Реферат Тақырыбы: Ертедегі шығыс филосиясы Орындаған: Жаксыбай Жандаулет Тобы: ис 20-1 Тексерген: Анламаслва Ы. Ж



бет3/7
Дата03.04.2022
өлшемі41,79 Kb.
#137728
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ертедегі шығыс философиясы

Ертедегі шығыс философиясы
Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.
Ертедегі Қытайдың философиялық ойлаудың бастапқы негізі Дао термині түсіндіру төңірегінде болды. Бұл терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез келген болмыстың заңнын, ұйымдастыру сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың табиғи жолмен бірге, аспандағы «табиғаттан тыс» күштің әмірін, ғарыштың үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайындағы ілім алғашында бес элементпен тығыз байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол жайындағы түсініктер догматтық сипатқа ие болды.
Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі, негізі. Осыдан кейін «дао – аспан мен жердің түп тамыры», «барлық заттардың анасы» деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін екі бастаманың: қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің, жұбайлардың (инь мен ян) әрекеттесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтарға бөлінуінің, олардың бірігуі мен терістеуінің шиелініскен түрін құрады.
Ертедегі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты туралы мәселе – адам табиғаты жағынан қандай – қайырымды ма әлде мейірімсіз бе? – деген мәселе аса маңызды орын алды. Олар қоғамдық тәрбие мен жеке тәрбие мәселелеріне де үлкен көңіл бөлді. Қытай ойшылдарының алдында философияның негізгі мәселелері мен даму мәселелері кең көлемде және айқын формада қойылмады. Дегенмен, Конфуцийді, Лао- Цзыны идеалистер қатарына, ал Сюнь- Цзы, Хан Фэй, Ван-Чундыт.б. материализмге бейімдер қатарына жатқызуға болады. Лао-Цзы мен Хан Фейдің көзқарастарынан диалектиканың кейбір элементтері байқалады. Ертедегі Үнді философиясына тән негізгі сипат- адамгершілікке, риханикалыққа баса назар аудару. Қазіргі кезде «иоганы» жаттықтыру, денені машықтандыру мағынасында түсіндіру орын алуда. Ертедегі үнді философиясы үшін адамның «өз басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көре білудің зор маңызы болды. Сондай-ақ адамды рухани жағынан жетілдіру мәселесін барлық философиялық пайымдаудың өзегі етіп қою арқылы ертедегі үнді философиясы адам танымға және бай тұрмысқа талпынуымен қатар, терең рухани өмірге, рухани дүниеге де талпынуы тиіс деген талап қойды. Ертедегі үнді философиясына тән екінші бір ерекшелік – онда салт-сана (дәстүрлік) мәдинеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдинет ұстаздың бет-бейнесін (көзқарасын ғана емес) толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-әрекетіне, сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап етеді. Антик заманының философиясы.
Антик заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келді. Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала – Милетте туды. Б.э. дейінгі VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің «алғашқы мәні», «бастамасы» деп қарастыру, қазіргі біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда, тұрпайы, аса қарапайым болғанымен, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фалестің бұл ойын революциялық идея деуге болады, өйткені «бәрі пайда болады» деген пікір бұған дейін үстем болып келген «олимпиялық құдайларды жоққа шығару», яғни, сайып келгенде, мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету, сүйтіп дүниені табиғи тұрғыдан түсіндіру болып табылады. Фалестің шәкірті Анаксимандр (б.э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін «Табиғат туралы» шығармасында баяндап берді. Фалес сияқты, Анаксимандр да философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешт, дүниенің алғашқы негіз бастамасы «апейрон» деген айқынсыз, бейнесіз бір зат (апейрон – шексіз деген ұғымды білдіреді) деп санады. Бұл пікір материаны қазіргіше түсінуге жақын.
Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б.э. д. 585-525 жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы бір тұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, өзінен бұрынғылардың материалистік көзқарасын ілгері дамытты. Дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауа тән қасиет – сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық заттар пайда болды. Ауа, Анаксименнің түсінігінше, сондай-ақ тіршілік пен психикалық құбылыстардың да көзі, бастамасы болып табылады.
Милет қаласы (б.э.д. V ғ.басынада) саяси дербестіктен айырылуға байланысты ондағы философия құлдырап, оның дамуы тоқтады. Бірақ Милет материалистердің ілімі Грецияның басқа қалаларындағы философтарға зор әсерін тигізіп, өз ізбасарларын тапты. Солардың бірі Эфес қаласынан шыққан Гераклит (б.э.д. 530-470жж. шамасы) болды. Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және ақыр соңында отқа айналады.Жан да оттан пайда болады. Жан материалдық, ол ең ылғалы аз, құрғақ от. Дүниені «Логос» басқарады. Біртұтас дүниені, деді ол, ешбір құдай, не ешбірадам жаратқан жоқ,ол бірде жанатын,енді бірде өшіп тұратын, бұрын болған, қазір бар және келешекте бола беретін тірі мәңгі от болып табылады. Гераклит сонымен қатар дүниенің үздіксіз өзгерісте,қозғалыста болатындығын, қозғалыстың қайнар көзі қайшылықта екендігін, қарама-қарсылықтардың өзара бір –біріне өтетіндігін және басқа бірқатар диалектикалық ой-пікірлерді атап көрсетті:»бәрі де қозғалыста, бәрі өткінші»... т.б. деді ол. Қозғалмайтын ешнәрсе жоқ: жылы суиды,ал суық жылиды, ылғалды нәрсе құрғацды, құрғақ ылғалданады. Туу мен жойылу,өмір мен өлім,болмыс пен болмау- міне , бұлар өзара байлнысты,бір – бәріне тәуелді және бір – біріне өтіп отырады. Мұның бәрі диалектикалық ойдың даму тарихына қосылған зор үлес екенінде дау жок. Ертедегі Грецияда сонымен қатар айтарлықтай дамыған идеалистік бағыт та болды. Идеализмнің еңалғашқы негізін салған Пифагор(б.э.д 580 – 500 ж.ж шамасы) болды. Оның пікірінше, барлық заттардың мәні – олардың санында, сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді. Пифагор өз ілімін негіздеу үшін Милет мектебінің материалистік көзқарасын сынға алды. Демек, ертедегі ойшылдардың философиялдық көзқарасында – ақ тек материализм мен диалектиканың ғана емес, сондай – ақ идеализм мен матефизиканың да алғашқы бастамалары, материя мен ойлау дүниелерін қарама – қарсы қою орын алғанын көреміз.
Ертедегі Грецияда материализмнің одан әрі дамуы Демокриттің (б.э.д Y ғ.)есімімен, ол тұжырымдаған материяның атомдық теориясымен тығыз байланысты. Бұл теория бойынша барлық дүниедегінің негізі – сансыз көп атомдарды. Атомистер дүниені әрі қарай бөлінбейтін бөлшектер – көзге көрінбейтін аса ұсақ атомдардың тұратын біртұтас дүние деп түсіндірді. Ол атомдар бос кеңістікте қозғалады («жан – жаққа сенделуде, ұшуда», «түрлі бағытта қозғалыста» болады). Атом мен бос кеңістік – бірден – бір шындық. Кеңістікте қозғалушы атомдар өзара қосыла отырып, түрліше заттарды, денелерді түзеді. Дүниеде бардың бәрі атомдардан тұрады. Адам да атомдардан тұрады, бірақ адамның басқа жануарлардан айырмашылығы сол, онда жан атомдары тән атомдарымен алмаса отырып, айрықша түзіліс құрады.Пифагоршылдар жанды мәңгі өлмейді деп түсінген болса, Демокрит оны өледі деп есептеді, тән өлген кезде жанның атомдары оны тастап шығып, кеңістікке тарап кетеді деп түсінді. Материяның мәңгі қозғалысының ішкі себептерін ашып беретін Демокриттің атомистік теориясын одан әрі дамытқан Эпикур (б.э.д 341-270 ж.ж) болды. Атомдар қозғалысының себебі, деді ол, олардың ішкі қасиеті – ауырлығы. Атомдар түзу сызық бойымен қозғалғанда одан өздігінше қозғалуы жайындағы оның бұл идеясы материализмнің дамуына қосылған үлкен үлес болып табылады.
Демокрит пен Эпикурдың материалистік идеяларын кейіннен ілгері дамытқан ертедегі Рим философы Тит Лукреций Кар (б.э.д 95-55 ж.ж) болды. Лукрецийдің ойынша, әлем уақыт пен кеңістік жағынан шексіз, ал оған енетін дүниелер, оның ішінде Жер де, оны құратын барлық бөлшектер де уақытша өмір сүреді, өткінші. Дүниені құдай жаратты деген түсінікті теріске шығара отырып, Лукреций сонымен қатар адам жаны мәңгі, өлмейді деген діни-идеалистік қағиданы сынады. «Ешнәрсе жоқтан пайда болмайды» деген нақыл сөздің иесі Лукреций. Ертедегілердің стихиялықматериализммін жоғары бағалай отырып, сонымен бірге олардың философиясында идеалистік жеке-дара түсініктер де кездесетінін айтпасқа болмайды. Мәселен, ертедегі ең ірі материалист Демокрит кескіні мәңгі дерлік ерекше атомдардан тұратын құдай бар деп түсінді, себебтілікті механистік тұрғыдан түсіндіруге бейім болып, диалектикаға қайшы келді. Эпикурдың философиясында да құдайды мойындау бар, бірақ ол құдайлар табиғат құбылыстары мен адамның ісіне араласпайды. Жердегі тіршілікке құдайдың қатысы бар екенін теріске шығарған Лукрецийдің философиясында да дүниеде «әйтеуір бір құпия күш» бар екені, ол күш жәй себептілік принціпіне бағынбайтыны айтылады.
Материалистік көзқарасқа қарсы идеализм қалыптасты. Объективтік идеализм ілімдерінің пайда болуына әсерін тигізген алғашқы ірі ойшыл афиндік Сократ (б.э.д. 469-399 жж.) еді. Мүсіншілік кәсіппен айналысқан Сократ өзі жазбаша түрде ештеңе қалдырған жоқ – ол өз ілімін әңгімелесу және пікір таластыру түрінде ауызша баяндады. Сондықтан оның ілімінің мазмұнын шәкірттері мен замандастары, әсіресе шәкірті Платонның т.б. ол жайында қалдырған пікірлерін салыстыру арқылы анықтауға болады. Сократ философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті. Бұл - әсірісе оның сыртқы объективтік дүниені танып –білу мүмкіндігінен бас таруынан айқын көрінді: адамның сезім мүшелерінің танымдық қабілеті шамалы, сондықтан адам өз еркіне көнетін жаны ғана. Сондықтан адам тек жан туралы ғана ақиқат білім ала алады. Танымның басты міндеті - өзін -өзі танып- білу, «өзіңді өзің танып -біл» деген қағида қалдырды, ол философияның негізгі бағыты- идеализм. Сократтың философиясын ілгері дамытқан аса ірі идеалист Платон (б.э.д. 427-347 жж.). Ертедегі грек идеализмі Платонның философиясында тұңғыш рет матерализмге қарама-қарсы дүниегекөзқарас формасында көрінеді. Осы кезден бастап материализм мен идеализм ертедегі грек философиясындағы және бүкіл одан кейінгі философиясындағы өзара қарама-қарсы екі негізгі бағыт болып қалыптасты. Платонның ілімі бойынша, болмыс шын және жалған дүние болып екіге бөлінеді. Шын дүниеге жалпы идеялар- «идеялық мәндер» жатады; ал жеке сезімдік заттар мен құбылыстар идеялар дүниесінің, яғни шын дүниенің көлеңкесі, сәулесі ғана болып табылады, сондықтан олар шындыққа жатпайды.Платон идеялар дүниесін жаратушы құдай дүниесі дей келіп, адам туылғанға дейін оның жаны сол дүниеде болады, ал содан кейін ол жан бұл дүниеге, яғни жер бетіне келіп, уақытша адам денесіне енедіде қайта шығып кете алмай, түтқын сияқты қараңғы өмір сүреді деп санады. Таным дегеніміз, Платонның пікірінше, жанның жерге жеткеніне дейін өткен өмірін еске түсіру болып табылады. Платонның объективтік идеялизмі ойлаудың диалектикалық тәсілімен ұштасып жатты, жеке мен көптің тепе-теңдік пен өзгешеліктің, қозғалыс пен тыныштықтың диалектикасын байқауға болады. Платон зерттеген ұғымдар диалектикасының идеялистік сипатта екеніне қарамастан олар кейінен диалектикалық логиканың дамуында үлкен рөль атқарады. Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) философиялық шығармалары ертедегі Грециядағы философиялық ой- пікірдің даму шыңы болып саналады. Антик дүниесі ғылымның барлық жетістіктерін бойына сіңіре білген Аристотельдің дүние көзқарасынан идеялармен қатар, идеялизмнің де элементтерні кездестіруге болады.
Материаның объективті түрде өмір сүретінін негізге ала отырып, Аристотель оны мәңгі, жоғалып кетпейді және ешкім жаратпаған деп санады. Материя жоқтан пайда бола алмайды, деді ол, сондай-ақ ол саны жағынан көбейе немесе азая алмайды. Бұл оның алғашқы кезде Платон идеялизмін санағандағы еңбектерінде жазылған пікірі. Алайда кейініректегі еңбектерінде ол Платонның идеялар дүниесін негіз ретінде аздап болса да мойындайтын болды. Материя өздігінше әрекетсіз, деді Аристотель, шындықтағы көп түрлі заттардың одан тек пайда болу мүмкіндіктері ғана бар. Бұл мүмкіндіктің шындыққа айналуы үшін материяға тиісті форма беру қажет. Форма деп Аристотель заттан бұрын болатын пәрменді, жасампаз, мүмкіндікті шындыққа айналдыратын факторды түсінді. Форма бір тектес материядан алуан түрлі заттардың пайда болу себебі, құлшынысы мен мақсаты, идеялық бейнесі, ал материя- өздігінше илеуге көнетін қара балшық. Одан алуан түрлі заттар пайда болу үшін «мүсінші» құдай ( немесе ақыл –ой- бастапқы қозғаушы) қажет. Дүниенің негізгі қозғаушы – барлық формалардың формасы – құдай, әлемнің әрі себепшісі, әрі шындығы. Аристотель сөйтіп заттардың формасын олардың өзінен бөліп тастады да, оны Платонның идеялар дүниесі сияқты дербес субстанцияға айналдырды. Бұл идеялизмге жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет