермелі) тәсілдер ұйымдағы бар ресурстар мен жоспарлы мерзімдегі оларға деген кажеттіліктің өзара байланысына негізделеді;
- нормативті тәсіл белгілі мерзімдегі жоспарлық тапсырыстың негізгі өнім бірлігіне (берілген жағдайда - жұмыс уақыты, т.б.) шаққандағы әр түрлі ресурстар (біздің жағдайымызда - еңбек ресурстарының) шығындарының 
өлшеміне байланысты;
- математика-статистикалық тәсілдер - әр түрлі модельдер негізіндегі үйлесімді есептеулер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет