Реферат пән атауы: Кәсіпорын қызметтін жоспарлау Тақырыбы: «Персоналды жоспарлау»


Персоналмен атқаратын жұмыстың оперативті жоспарының құрылымы



бет5/8
Дата12.07.2022
өлшемі61,87 Kb.
#147442
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау Реферат

2.2. Персоналмен атқаратын жұмыстың оперативті жоспарының құрылымы
Персоналмен атқаратын жұмыстың оперативті жоспарын жасау үшін арнайы жасалған сауалнаманың көмегімен келесі мәліметтерді жинау керек:
Персоналдың тұрақгы құрамы жөнінде (аты-жөні, мекен-жайы, жасы, жұмысқа тұрған уақыты және т.б.);
Персоналдың құрамы жөнінде (біліктілігі, жынысы, жасы, ұлты, мүгедектердің үлес салмағы, жұмысшылардың, қызметкерлердің, білікті жұмысшылардың үлес салмағы және т.б.);
Кадрлардың тұрақсыздығы жөнінде;
Өндірістің тоқтап тұруы мен адамдардың науқастануына байланысты уақыттың жоғалуы туралы;
Жұмыс күнінің көлемі туралы
Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақылары туралы;
Әлеуметтік сипаттағы қызмет көрсетулер туралы. Сауалнамаларды өндірістік мақсаттармен қатар кадрлық жоспарлауға да пайдалана алатындай етіп құру керек. Персонал жайында ақпараттар барлық оперативті мәліметтердің жиынтығынан тұрады және олардың өңделуі кадрлық жоспарлау үшін қажет.
Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы- бұл персоналды басқару жүйесі мен лауазымды тұлғалардың өзара байланысқан жиынтығы.
Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын жасау мына кезеңдерден тұрады:
персоналды басқару жүйесінің мақсатын қалыптастыру.
Басқару функцияларының құрамын қалыптастыру.
Ұйымдастырушылық құрылымының кіші жүйелер құрамын қалыптастыру.
барлық деңгейдегі бөлімшелердің мамандандарымен жетекшілердің құқықтары мен жауапкершіліктерін анықтау.
Кіші жүйелер арасында байланыстарды бекіту.
Ұйымдастырушылық құрылымның кескін үйлесімін құру.
Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын құру процесіндегі маңызды кезең- оның кіші жүйелерінің арасындағы байланыстарды қалыптастыру болып табылады. Бұл жағдайда байланыстың түрі, оның маңызы, мерзімділігі, материалдық негізгі нақты белгіленуі қажет.
Құрылымдық байланыстың төрт түрін бөліп көрсетуге болады: сызықтық бағыну ( тікелей әкімшілік жасау); функционалды жетекшілік ету; бірғе қызмет атқару( жұмыстарды бірғе атқару ); функционалды қызмет көрсету.
Персоналды басқару жүйесі мынадай негізгі әлементтерді қамтиды:
басқару аппаратының мамандар тобын;
басқару жүйесінің техникалық құралдар кешенін;
персоналды басқару үшін қажетті ақпараттар негізі;
еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқарудың тәсілдері мен әдістемелері;
құқықтық негіздерінің жиынтылығы;
персоналды басқару мәселеелрін шешудегі ақпараттық процестерді басқарудың бағдарламалар жинтығы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет