Реферат пәні: Арнайы психология


Ақыл-ой кемістігі клиникалық белгілеріне



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі31,03 Kb.
#95731
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат

2.2 Ақыл-ой кемістігі клиникалық белгілеріне байланысты оның үш дәрежесін ажыратады: дебил (миақы, мешеулік, әлсіз, қауқарсыздық),
имбецил (милау, өз бетінше өмір сүре алмайды) және идиотия (мәңгүрт,нақұрыс).
Дебилдік дәреже (миақы, қауқарсыздық) – (латын тілінен “debilis”-әлсіз, қуатсыз) олигофренияның жеңіл дәрежесі. Дебилдердің интеллектуалдық коэффициенті (IQ) 50-70-ті құрайды. Ересек дебилдердің психологиялық дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Дебилдердің интеллектуалды дамуының зақымдалу деңгейіне байланысты: орташа, жеңіл және ауыр түрлері анықталған.
Мешеулік ерте балалық шақтан біліне бастайды. Бұл балалар бастарын ұстауды, отыру, жүру және сөйлеуді өте кеш бастайды. Балалық шақта сөз қоры жетілмеген, қысқа болады. Бірақ, жылдар өте, егер дебилдік жеңіл түрінде болса және асқынбаса, көп нәрсеге үйренеді және психикалық жетіспеушіліктері азая бастайды. Дебилдіктің жеңіл түрінде
балалардың сөздік қоры жеткілікті, олар жалпы мектепте де оқи алады, бірақ мәліметтерді ұғыну оларға қиын болады, әсіресе математика амалдарын игере алмайды. Дебилдер қарапайым еңбекпен ғана шұғылдана алады.
Дебил балалардың танымдық әрекетінің бұзылуы қиын түсініктерді талдап, қорытуға қабілетсіз екендігін көрсетеді. Олар маңызды, басты істі жалпыдан айыра алмайды; абстракты ойлауы нашар дамыған немесе мүлдем жоқ; нақты-жазылу, көрнекі құралдар арқылы ғана қабылданатын нәтижесіз ойлау басым болады. Бірақ кейбір балалар интеллектісінің
жетіспеушілігіне қарамастан, көп нәрсені аңдамай (механикалық түрде) жаттап алумен, еліктеушілікпен кемістіктерін аз да болса толықтырып, жеңілдетеді. Бірақ оларда инициатива, өз бетінше шешім қабылдау байқалмайды, барлық психикалық үдерістерде селсоқтық, енжарлық, мән бермеушілік байқалады.
Дебилдер өз беттерінше өмір сүруге бейім, бірақ көбіне басшылық пен қолдауды қажет етеді, тек айтқанды ғана істейді. Олар өз-өздеріне қарапайым қызмет көрсете алады, интеллектуалды іскерлікті қажет етпейтін жерде белгілі, қарапайым мамандандықты игеруге де қабілеттері жетеді және осы істерімен белгілі мөлшерде интеллектісінің жетіспеу-
шілігін бүркемелейді. Оларда жанұя, бала да болады. Бірақ, жоғарыда айтылғандай, ол балалар тұқым қуалайтын кемақылдылыққа ұшыраған бала болуы да мүмкін.
Имбецил (милау) (латын тілінен “imbecillus” – әлсіз, елеусіз) – бұл психикалық дамудың орташа зақымдануы. Ересек имбецилдің психикалық дамуы салыстырып қарағанда 3-7-жастағы қалыпты дамыған баланың деңгейіне сәйкес. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-50, ауыр имбецилдік кезінде 20-35, ал жеңіл кезінде 35-50. Имбецилдердің барлық психикалық процестері баяу, селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді түсінеді, ал өздерінің сөздік қорлары аз, сөйлеу әрекеті нашар дамыған.
Имбецилдердің сөздік қоры небары 200-300 қарапайым сөздерден құралған. Логикалық ойлау, тұжырымдау және абстракты түсінік – оларға тән емес. Ойлауы өте төмен деңгейде, нақтылық жоқ және тиянақсыз. Кейбір имбециалдерде жақсы механикалық есте сақтау қалыптасуы мүмкін, бірақ олар санау, оқу, оқығанының мағынасын түсінуге және жазуға бейім емес.
Имбецилдердің ортаға бейімделуі үйреншікті, жақсы таныс жағдайда ғана болуы мүмкін. Олар ең оңай жұмыс әдістері – үй жинау, кір жуу, ыдыс жуу немесе ең қарапайым өндірістік процестерді еліктеу әрекеті арқасында ғана үйренуге қабілетті. Олар ынтасыз, бір әрекеттен екіншіге әзер ауысады, сондықтан еркін әрекеттенуге қабылетсіз, олардың эмоцио-
налды реакциялары өте әлсіз және бірыңғай.

Имбецил дәрежесіндегі кемақыл балалар үздіксіз қамқорлықпен арнайы бақылауды қажет етеді. Олар еркін өмір сүруге бейімделмеген. Жағдайдың аз-кем өзгеруі имбецилді тығырыққа тіреп, олар таныс емес жағдайда сасқалақтап, мүшкіл және өте жәрдемсіз болып қалады.


Идиотия (мәңгүрт, нақұрыс) – (латын тілінен „idiotea” – тұрпайылық) – олигофренияның ең ауыр дәрежесі, оның да ауыр және жеңілдеу түрлері болады. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-дан төмен. Идиотия дәрежесіндегі ересектердің психикалық дамуы 3 жасқа жетпеген баланың деңгейінде қалады, олар қорғансыз, көрсетілген көмекті
қабылдай алмайды және үнемі бақылау мен күтімді қажет етеді. Идиотия дәрежесіндегі кемақылдар қоршаған ортаға, айналасына көңіл аудармайды, олар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен ажырата алмайды. Олар бәрін ауызға апарады және қандай болмасын қолына түскен затты шайнай бастайды.Идиотия дәрежесіндегі балалар жоғары, биік
немесе аласа, төмен туралы түсініктері, қауіпті сезінбейді, сондықтан әр уақытта жарақаттанып жүреді.
Идиотияның ауыр түрінде сөйлеу қызметі қалыптаспайды, буынға бөлінген дыбыстармен шектеледі. Аурулар өздерін күте алмайды, өз әрекетінше киіне алмайды, кесе, қасық, шанышқыны пайдалануды білмейді, кейбіреулері шайнай да алмайды, сондықтан оларды сұйық тамақпен тамақтандыру керек болады. Кейбіреулері салақ, сұрануды және дәретха-
наны пайдалануды білмейді, бірақ осы жағдайсыздыққа қарамастан суланған және ластанған киімдерінде ұзақ уақыт қала береді. Білім алуға талпынысы мүлдем жоқ, оларға ең қарапайым ақыл-ой операциялары да түсініксіз. Есте сақтауы дамымаған және өте әлсіз. Кейбіреулері өз туғандарын, шешесін де танымайды. Олардың сезінуі қарапайым және қанағаттануын немесе қанағаттанбауын ашумен, айқайлармен және қозғалу – қимылмен білдіреді. Бұған қоса, оларда ақауды, жарақаттануды ауырсыну сезімі төмен, сондықтан олар ешқандай ауруға мән бермейді. Психиканың күрделі зақымдануы физикалық дамукемістіктерімен әруақытта қосарлана білінеді.
Идиотия дәрежесіндегі балаларды үйде бағып-қағу өте қиын және оларды негізінен психохрониктерге арналған арнайы емдеу мекемелеріне орналастырады.
2.3 Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың дамуындағы тәрбиелеу ерекшеліктері
Арнайы мектепте оқушылардың өз бетімен өмір сүруге, әлеуметтік іскерлікке дайындайды. Демек, тәрбие үдерісі тәрбиелеушінің сұраныстарын қанағаттандыруы тиіс. Тәрбие үдерісінде болған жағдайды дұрыс түсінуіне, оқушылардың өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек.
Ақыл-ойы кем оқушы өз бетімен немесе үлкендер көмегімен өзінің тәртібіне дұрыс іскерлікке және айналадағыларға қарым-қатынас, бағалау, үлгілеу жағдайында іске асады. Г.М. Дульнев көрсеткендей, арнайы мектепте оқушының әртүрлі жағдайларға араласуы оның әлеуметтік жетілуінде маңызды шарты болып табылады. Балалар өздерінің жетістіктерімен бағалатынын, беделі жоғарлайтынын тәжірибе үстінде көздерін жеткізеді.
Ақыл-ойы кемістігі бар бүгінгі оқушыны өзіне тұлға ретінде байқатуы үшін оның қандай қасиеттерін тәрбиелеу керек? Ең алдымен, интеллектуалды, физикалық, кәсіби еңбекке деген саналы қатынасы: еңбек дағды мен машықтарын игеру өзгелердің еңбегін құрметтеу; қоғамдық еңбекке араласу, өмірін жоспарлауды қалыптастыру; мамандық таңдауға дайындау.
Осы қасиеттер еңбек оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде тәрбиеленеді. Сонымен қатар, ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды танымдық іскерлікке түрткілерін тудыру, оқуға деген оң қатынасын «мен істей аламын», «мен түсінбеймін», «қолымнан келмейді» деген стереотиптерді жеңу маңызды. Әсіресе құлықтыққа саналы тәртіпке жақсылыққа, айналадағыларды құрметтеу, өзгешелікті жеңуге тәрбиелеуге аса көңіл бөледі.
Мінез-құлықтың білімнің жиналуы сенімділіктің тууына және тұрақты себептердің қалыптасуына үлесін қосады. Ең алдымен оқу үдерісінде мінез-құлықтың ағартушылық арнайы түзету мектептерінде бастауыш сыныптан бастап орта және жоғары сыныпқа дейін жалғасады. Интеллектуалдық кемістіктің болуы нормативтік тәртіптің шешімдерін орындатады, бірақ осы интеллектуалды кемістік әлеуметтік-нормативтік және құқықтық тәртіптің бұзылуының себебі екенін білдірмейді.
Арнайы түзету мектеп оқушысының әлеуметтік және құқықтық тәртіпбі бүкіл оқу аралығында тәрбие жұмысын санасымен анықтайды. Ақыл-ойы артта қалған биологиялық және мәдени дамудың өзара әрекет шешімдерін табу ұстанымы бар баланың даму үдерісін қарастырған, Л.С. Выготский ақыл-ойдың артта қалуының негізгі және қосымша белгілерін бөліп шығарды.
Тәрбие жұмысында оқушының азаматтық тұлғаның сапаларын қалыптастыру маңызды бағытының бірі:
— еліміздің азаматтары негізгі құқықтарын мен міндеттерін сақтауы мен түсініктігі.
құқықтың білімді азаматтың, отбасының негіздерін: еңбек, қылмыстық құқықтарды игеруі.
— мемлекеттік заңдарының өзінің құқықтары мен міндеттердің маңызын түсінуі.
— өзінің іс-әрекеті үшін жауапкершілігін сезіну.
Санитарлық-гигиеналық мәдениет дағдылардың қалыптасу мен денсаулықтың нығаюы, физикалық қалпын жақсарту мақсатында дене шынықтырумен айналысуы тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып келеді. Тәрбие үдерісі толығымен немесе бір бағытының жүзеге асуын ескере отырып, интеллект бұзылыстары бар оқушылардың қандай ерекшеліктері бар екен?
1. Танымдық дамуының бұзылуы, яғни баланың барлық жақтарына дұрыс дербес қарым-қатынасын қиындатады;
2. Жинақтық нақтылау қабілеттердің төмендеуі нақты іскерлікке және сөздердің үйлестірмеушілігіне әкеледі;
3. Эмоционалдық-еріктік сфераның бұзылуы, дербестіктің төмендеуіне, мықты болуға тырысуы, жағымсыз қылықтардың бекітуіне және пайда болуына әкеледі;
4. Өзін-өзі бағалау қажеттілігі болғанымен, ақыл-ойы кем оқушылар өз тәртібіне баға беруде қиналады;
5. Арнайы түзету мектебінің оқушылары лайықты мадақтауға қуанышпен қарайды;
6. Ең алдымен интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, кемістіктің құрылымын білу, біріншілік және екіншілік ауытқушылықпен байланысты көріністерді айыра білу қажет;
7. Жеке дара және типологиялық көріністерді ескеріп, тәрбиелеу үдерісі кезінде оқушыларға деген жеке дара және дифференциалдық ыңғайын табуын жүзеге асыру.
Интеллект бұзылыстары бар оқушылардың еркешеліктері тәрбиелеу үдерісіне әсер етеді.
Осы ерекшеліктер:
– тәрбие – қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы өзара әрекеттесуінің нәтижелі үдерісі;
– тәрбие – көп факторлы сипаттамасы бар, өзгермелі, қозғалмалығымен және динамикалығымен шартталған үдеріс;
– тәрбие үдерісі, педагогикалық тәрбие әсерлену сәттерінен бөлек нәтижелігі, нұсқаулығы мен динамикалығымен ерекшеленеді;
– тәрбие үдерісі – кешенді үдеріс, онда тәрбиелеу әдістері мен формалары, мазмұны, міндеттері мен мақсаттардың бірлігі байқалуы керек;
– тәрбие үдерісі екі жақты сипатқа ие: тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс) және тәрбиеленушіден тәрбиешіге (кері байланыс), түзету мектебінің жүйесінде кешенді байланыс ерекшеленеді – ата-аналардан, мұғалімнен, психологтерден тәрбиешіге және тәрбиешіден тәрбиеленушіге.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет