Реферат сөЖ (тақырып) Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдары


Көшпенді өмір тіршілігіндегі қазақ психологиясы



бет4/8
Дата26.12.2021
өлшемі133,9 Kb.
#105807
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СӨЖ 1 апта реферат

3. Көшпенді өмір тіршілігіндегі қазақ психологиясы

Көшпенді өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетіліп, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қаpaп, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбен тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің өлеңі мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұтымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбакты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды.



Қазақтың психология саласындағы бір докторы. Ол Ақтөбе облысының Шалқар ауданында туған. Еңбек жолын 1934 жылы Ақтөбеде жұмысшы болып бастаған. 1939 жылы Вольскідегі әскери-әуe училищесін бітіреді, соғысқа қатысқан. 1945 жылы Ақтөбедегі темір жол училищесі директорының орынбасарыҚазақстандағы ғылыми психологияның дамуына елеулі үлес қосқандардың бірі – Мәжит Мұқанов. Ол Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын бітіріп (1949), кейіннен Қазақ университетінде психология мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдайды, 1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. Мұнда ол қазақ жауынгерлерінің ұлттық психологиясына, халқымыздың Отан соғысы майданында көрсеткен ерлікбатырлық қимылдарына талдау жасайды. Ол 1953-60 жылдар арасында Алматының шет ел тілдері педагогикалық институтының, 1960-85 жылдары Қазақтың Абай атындағы пединститутының психология кафедрасының меңгерушісі болды. М.Мұқанов 1980 жылы докторлық диссертация қорғап, кешікпей профессор атағын алды. Ол жалпы психологияжас, педагогикалық, этнос психологиясынан жазылған оннан аса жеке еңбектердің авторы.

Ғалымның көп жылдар бойы зерттеуі ақыл-ой, интеллект мәселесін, бұлардың адамның жан дүниесіндегі алатын орнын анықтауға, ойлау әрекетінің мән-жайын ашуға арналған. Автор ақыл-ойдың өрістеп отыруын тарихи-этникалық тұрғыдан зерттеп, әрқилы дәуірдегі адам интеллектісінің дамуы оның өмір сүрген ортасына, тіршілік жағдайы мен әлеуметтік қарым-қатынасына байланысты болып отыратындығын қазақ елі өмірінен алынған нақтылы деректермен дәлелдейді. Мәселен, ол қазақ халқының Қазан төңкерісіне дейінгі өмір тіршілігі мен экономикалық жағдайына, әлеуметтік ортаға байланысты ақыл-ойы мен интеллектісінің дамуындағы бірсыпыра өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасу жолын арнайы жүргізілген тәжірибелер арқылы сипаттайды. Ол халқымыздың ақыл-ойы мен өмір тәжірибесінің жиынтығын ғылымда продуктивті және рефлексия (ой жүйелілігі) деп аталатын ғылыми атаулар төңірегінен іздестіреді. Осы айтылған жан қуатының көріністерінің айтыс өнері мен мақал-мәтелдерде орын алатынын айта келіп, ғалым өзге кісінің жағдайына көңіл аударып, оның ішкі ойын өзіне айтқызбай-ақ алдын-ала білу, яғни ғылыми тілде когнитивтік эмпатия деп аталатын жан қасиетін Сырым батыр мен жас келіншектің арасындағы өткір сөзге құрылған диалог арқылы жақсы көрсетеді. М.Мұқанов сауатсыз адамдардың (тәжірибе қытайдан келген қазақтарға жасалынған. – Қ.Ж.) ойлау қызметінде де рефлексия бар екендігін дәлелдеп, әр халықтың тарихи дамуында айналысқан кәсібі (қазақтар үшін мал шаруашылығы) оның өзіндік ақыл-ой ерекшеліктерінің қалыптасуына елеулі әсер ететіндігін байқаған. Мәселен, тәжірибе жасауға қажет болған жағдайда олардың май шамның орнына тезек отын пайдалануы. Автор оқымаған адамдарда теориялық пікір айту кездеспейді деу қате, өйткені, теорияның төркіні тәжірибеден өрбіп отырады деп түйіндейді. Зерттеуде әр халықтың өмір сүру барысында, тұрмыс-тіршілігінде кездесетін түрлі ырым-жорамалдар әртүрлі заттар мен құбылыстардың түр-түсін, жеке қасиеттерін айыра білудегі кейбір өзіндік ерекшеліктері (бұған жағрапиялық орта, сондай-ақ табиғаттың экологиялық жағдайлары маңызды әсер ететіндігі), адамның өсіп-жетілуіндегі ауызекі сөз бен жазба сөздің ес процесінде тигізетін түрлі ықпалы туралы сөз болады.

М.Мұқанов жүргізген ендігі бір экспериментте оқымаған сауатсыз адамдардың есте сақтау қабілеті күшті болатындығы анықталған. Мәселен, көшпенді ата-бабаларымыздың тыныс-тіршілігінде жазба деректердің болмауы, түрлі ақпарат хабары мөлшерінің аздығы, сезім мүшелерін қосарлай пайдалануы олардың суырыпсалма, шешендік қабілетінің күшті болуы М.Мұқановтың пікірінше ауызекі сөз әлдеқайда көп сақталады, өйткені ол жиі пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет