Реферат пән атауы: Кәсіпорын қызметтін жоспарлау Тақырыбы: «Персоналды жоспарлау»


Персонал санын мөлшерлеу және есепке алу



бет7/8
Дата12.07.2022
өлшемі61,87 Kb.
#147442
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау Реферат

3.2. Персонал санын мөлшерлеу және есепке алу
Жұмыс істейтіндердің санын мөлшерлеу персоналды баскарудың бүкіл жүйесінің арқа сүйер буыны.
Нарыққа өту еңбекті мөлшерлеу мәселесін күрделендіре түсті, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді іздеуді талап етті. Нарық және бәсеке еңбек мөлшерінің мәнін жоғарылатты, ұйымның әрекет етуінде олардың рөлін бір беткейлі өзгертті.
Нарық жағдайында мөлшерлеу артық қорларды жасырудың орнына ұйымның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін персонал саны мен еңбек шығындарын қысқартуға бағытталған мүмкіндіктерді анықтайтын құралға айналды.
Ұйымдардың жұмыс тәжірибесінде уақыт мөлшері көбірек пайдаланылады, себебі, жұмыс уақыты жұмсалған еңбек санының жалпыға бірдей өлшеуіші болып табылады. Сонымен қатар, жұмыс уақытының шығыны өнімділік мөлшері, қызмет көрсету мөлшері мен персонал санының мөлшерін есептеуде негіз ретінде алынады. Уақыт мөлшері деп сәйкес біліктілігі бар бір адам немесе жұмысшы тобының бірлік жұмыскердің жұмысты орындауға жұмсаған қоғамдық қажетті уақыт шығынын айтамыз. Бір операцияға немесе бірлік өнімге бекітілген уақыт мөлшері бір даналық уақыт мөлшері деп аталады. Даналық уақыт мөлшерінің шамасы машиналар мен механизмдердің жұмысына кеткен уақыт, жұмысшылардың қимылына және онсыз берілген тапсырманы орындауға мүмкін болмайтын демалыс уақытының қосындысынан тұрады. Жалпы түрде даналық уақыт мөлшерінің құрамын келесі формуламен көрсетуге болады:
Тду = Тну + Тқу + Тқк + Тджб + Төұ 
мұндағы:
Тну - негізгі уақыт;
Тқу - қосымша уақыт;
Тқк - жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты;
Тджб - демалыс және жеке басқа керекті қажеттіліктер уақыты;
Төү - өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуымен бекітілген өзгерілмейтін үзілістер уақыты.
Негізгі уақыттың шамасы белгілі бір нормативтің көмегімен анықталады.
Технологиялық процестің негізгі мәселелерін мұнсыз орындауға болмайтын қосымша іс-әрекеттерді орындауға жұмсалған қосьшша уақыттың шамасы белгілі бір уақыт нормативінің көмегімен немесе хронометражды бақылаудың мәліметтерінің негізінде есептеледі. Жаппай өндірісте әрбір деталь, әрбір тәсіл бойынша қосымша уақьпты мөлшерлеу жүргізіледі. Сериялық өндірісте есеп іріленген тәсілдер жиынтығының көмегімен 
журғізіледі.
Жұмыс орнына қызмет ету бойынша жұмыстардың уақыты мен мазмұны нормативтер бойынша немесе жұмыс уақыты суреттемесінің (фотография) көмегімен анықталады. Жаппай және ірі сериялы өндірісте машиналық және автоматтандырылған операцияларды орындау кезінде жұмыс орнына қызмет ету уақыты Тқк жалпы уақыттың пайызы түрінде (атех) берілген техникалық қызметтің уақытына (Ттех) бөлінеді және оперативті уақыттың пайызы түрінде бекітілген ұйымдастырушылық қызмет көрсету (Тұжк) уақытына бөлінеді.
Сандың мөлшері деп ірі агрегаттарда қызмет көрсету үшін қажет болатын жұмысшылар немесе белгілі кәсіби біліктілігі бар жұмыс істейтіндер категориясының саны деп түсіну керек.
Сызыктық және функционалды жетекшілердің еңбектерін басқару мөлшерінің көмегімен анықталады.
Ұйым бөлімшелерінің және қызметтің ішінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру және адамдарды орналастыру мақсатында қарым-қатынастар мөлшері қолданылады.
Персоналдың жұмысқа келу құрамына жұмысқа келген барлық жұмыскерлер кіреді.
Персоналдың тізімдік санына жұмысқа келген жұмыскерлермен бірге демалыста, іс сапарда, ауырып жұмысқа келмеген, мемлекеттік тапсырыстарды орындаумен айналысатын жұмыскерлер де кіреді.
Жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау және босатудың арқасында персонал құрамы үнемі өзгеріп отырады. Бұл өзгерісті кадрлар айналымы деп атайды. Кадрлар айналымының шамасы барлық жұмыстан шығып кеткен адамдар санының босату бойынша айналым) немесе барлық қабылданғандардың (қабылдау бойынша айналым) белгілі мерзімде осы уақыттағы жұмыс істейтіндердің орташа тізімдік санына қатынасымен анықталады.
Персонал санының өзгерісін сипаттау үшін кадрлардың ауысымдылық көрсеткіші қолданылады. Ол қабылданғандардың немесе ұйымнан босатылғандар санының аз шамасы берілген уақыт мерзіміндегі орташа тізімдік санына қатынасының пайызбен өрнектелген түрімен анықталады.
Еңбек ұжымының тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіш кадрлар ағымы болып табылады. Ол белгілі мерзімдегі жұмыстан босатылғандар санының осы мерзімдегі жұмыскерлердің орташа тізімдік санына қатынасымен анықталады.
Персоналға қажеттілікті жоспарлау кадрлық жоспарлау процесінің бастапқы сатысы болып табылады. Ол нақты және жоспарланған жұмыс орындары, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу жоспары, штаттық кесте және бос орындарды толтыру жоспарлары туралы мәліметтерге негізделеді.
Әрбір нақты жағдайда персоналға қажеттілікті анықтауда сол бөлімдердің жетекшілерінің қатысуы қажетті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет