Қорытынды Қорыта келе бухгалтерлік есеп деп – кәсіпорындарды ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатнастардың экономикалық өмірге енуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды.
Бухгалтерлік есеп ерекше бір тілде жүргізіледі. Мысалы, «ұсталымдар», «шығындар», «шығыстар» сөздері бухгалтерлік есепте нақты бір жағдайды қалыптастыру, қолдану және оларды бағалау кезінде қолданылады.
Кәсіпкерліктің кейбір аспектілері тиімді экономикалық шешімдерді қолдану үшін сандық мәліметі жағынан анықталады және тіркеледі.
Кез-келген шаруашылық субектілері шаруашылық процесі кезінде шаруашылық активтері мен міндеттемелері және меншікті капиталда өзгерістерді қалыптастыратын көптеген шаруашылық операциялары мен қызметтерді орындайды.
Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруды қалыптастыру мақсатында ресурстар қолданылады, яғни материалдық және еңбек ресурстары, ғимараттар мен құра-жабдықтар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсетулер. Ресурстар тек өздігінше қалыптаспайды, оларды әрдайым қаржыландыру қажет. Ресурстар ақша қаражаттарына алмасады. Нарықтық экономика жағдайларына байланысты ақша қаражаттары немесе ақша қаражаттарына алмасқан экономикалық ресурстардың белгілі бір қалыптасу көздері болуы қажет. Сонымен, бухгалтерлік есеп – бұл ресурстардың қолдану тиімділігін және шаруашылықтағы басқару процесін сипаттайтын ғылым болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер: Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2