Реферат тақырыбы : Тәжірибелік сабақтар №4 Қазақстан Республикасының және Ресей бейнелеу өнеріне жаңа буын оқулықтарына және бағдарламарына тереңірек анализдік талдау жасау. Орындаған: Тынымбек д тексерген


XI ғасырда кітап графикасы мен миниатюра өзінің жоғарғы дамуында болды



бет3/4
Дата04.01.2022
өлшемі123,18 Kb.
#109368
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
7 Тәжірибелік сабақ бейнелеу

XI ғасырда кітап графикасы мен миниатюра өзінің жоғарғы дамуында болды. Осы кездегі үлгілер бейнелеу өнерімен шұғылданған оқушылардың суретсалу сауаттылығын меңгергенін байқатады. Бұл кездегі суретті жалпы ұштықпен салу дами отырып, бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесі көшіріп сурет салумен шектелді. Ресейде сурет салу жалпы білім беру пәні ретінде XVIII ғасырдың басында бірінші рет дами бастады.

Сурет жалпы білім беру пәні ретінде кең өріс алып, 1732 жылы Кадет корпусында, 1747 жылы Ғылым академиясы жанындағы гимназияда, 1764 жылы Воскресенск монастыріндегі кішігірім сурет шеберханасында өрбіді.

Осы оқу орындарының бәрі кәсіби –суретшілер дайындауды алға мақсат етіп қойған жоқ, олар өз тәрбиеленушілеріне қарапайым білім беретін мақсатты ұстанды.

1735 жылы неміс және орыс тілінде И.Д. Прейслердің «Негізгі ереже немесе көркем сурет салудағы қысқа жетекшілік» атты сурет туралы оқулық жарық көрді. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосқан Сурет Академиясының суретші-педагогтары А.П. Лосенко және В.К. Шебуев көп еңбек сіңірді.

XIX ғасырдың басында Орыс көркем академиясы Батыс Еуропа көркем академияларының алдыңғы қатарынан орын ала бастады. Орыс көркем академиясының алғашқы түлектерінің бірі-О. А. Кипренский.

XVIII ғасырдың бірінші жартысы мен XIX ғасырда Орыс көркем академиясы сурет мектебінің Ресейдегі ең үздік әдістемелік орталығы болып саналды.

1834 жылы А. П. Сарожниковтың «Сурет салу курсы» атты жалпы білім беретін оқу орындарына арналған алғашқы оқулық жарық көрді. А. П. Сапожников әдістемесінің мақсаты көріністен, яғни тұлғадан қарап сурет салудың негізін қалайды.

1804 жылы училище, гимназияларға орта мектептерде суретпән ретінде қабылданды. 1879 жылы Строганов мектебінде сурет мұғалімдерін даярлайтын курс ашылып, Ресей мектебін бейнелеу өнері маманы бойынша мұғалімдермен қамтамасыз етіп отырды.

Жалпы алғанда, бейнелеу өнеріне сабақ ретінде көңіл аударылуы және оның әсіріесе тәрбиелік мәнінің зерттелуі 1970 жылдардың аяғы, 1980 жылдардың басынан басталды. Мысалы, 1978 жылы Я.Я. Чарнецкийдің «Преемственности в изобразительной деятельности дошкольников и младших школьников как фактор формирования художественных интересов учащихся» атты зерттеуі жарық көрді. Онда балабақша жасындағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық сезімін қалыптастыру жөнінде айтылады. Келесі бір зерттеу жұмысы В. Т. Тихомировтың «Восприятие произведений изобразительного искусства как средство общего и нравственногоразвития младших школьников» /1983/ деп аталады. Бұл жұмыста бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы туралы айтылады. Осы тұрғыдан бұл жұмыс біз зерттеп отырған мәселемен үндесіп жатыр. Тақырыпта көрсетілгендей автор бейнелеу өнері пәніндегі қабылдаудың жалпы тәрбиелік ықпалы мен әсіресе, адамгершілікке тәрбиелеудегі ықпалын тәптіштеп ашуға ден қояды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет